Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет101/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Ауыспалы дақылжүйесі.Көптеген аурулардың инфекциясы өсімдік қалдықтарында, кейбіреулері топырақта ұзақ сақталатындықтан олардың таралуы мен дамуын тежеуде ауыспалы егістің атқаратын рөлі зор.Картопты таза сүрі, көпжылдық шөптер немесе дәнді және дәнді-бұршақ дақылдардан кейін отырғызған жөн. Суармалы жерлерде 5немесе 6-танапты(3 жылкөпжылдық шөп -картоп- картоп), (жартылай сүрі-картоп-қияр-картоп-2-3 жыл көпжылдық шөп), таулы аймақтарда 3- 4 танапты (картоп-асбұршақ-картоп- астық дақылдары)ауыспалы егістер тиімді. Олар арамшөптермен қатар, танаптарды топырақта сақталатын ауру қоздырғыштарының инфекциясынан тазартады.
Агротехникалық және профилактикалық шаралар. Органикалық тыңайтқыш ретінде танапқа толық шіріген қиды (1 гектарға 10-20 тонна)сүдігер жырту алдында ендіру қажет. Азот тыңайтқышын шамадан тыс қолданбау, дақылдың ерекшелігін ескере отырып,бір гектарға 60-100 кг калий ендіру өсімдіктердің ауруға беріктігін арттырады. Отырғызар алдында түйнектерді сұрыптап, аурулардан таза, мөлшері менсырт пішіні біркелкі,сорттың морфологиялық ерекшелігіне сай келетіндерін іріктеу қажет. Тұқымдық түйнектер жарықта 10-150С температурада өркендер көктегенге дейін өсіріледі.Биотехнология тәсілдерін қолдана отырып,отырғызуғавирус ауруларынан толық айықтырылған түйнектерді пайдалану.Картоп тұқымын немесе отырғызуға арналған түйнектерін оңтүстік пен оңтүстік шығыс және шығыс өңірлерде ауа-райыдақылды өсіруге қолайлы таулы, ал солтүстікте –орманды-дала аймақтарында өсіру. Түйнектерді топырақ температурасы 15-200 С қызған кезде отырғызу. Суармалы жерлерде картопты мезгілінде, әсіресе шанақтанып- гүлдеу және түйнектердің өсу кезеңінде 2-3 рет суғару қажет.
Түйнектерді зарарсыздандыру. Картоптың біраз ауруларының қоздырғыштары отырғызуға пайдаланылатын түйнектер арқылы таралады және топырақта сақталады.Осыны ескере отырып, оларды отырғызар алдында немесе 2-3 тәулік бұрын фундазол, 50 % с.ұ.(1,0 л/т), фенорам, 70% с.ұ. (2,0 кг/т) , максим 025 с.к. (0,3-0,7л/т) немесе жанамалы әсерлі(ТМТД, 40% 2,5- 3 л/т)препараттарының бірімен дәрілеу.Бұл препараттар өскіндерді фузариоз, вертициллез, фитофтороз, ризоктониоз, альтернариоз сияқты саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардан қорғайды, өсуіне оң әсер етеді. Картоп түйнектерін «шайтан сыпыртқысы» деп аталатын микоплазма және вирус ауруларынан айықтыру үшін 360 С температурада 6 тәулік бойы қыздыру ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет