Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы



бет2/5
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7000
1   2   3   4   5

Міне, осыдан-ақ ертедегі қазақтардың бүгінгі белдеулік сағат өлшемін білгенін анық байқауға болмайды. «Уақыты мен сағат кезі» – деп отырғаны да уақыт пен кеңістіктің арасындағы бірлік. Ұмытшақтың тоғыз ұлы мен бәйбішенің тоғыз қызының үлкендерінің алды, кәдімгі жас мөлшерімен есептесек, кем дегенде қырық жаста. Ал мұны «уақыты мен сағат кезініњ» келуіне қарасаң тура ѓарыштыќ (космостық) уақыт болып шығады. Бұл арада баяндаушы тыңдаушыны алдағы болатын оқиғаға дайындап отыр. Мүмкін, «уақыт пен сағаттың кезін» біз білмесек те, ертеде олардың µз өлшемі болған да шығар, кім білсін. Ал дәл осы арада ертегі айтушы тыңдаушының назарын «салыстырмалы уақытқа» аударып, Бәйтеректің – Мықан ағашының басына шығып өткен заманды, келешек күндердің көшін көрген Ертөстіктің іс әрекетіне желі тартқан. «Уақыт пен саѓаттыњ» кезін келтірген. Өкініштісі, Мәшһүр-Жүсіп нұсқасының аяғы жоғалып кеткендіктен де ертегідегі уақыт пен кеңістіктің бірлігі мен «кезінің» арақатынасы мен жікарасын білу мүмкіндігінен айырылып ќалдыќ. «Ертөстіктің» үшінші бір қысқа нұсқасында осы оқиғаның жаңғырығы сақталған.


«Ертөстік» ертегісінің үш нұсқасы бір-бірін толықтыра отырып, әлемдік сана, әлемдік көркем сана, әлемдік көркем көзқарас түйсіктерін қамтитын эпикалық әсіреәфсана (миф) деңгейіне көтерілген. Бұл ертегідегі жер мен аспанның, жер үсті мен жер асты дүниесінің, ықылымнан бұрынғы «көшпелі дүниенің» кіндігін байлаған Мықан ағашының өзі де үшеу. «Есік алдындағы шоқ бәйтерек (сағым дүние), жер астындағы бәйтерек, жер бетіндегі жасаратын бәйтерек. Мұның өзі үш дүниедегі фәни мен бақидың, кеңістік пен уақыттың белгісі болып табылады. Ал, «Ертөстіктегі» эпикалық мифтік сана мен түйсіктің шексіздігі сондай, осы үш дүниенің өзі бір ықылымның (эпоха) – мифологиялық ғарыштыќ уақыттың аясында қарастырылады. Сондықтан да ондағы әсірелеу де асқан асқаќ поэзиялық сыпатқа ие.

Ал осындай шалқар шабытты түйсікті Ћаққа жетелеген ақиқат шындық - Ертөстіктің: ұл-қыз, жігіт-келіншек, шал-кемпір боп қатар-қатар тізіліп, думандатып кетіп бара жатқан «көш-керуенді» - өтіп бара жатқан «дүниенің гүлі – саѓым дүниені» қуып жете алмайтындығын мойындауы. Осыдан барып «көшпелі дүние», «өтпелі дүние», Жерұйық, Жидесібайсын туралы заманауилық әфсаналар туындаған. Тіпті ќазекењ µзініњ мифтік-мистикалыќ єсіреєфсаналарында «көшпелі дүниені» жерге қондырып, «кµшпелі д‰ниеніњ ќыздарын қолға түсіртіп, қойынға жатқызып, ұрпақ та сүйгізіп қояды. Бұл - әсіреәфсананың түйсіксіз көркем санадан ажыраѓан, түйсік тудырған көркем қиялдың, ақиқат арманының «сана гүлі».

«Көшпелі дүние» туралы әсіреәфсаналық түйсік «Еділ мен Жайықтың құдандаласуы» ертегісінде әсіреәфсаналық мазмұнға ұласады. Көшпелілердің тіршілігіне орай өмірге ертегіде самұрықтың орнын - пырақ, ұшқыр ат, тұлпар ауыстырады. Еділге «сүбелігінде артқа қарай біткен бір қанатын суға, бір қанатын сүтке малып» суитын ат бітеді. Оңаша отаудағы ат оқыстан өліп, құсаланған күйеу баласына Жайық өз атын силап, бір түнде ауылына барып қайтуын, жолда көргенін келген соң айтып беруін өтінеді. К‰йеу бала атасының аманатын орындайды. Бара жатқанда ештеңе көрмейді. Қайтарында: жапан түзде қосақтаған көп қойды қанша емсе де тоймай қаќтап жүрген бір жетімек қозы көреді. Одан шығып ми даладағы иен отауға кезігеді. Ііші толған сасыған өлімтік екен. Одан өтіп бір топ қыз келіншекті көреді, қанша қуса да қыз керуенге жете алмайды. Мұны естіген Жайық: «- Балам, жапан түздегі көп саулық – халық. Оны тоймай еміп жатқан әкімдер. Халықты қанша сорса да тоймайды. Ақ отау – күнделікті тіршілік және біз – адамдармыз. Сыртымыз – отаудай әдемі, ішіміз – арам. Ал, қыз-келіншек керуені - мақсатың. Бұл мақсатың саған жеткізбейді екен»- дейді. Айтқанындай Еділдің ќалыњдыѓы к‰ткен қызығына жеткізбей дүниеден қайтады (сонда, 3-том, 49 бет). Ќос қанатты пырағы өлген соң арман - дүние Еділге жеткізбейді. Өйткені, әсіреєфсаналық шарттар толық емес. Бәйтерек, «ақ су», самұрық – пырақ жоқ. Бұл үшеуінсіз арманының орындалмайтынын жолда көрген елес - түсі арқылы ишара етеді.

«Көшпелі дүние» туралы әсіреәфсананың өмірлік арман – дүниеге айналуы «Қарамерген» мен «Мамай батырдың арманы» атты ертегілерде де баяндалады. Мұндағы киелі нысана – жер ортасы Көктөбе. Көшпелі дүние сол жапан даладағы Көктөбеге келіп қонады. Әсіреәфсаналар мен эпостарда кейіпкер Көктөбеге (Көкшоқы, Жалғыз тау, Құбажон т.б.) шыѓып көшпелі өмірді көреді, не сол араға жерленеді («Жалғыз жігіт ұрпақтары», сонда, 3- том, 187-бет). Көктөбенің бауырында бәйтерек, бұлақ болмаса кейіпкер жазымға ұшырайды. Өйткені ол арада тіршіліктің тамыры мен нәрі жоқ. Құба мерген де, Мамай да «көшпелі дүниені көріп», қыз-келіншектің ортасында күліп-ойнап, дайын үйде, дайын төсекте сұлу қызбен оңаша қалады. Қыздар: «Біз көшпелі дүниеден боламыз. Адамзат аяғы баспайтын жерде жүреміз. Он сегіз мың ғаламда адамзаттан қасиетті нәрсе жоқ. Егер бізді қапыда адамзат баласы көре қалса, соған қыз береді. Тек жігіт таң атқанша мызғымауы керек. Мызғып кетсе – біз сендерге мәңгі жоқпыз» – дейді. Құламерген де, Мамай да қалғып кетіп, жанбасындағы бөстегін сипап қалады. Бір жылдан кейін Жалғызтауға қайта барғанда «аспаннан қыздың дауысы естіліп», ішінде ұл құндақталған алтын бесік түседі. Ал бұған да қолы жетпеген Мамай Құбажонда, Шыњырау құдықтың басында ұрпақ қалдыру үшін кездескен қыздың шартын орындай алмай, «көрпесін сипап қалады:- Бұл – арман ба, жоқ па? Арман болса, міне, мені қартайтқан осы арман»–дүние - деп өкінеді Мамай батыр (сонда, 255-бет). Өйткені, ұрпақ ұйытатын кіндік ағаш – Ќұбажонда жоқ. Сондықтан да тіршіліктің тамыры да ұйымайды. Яғни, Жерұйық та, Жидебайсын да, Құбажон да, Көктөбе де – Мықан ағашынсыз тіршілікті тоқтата алмайды. Ол жай ѓана тұрақсыз «көшпелі дүниенің» сағымы қонған сары бел ғана болып қалады. Арысы «арман - дүниенің» тұғырығы ғана болмақ.



«Көшпелі дүние» деген дүние туралы «Еділ – Жайық» пен «Сарымерген» ертегісінде шынайы өмірлік оқиға деңгейіне жеткізіліп, сендіре баяндалады. «Түпкі тегі қыпшақ Еділ – Жайық деген ағайынды адам бопты. Мерген бір күні «Құлан суаттың» басына кеп түнеп жатса, түнде бұлақтың арғы бетіне бір ел келіп қонып жатады. Малы ылғи құлан. Уық, кереге, шаңырақ – бәрі алтын мен күміс. Киіз орнына ұстағаны – ылғи жібек пен торғын. Қазықтары алтыннан, тоқпақтары – күмістен, желі арқаны жібектен. Шатырлатып құланның қодығын байлап жатыр» екен (Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары.5-том, 48-бет). Есі шыққан қу жарғақ Жайық аңқиып қарап тұрғанда бір келіншек сылаң етіп жетіп келіп: - Жезде амансыз ба? - деп шатырға ертіп барады. Ай десе – аузы бар, күн десе - көзі бар, бір қасық сумен жұтып қойғандай сұлу қызды оң жағына отырғызады. Жайықты қымыздатады. Қыздырады. Қызығына қандырады. «Көрген дәурені – бар өміріне татырлық дәурен болады». Осынау таңғажайыптың өзінен маужырай бастаған қу жарғақ Жайыққа қыз:

  • Ұйықтай көрмеңіз. Бір күнгі ұйқыға менің татымағаным ба? Осы түн ұйықтамаңыз. Сонда осы тігулі шатыр, салулы төсек, мына отырған мен – басыбайлы Сіздікі боламын. Егер ұйықтап кетсеңіз: Сіз - маған, мен – сізге жоқ боламын. Жарық дүние екеуімізге арам болады. Мен анау елде ешкімге тие алмаймын. Байы өлген қатындай бетім жаралы, басым қаралы күйінде қаламын. Бұл жүргендер «көшпелі дүние» – деген дүние. Жан көрінсе, көрінбеген бойымен көрінбей кµше береді. Егер жазатайым өздерін бір жан көріп қалса, өстіп сылап-сипап, жалынып-жалпайып бір қыз беріп құтылып кетеді. Сен бұрын көріп қалдың. Сол себептен жалпақтап жатыр. Өзіңізді де мені де аяңыз – дейді жалынып.

Жайыќ уағда бергенімен қымыз бен қыздың буы масайтып, ұйықтап қалады. Ояна келсе арқасындағы төсеніш, атын арқандаған жібек арқан мен алтын қазық қана қалыпты. Өкінеді. Бір жыл «Ќұлан суатын» күзетеді. Жыл толғанда құланға мінген қара киімді әйел кеп: «Міне, Жайық балаң!» - деп шүмегі алтын, түбегі күміс бесіктегі баланы тастап кетіпті. Баланың атын Құлан қойыпты, Құлан қыпшақ содан тарапты - мыс (Мәшһүр Жүсіп, сонда, 48 - 49 беттер).

Мұндағы суат - өзен, өтпелі өмір. Сағым - көшпелі өмір. Алтын қазық пен жібек арқан – Жайықты осы дүниеде ұстап тұрған өмір жібі, яғни, дымын құртқан ынтызар да ынтық, бірақ қолына түспейтін Құртқа ол. «Жарық дүние» - көрген түс сияқты. Ол бір үзілсе өмір сәулесі қайта жалғанбайды. Сондықтан да қалғып кетуге болмайды. Ұйықтап қалсаң - өлгенің. Ал бұл жолы «қу жарғақ Жайықты» астындағы бөстегі (жердің беті), жібек арқан мен алтын қазық «көшпелі дүниемен» бірге мәңгілікке ертіп жібермей, оны осы фәниде алып қалды. Яғни, көшпелі дүние – кеңістік, фәни дүние – уақыт. Жайықты өмірге – «алтын қазыққа» байлаған «жалғанның жібек жібі» ұстап қалды. Ал суат - өтіп жатқан өмір. Қыз - бір түнгі қызық.

Мәңгілік өмір иесі Мықан ағашы мен «көшпелі дүние» пәлсафасы оқымысты, «дүниенің сырын ғылым арқылы білген» (Абай) Мәшһүр-Жүсіпті де ұзақ толғандырса керек. Тура осы «көшпелі дүние» философиясына «Сарыбас мерген» мен «¦йқының әлегі» (Сарыбастың екінші бір әңгімесі) атты хихаятында қайыра оралып, жаңа оқиға арқылы дамытады. Сарыбас мергеннің тек аңшыға тән тартымды да «шын» әңгімесін тыңдап отырып, «зариф» атты жұмбақ аң мен қоса өзін аңдыған үш жезтырнақты өлтіреді. Ең соңғысы шешесі екен. Ол жаралы күйінде белгісіз және шетсіз де шексіз бір үңгірге кіріп, соның түбінде бүк түсіп жатады. Сөйтсе, бұл бүкіл қазақ армандап іздеп, Асан қайғыны қияли еткен Жерұйық екен!


  • Құдай жаратқан асыл қазына осы үңгірде түгел. Мұның бәрін қопарамын деме, өзің көтергенше алып кет. «Жерұйық» - деген осы. Енді қайта айналсаң саған бұл дүние жоқ! – дейді де жезтырнақтың аруанасы жантәсілім етеді.

Әдетте, қазақ ертегілерінің денінде мұндай алып үңгірдің түбінен алтын сандық (қазына) табылатын, сандықтың үстінде алтын жемісті, күміс бұтақты мәңгілік ағаш – Мықан ағашы қондырулы тұратын. Дүниенің алтын сандығыныњ үстінде отырып, бір қолмен оның тұтқасынан, бір қолмен ағаштың күміс бұтағынан ұстап тұрып, көзін жұмып, өзінің көңілі қалаған жеріне әлгі қазыналы дүниені көшіре қоятын. Яѓни, кейіпкер бір кењстіктен екінші кеңістікке емін-еркін ауысады. Кейде өз еліне, кейде жапандағы бұлақтың басына, кейде бақшаның ішіне жаңағы алтын жемісті, күміс бұтақты ағашты көшіре қояды. Оныњ астындағы тұғыры, міндетті түрде, алтын сандық болады. Күміс мүйізді, күміс тұяқты бұғы не елік алтын табақта тынбай билеп тұрады. Әрине, бұлбұл да сайрайды. Кеңістік аңсаған қыр қазағы үшін - алтын сандық - көшпелі дүниенің нысаны. Оның үстінде күміспен күптелген, алтынмен апталған мәңгілік өмір иесі – Мықан ағашы µсіп тұрғандықтан да қазына көшпейді, орнында тұрады. Билеп тұрған күміс мүйізді, күміс тұяқты бұғы не елік – шыр айналған уақыттың белгісі. Ол тоқтаса ертегі де аяқталмақ. Сол үшін де арман иесі Жерұйықты аңсап, күн астындағы Күнекейді іздеп шығады. Ал сайраған бұлбұл - өтпелі өмір қызығы. Ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» Бозторғай сияқты Бәйтеректің бір бұтағынан екінші бұтағына қонып, адамның шыбын жанының кейпінде мәңгілік шырылдап µтеді. Бәйтеректің саясында ғана ол тірі. Ағаштың аясынан алыстап кетсе-ақ оның үні өшпек, өмірдің мәңгілік күйі үзілмек. Қазақтың мәңгілік күй туралы аңыз-жырының ішінде (міндетті түрде) бозторғайдың шырылдап жүруі де сол дүние салтанаты.

Сарыбас мерген де қу жарғақ Жайық сияқты Жерұйыққа жетіп тұрып, «көшпелі дүниеден» көз жазып қалады. «Көргендерінің өзі арман болды. Жұрт аңыз қылысты: «Бұ да бір көшпелі дүние екен». «Көшпелі дүние» – деген бір жерде тоқтап тұрмайды. Бүгін көрсең ертең жоқ деуші еді» - десті. Қу жарғақ Жарықтың да, Сарыбас мергеннің де айырылып қалғаны, олар көрген бұлақтың басы мен үңгірдің түбінде не бәйтерек, не күміс бұтақты ағаш – Мықан ағашы жоқ. Демек, ол екеуі көрген өмір – айнымалы, тұрақсыз, елес дүние, нағыз мәңгілік өмір емес. Өйткені, «көшпелі өмірді» нақты өмірге байлайтын уақыт – Мықан ағашыныњ тамыры жоқ. Сондықтан да Жиделібайсын да (Мықан ағашы деп те түсінуіңізге болады), Жерұйық та – арманмен ұштасқан алыс кеңістік әлемі. «Көшпелі дүниедегі жалғанның жарық сәулесінің арам» екеніне оқымысты Мәшһүр-Жүсіптің өзі де: «Құлақ естігенді көз көрмек. Талай Жерұйық болғандар қайда кетті? Көшпелі дүние екені өтірік пе? Опасыз жалған екені өтірік пе? - деп (сонда, 6 т., 52 б.) өкінеді.

Шындығында да ұлы даланы мекен еткен көшпелілердің мәңгілік аңсарының өзі – осы Мықан ағашының саясындағы ¤түкенді, Жиделібайсынды, Жерұйықты мекен еткен «Мәңгілік ел» емес пе еді?! Сол ойсоқты аңсарды «мәңгілік аңсарға» ұластырып, Бәйтеректің басына шығып, ертеңгі заманның елесін көрген Ертөстіктің керуен-көшінің ішінен өздерін іздеген. Демек, көшпелілердің көңілінің өзі - бастауы, тұрақтауы, тосылуы жоқ мәңгілік қозғалыстағы шексіз әлеммен шектесіп жатыр. Отырықшылықтың өзі ол үшін тоспалы су сияқты тұйық, қоршауда қалғандық, денесін топ басып, сал тартқан сияқты көрінбек. Олар саялайтын мәңгілік тұрақ - Мықан ағашының саясы Жиделібайсын. Одан басқа нүктеге қазақтың көзі де, көңілі де тоқтамайды. Тек топырақ қана жалғаннан жанарыңды жасыра алады. Қазақтың қатты көңілі қалған Бекежан сияќты қарақшыға: «Ќұм құйылсын көзіңе» – деп қарғайтыны да сондықтан.

Көзіне құм құйылған адам Мықан ағашын да көре алмайды. Уақыт та, кеңістік те ол үшін мәңгі жабық. Демек, өмір иесі емес, атаусыз кеткен бір пенде боп мәңгілік ұмтылмақ. Ал көшпелілер әлемі үшін бұл ең тұйық та қапалы тылсым. Оның жаны о дүниеде де кеңістікте еркін ұшып жүруі тиіс. Тым құрығанда бақи ғұмырдың өзінде де Мықан ағашының саясында «бозторғай боп шырылдап» жүргісі келеді. «Шыбын жан қайда барып тұрақтайсың» деп (Кенен) µсиет-аманатына да қосады.

Зады, «өтпелі дүние», «жалған дүние», «көшпелі дүние», «фани – жалған» деген ұғымдар ғаламдық кеңістіктер ауысып, жарық дүниеге өзгеріс енген есте жоқ екі заманда, топан су қаптаған тұста да адамның санасында сақталып қалса керек. Сол оқымысты әулие Мәшһүр-Жүсіп қағазға түсірген «Нұқ пайғамбар мен бір кемпір» атты аңыз әңгімеде кеңістік пен уақыттың бір орынынан өзгермей қатып қалғаны туралы әфсана бар. Дүниені топан суы басатыны ғайыптан мазлұм болып, Нұқ пайғамбар кемесін жасай бастайды. Бір кемпір жиырма жыл бойы жалғыз сиырының сүтін Нұққа әкеп беріп, су тасығанда сиыры мен өзін кемесіне отырғызуды өтінеді. Топан су басталғанда пайғамбар кемпірді ұмытып кетеді. Жер жаһанды алты ай, он күн бойы топан суы басып жатып, кері қайтады. Құрғақшылық орнайды. Сонда әлгі кемпір жерге оралған Нұқ пайғамбардың алдынан шығып:


  • Шырағым, су тасығанда мені, менің жалғыз сиырымды кемеңе отырғыза көр, – деп тағы да сүтін әкеп тұр дейді.

Сөйтсе, «ықыласы зор, жүрегі шын» кемпір байғұс «сиырын сауып, қатығын ұйытып болған соң ұйықтап қалыпты. Сол арада топан суы қаптап, қайта құрғаққа айналып үлгеріпті. Яғни, жер-жаһан, адамзат, сана ауысып кеткен. Тек мейірімді, шапаѓатты жан иесі кемпірге тиісілі уақыт та, кеңістік те өзгермеген. Бір Алланың шапағатымен сиыры екеуі топан судан аман-есен қалған. Олар үшін заманалардың өзі «бір ұйқылыќ» қана мерзім. Демек, «мәңгілік өмір» сарыны сахабалар мен әнбиелердің де санасына сәуле түсірген. Әрине, мұның барлығын салыстырмалы, шартты уақыт пен кеңістік, мистикалық мифтік сарын деп бағалауға болар. Бірақ сол екеуінің ортасындағы өмір - шындық. Оны жоққа шығара алмайсыз. Өмір өлсе, яғни, кемпір мен оның сиыры топан судан тірі қалмаса, онда аңыз да, әфсана да, көркем қиял да жоқ. Көркем қиялдан ажыраған өмір - өліммен тең. Тек ойсыздық басталады. Ал ойсыздыќ, санасыздық, соқыр рух - жарық дүниенің емес, бақидың, мәңгілік қараңғылықтың еншісі.

Ондай топас, тылсым, сәулесіз бақиға біздің құштарлығымыз жоқ, құлқымыз да аумайды. Ол аңсарлы арманнан, Жиделібайсыннан, Мықан ағашының саясынан тыс аят сүресі. Жаратқанның не жағы қарысқырдың еншісі. Біздің ындынымызды сусатар сусын - мәңгілік өмір аңсары.

Міне, дүниенің кіндік ағашы – Мықанның «саѓым д‰ние», !кµшпелі д‰ние», «арман д‰ние» туралы әсіреәфсаналық көркем жүйесі осындай.


Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет