Ойшылдардың қоғамға, мемлекетке әлеуметтік-философиялық көзқарастары (антикалықтан қазіргі заманға дейін) тақырыбына кесте жасау және толтыру



бет2/3
Дата13.02.2022
өлшемі20,65 Kb.
#131643
1   2   3
Байланысты:
12 сроп Амангелды Сырым

Қоғамның типтері

Оның сипаттамасы

Дәстүрлі (аграрлық)



Дәстүрлі қоғам деп аграрлық қоғамды айтады. Қазіргі біздің түсінігімізде дәстүрлі қоғам қарапайым және артта қалған қоғам түрі. Шындығында бұл қоғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен, адамдардың қажеттілігі минималды деңгейде ғана қанағаттандырылады, жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға алынады, салт-дәстүр, нормалар және әлеуметтік институттармен шектеледі.

Индустриялды

Индустриалдық қоғам- «дәстүрлі», «аграрлық» және т.б. аз дамыған қоғамдармен салыстырғанда қазір«дамыған» қоғамдардың тенденциялары мен ерекшеліктерін білдіретін ұғым. Бұл терминді француз философы, ойшылы А.Сен-Симонға телиді (жатқызады).

Постиндустриялды

Постиндустриалдық қоғам - экономикалык дамыған елдердің «индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминде аталмыш қоғамның кызмет көрсету экономикасын калыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басымдылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белтілер қалыптастырған.

Ақпараттық қоғам

Ақпараттық қоғам – өндіріс пенғылыми - техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам.

Ашық қоғам

мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым.

Жабық қоғам

догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, «ашық» қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады.

Философиядағы мәдениеттің концепциялары мен анықтамаларының алуан түрлілігі» кестесін құру және толтыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет