Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп коймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымызлын ақиқаттығына күмән туғызады


Банктердің мәні және қызметтері[өңдеу]



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі49,86 Kb.
#79313
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Банктердің мәні және қызметтері[өңдеу]


Банк жүйесінің, маңызды элементі — банктер болып табылады.
Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;

  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

  • аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;

  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

  • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  • клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;

  • сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

  • төлем карточкаларын шығару;

  • банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;

  • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

  • чек кітапшаларын шығару;

  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

  • ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

  • үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.[3]

Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер Төлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық Мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің кызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады; Банктер аркылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай Жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан карау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң, емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс саласы түсінілген. Бірақ экономиканын, басқада буындарына«кәсіпорын» деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге «банк — бұл кәсіпорын» деп айту, өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүктеқоюға тиіс емеспіз, себебі «кәсіпорын» — бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауытта емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан езара ажыратылатыны, оның қызметінін, өндіріс саласы емес, айналыс және айырбас саласында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс сапасының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше,ягни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті — «несиелік мекеме» деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтықемес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте «коммерциялық банк» — бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет