Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы


Ѓарыштың тап астында бір ағаш бар –



бет5/5
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7000
1   2   3   4   5

Ѓарыштың тап астында бір ағаш бар –


деп ескертіп алады да ойын әрі қарай сабақтайды.

Өмір мен өлім, фәни мен бақи арасындағы уақыт пен кеңістіктің бәрін сиратул көпірі арқылы өткізіп, Рухтың қолы хор қызына жетер тұста оқымысты ақын Мықан ағашыныњ келбетін:

Пейіште тәуба ағашы, жапырағы зор,

Болғанда түбі – аспанда, басы төмен.

Иіліп жерге қарай салбырап тұр.

...Мысалы күн секілді көрінісі,

Саны жоқ, балдан тәтті көп жемісі.

Салбырап аспан көктен мәуеленіп,

Сонымен сегіз пейіш толған іші.

Үн қатар шулап ағаш түрлі күйін,

Сипатын тамамдауға жетпес зейін.

Түрлі дәм жемісінде бар-ды ләззат,


Пейіштің тамамлаған түгел үйін,-

деп (сонда, 6 т., 301-б) тамылжыта суреттейді.

Әрине, бұл діни аңсар мен әфсана. Бұл: төңкерілген ағаш – төңкерілген өмір – дегенді білдіретін эвенкілердің тәңірлік әфсанасының исламдық көркем жүйеге бейімделген жаңғырығы болуы ғажап емес. Ќалай дегенмен де Апырасиаб пен Ертµстік, Қорқыт пен Асан қайғы аңсаған мәңгілік бақыт кеңістігі - Жиделібайсын да, Жерұйық та, жер ортасы – Көктөбе де осы. Жаратушы иемнің бұдан артық жаратқаны жоқ. Тек аңыз әфсанадағы ағашқа жеміс бітпеген. Өйткені сенің татар дәміңнің қай дүниеден бұйырып тұрғаны белгісіз. Ал мұндағы мәуе - бақи мәуесі, мәңгілік тыныштық аңсары. Сізді жалықтырмайды. «Сағымдай көтіріліп, сәулеленіп» бір сағатта жетпіс түрлі құбылады». Ләззат–жалған. Ал өзің мәңгілік жас, отыз үште ѓана боласыњ! «Өлең бар – домбыра жоқ!». «Қатындар күн де қыз күйіне түседі!». Иә, сарын бар, домбыра жоқ. Өйткені ол жерде ағаш, тіршілік жоқ, бақилық рух бар. Өмір уақыты біткен, рух кеңістігі басталған. Шекарада ұстап тұратын Мықан ағашыныњ жас саясы жоқ. Шоқтеректер де қураған. Бозторғайлардыњ да үні өшкен. Ажалдан арашалап қалатын қобыз бен домбыраның да дауысы естілмейді. Кәдімгі тылсым кеңістік (ваккум). Тек үнсіз сарын ғана бар. Бақидыњ мылқау сарыны, түссіз, түпсіз кеңістік бар. Қазақтар мұны: «Тауысыншақ уақытың бітті!» - дейді. Себебі:

Ағаштың жапырағы толып жатқан,

Аллаға баршалары таспих тартқан.

Әр жапырақта пенденің аты бар -ды,

Ажал жетсе жапырағы түсіп қалған!

Сондықтан да енді сені уақыт та, аңсар да, көшпелі дүние де, бозторғай да, арман да, Баян мен Құртқа да алаңдатпайды. Өйткені онда Мықан ағашы жоқ. Оның барлығы өтпелі өмірдің, көшпелі дүниенің етегімен бірге шыр айналып кеткен!...

Мұндай әсіреәфсанарлық ырымдық емеуірін уақыттың бөлшегі – мезгілмен де байланыстырылады. Мысалы: алакеуім, бесін, бейуақ, қызарып атқан таң, қызарып батқан күн, түн ортасы – зауал шақ боп мекзеліп, «уақсыз уақ» ретінде («Ертөстікте» - «уақытсыз уақыт») ишараланады. Алакеуімде басталған оқиға тыныштықты бұзу, бесінде бейнеленген оқиға - өмірдің соңы, бейуақ – қатер (жезтырнақ от басын жағалайтын кез), түн ортасы қауіп (жезтырнақ, не дәу келіп кеспекті шабады) боп есептеледі. Әсіреәфсаналар мен ертегідегі оқиғалардың тартысты тұстары, әдетте, осы мезгілге орайласа баяндалады. Зауал шақтың осы уақытын Абай исламдық көркем жүйе тұрғысынан «ант мезгілі» деп атайды. «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» атты Я. Полонскийден аударған өлеңінде («Жүрек») ажал қаупі төнген сәттегі жан тәсілім күйді:

Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек,

Мен де пенде, амалсыз көнсем керек.

Қызығы зор қайран дос, қайран тату,

Сендер өлдің, мен дағы өлсем керек! –

деп суреттейді.

Мұндағы «ант мезгілі» - иман үйіретін жан кешу сәті. Әсіреәфсаналардағы «бейуақ та» сондай үрейлі, зауал шақты білдіреді. Оқиға жеке адамның өліміне ѓана ќатысты емес, әсіреәфсаналық ѓарыштыќ сыпат алғандықтан да, бейуақ - «уақсыз уақ» деп есептеліп, кеңістіктің бір мезгілі – тылсым уақыт ретінде қарастырылады.

Әсіреәфсаналық Мықан ағашы, яғни, өмір бәйтерегі ықылым заманнан бейнелі түрде тасқа сызылып, меңгірге қашалып, ағашқа можандалып, сырмақ пен текеметке, түскиізге, құрақ көрпелерге, тұсшымылдықтарѓа бейнелері түсірілген. Оның ең көне үлгісі – күнді қоршай қойнына алған Мыќан аѓашыныњ жартастағы бедері, біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы ҮІІ–Х ғасырды қамтитын Пазырық қорғанынан табылған «мәңгілік ағашы» бейнеленген сырмақ пен тұсшымылдық. Эрмитаждың «Алтын қорындағы» «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының оқиғасы бастан аяқ баяндалатын, Шоқтеректің түбінде ат жетектеп кездескен ғашықтар бейнеленген алтын пәйзілер (Әлкей Марғұлан марқұм бізге көзі тірісінде силаған сызба суретте Шоқтеректің бейнесі барынша анық салынѓан – Т.Ж.). Тіпті орта және кейінгі ғасырлардың «тастағы дастаны» болып саналатын Үстірт пен Маңғыстаудағы Қарағаш пен Қамыспай қорымдарындаѓы «Мықан тастар» (ќарањыз: Тасмағамбетов И. Құлпытас. Астана. Берел. 2002. 392 б.; «Бәйтерек» -10 б., «Ғарыш символымен сомдалған өмір бәйтерек» -34,35 беттер; «Кісі бейнесіндегі ғарыштық құлпытас» – 68 б.; «Мәңгілік ағашы» – 72 б.; «Гүл қауашақты сандықтас» – 91 б.; «Мәңгілік жасыл өмір иесі» – 101 б.; «Тас емендер» – 110-113 беттер, «Үйеңкі тастар» (154-158,161 беттер) сол ғарыштыќ «мәңгілік өмір» нашандары.

Тасқа бедерленген мифтік бейнелерде шарттылық пен ғарыштық емеуіріндер басым. Мысалы, күннің шарайнасы ретінде нүктемен қосылған шеңбер аспан мен жердің ортасындағы алып бәйтерекке ұқсайды. Ағаштың діңі адам бейнесіне қара тартады. Бұл – жер кіндігі - Мықан ағашының бүкіл әлемдік ғарыштық көркем санадан туған бейнелік нышаны. Жерұйық, Жиделібайсын, Шоқтерек, Бәйтерек, Алып емен сияқты әулиелік-аңыздық сипатқа ие боп, кеңістіктен уақыттық белгіге айналған нақты наным нұсқалары – «мәңгілік өмір бәйтерегі» ретінде аруақтардың басына қойылған меңгір тастар. Тастың тұрқы еменжапырақтала ойылып, ақым мен аспанды жалғастырып тұрады. Кей ескерткіштерде үйеңкі жапырақтала әрленеді. Мұндағы емеуірін: тіршілік иесі құлады («Бәйтерегім құлады», бірақ оныњ рухы мәңгілік кең көк аспанның құшағына енді). Мына жерде (өлім) тәні ғана жатыр – деген ишара. Сол меңгір тас арқылы өлген адамның әруағымен тіл қатыса аласыз. Яғни, тас бедер – адамның жердегі уақытының біткенін, енді оның орны ғарыш кеңістігінде екендігін меңзейді. Сондықтан да тірі ағашты түркі жұрты кие тұтып:

Жерде қара тауларың құламасын,

Көлеңкелі ағашың кесілмесін,-

деп («Қорқыт ата. А. ҚЭ: 1999. 187 б.) жырлайды.

Мұндағы астарлы мағыналы ишараның бірі – тірі азаматыњ қатерге ұшырамасын деген тілеу. Халықтың қадірлі тұлғаларын «Бес бәйтерек» деп қастерлеуіміз де оларды қасиеттердіру ниетінен туған. Ажалдың суық сарынын естіртетін қобыздың үніндегі зар - өлім зары. Өйткені оның өзі қураған ағаш түбірінен жасалғандықтан да, ажал озаны Қорқыттың:

Қарағайдың түбінен,

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен,

Үйіріп алған қобызым,

Ақ қайыңның безінен,

Қағып алған қобызым.

Өзегінің қара емен,

Ойып алған қобызым. –

деген (Қорқыт ата. А. Қазақ энциклопедиясы,1999,125 б.) сарынының өзінен өлім азаны азынап тұрады. Мұндағы қарағайдың, үйеңкінің, қайыңның, еменнің өзектері нәр-сөлсіз, суалған, ақ сөңке ағаштар. Ал қазақ ұғымында «қуарып қалған қу томар» - апокалипсистіњ нышаны. Жоғарыда келтірілген «Қорқыт ата» жырындағы:

Жерде қара тауларың құламасын,

Көлеңкелі ағашың кесілмесін, -

дегендегі емеуірін де осы.

Өйткені, заман ақыр болғанда, содан кейін Қорқыт туғанда қасиетті Қаратаудың басын су алып, Қараспанды бұлт шалған. Бәйтеректер Ңұқ пайғамбардың кемесі үшін кесілген. Әсіреәфсаналардағы көркем түйсік, міне, осындай ғарыштық ұғымдар мен бейнелерді көркем жүйе арқылы тоғыстырып жібереді. Сондықтан да кеңістік пен уақыттың, өлі мен тірінің, бақи мен фәнидің арасы кей мифтерде ажыратылмайды. Оны түйсікпен, емеуірінмен, ұзына сарынымен ғана түйсінесің. Қобыз тартылса – Қорқыт, Қорқыттың аты аталса – Қорқыттың көрі, яғни, ажал сарыны ойыңа оралатыны сияқты, қу қарағай, қу тамыр тілге тиек етілсе бітті, қалайда өлім туралы бір хабар естіледі. Бұл мифтік шартты заңдылықтың ишарадан ырымға айналып кеткен дәстүрлі көркем нышаны.

Қазақ жұртының жұбанышы - әсіреәфсаналық көркем сананы ақиқаттандырып, байтағының төріне Бәйтеректі қондырып, көркем қиялды өмірлік шындыққа айналдыруда. Мәңгілік аңсарына көркем сана арқылы сәулет берген асқақ елдің арманы бұл. Мықан ағашының мағынасы мен мазмұнына ой сәулесін түсірген де сол бостандық Бәйтерегі – болашағымыздың бәйтерегі. Бұл да әсіреәфсанарлық идеология мен саясатқа өзінше жауап.

Мықан ағашы - өмірдің ұясы. Соныдықтан да ертегілер мен әфсанадағы кейіпкерлер қандай қиындыққа ұшыраса да тура өлім халіне жеткенде: «…ќұдай жолына түсіп (тәубесіне келіп -Т. Ж.), мал-жанынан безіп, қаңғып келе жатып бір қалың ағашты бәйтерекке келіп, бәйтеректің түбінде ағып жатқан тұщы мөлдір бұлақтан» (Әбілһаят суына - мәңгілік суына – Т. Ж.) сусындарын қандырады (Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 6-том. 18-бет). Бұдан кейін оқиғаѓа айдаһар, самұрық құс, дәу араласады. Сол қасиетті бәйтеректің киесінің нәтежесінде өлімді жеңіп шығады. Тылсым дүниелен (нижний мир) асқақ дүниеге (высшая идея) көтеріледі. Самұрыққа мініп көк аспанның аясында ұшады. Мақсатына жетеді.

Тәуелсіз қазақ елінің Бәйтерегі де сол асқақ нысананың символы. Мұратына жеткен елдің аңызға қойған ақиқат ескерткіші.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет