Көк тамырга Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өліеттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Бұлшық ет Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дэрілік ерітіндіні енгізу.
Қолданылу көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет үлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакңиялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сырткы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит АИТВ, аллергиялық реакңиялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприцті, инъекңияга арналган иненін ұзындыгы 40-60 мм, қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.