Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы



бет4/5
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#7000
1   2   3   4   5

Мінсең де сол жарар, -


дейді (Мәшһүр – Жүсіп, шығармалары, 5-том, 269-бет).

Еменді, яғни, Мықан ағашын саялаған сарғылша аттың сауыры да өмірлік қасиетке ие. Оның «бауырының астында жайдың тасы бар», шөлдегенде жай ойнатып, нөсер жаудыртып, сусындарын қандырады. Жауға шабарда: «сауырының ортасында екі бәйтерек орнатады» (сонда, 273-бет). Жеті күн, жеті түн соғысып, әбден шаршағанда Ер Қосай сары аттың бауырына еніп, әлденіп алады, яғни, єлгє ек бєйтерек оѓан өмірлік күш силайды. Діни қиссаларда мұны Әбілһаят ағашы дейді. Сол сары ат «ұңғысынан үзілген найза ішінде қалып, тәсілім боп кеткен» Ер Қосайдың мұрнына өлген кісінің өтін құйып тірілтіп алады. Сары атқа мұндай тіршілік қуатын силап отырған құдірет – емен боп, қос бәйтерек боп суреттелген Мықан ағашының қасиеті. Өйткені Мықан ағашы бар жерде - өмір бар да, өлімге орын жоқ. Ол өмір мен өлімнің арасындағы уақыт пен кеңістіктің жігін бөліп тұрады. Жеті күн, жеті түн соғысып, өзі жаралы күйінде сары аттың сауырына аударылып бара жатқан (ат сауырына түсу - өлімнің белгісі – Т. Ж.) Ер Қосайды сары ат бауырындағы қос бәйтерекке қондырып тірілтіп алады. Сөйтіп, Қосайдың өмірлік уақытын ұзартып, бақилық кеңістіктің есігін ашқызбайды.

«Мәңгілік өмір ағашының» түрі де, түсі де, ықылымы да (эпоха), дәуірі де, кеңістігі мен уақыты да, міндеті де ғайыптан ауыса беруі мифтік туындының басты ерекшелігі мен шартының бірі. Ауыспалы мағынасы ғана емеуірінмен тұспалданады, түйсікпен ғана түйсіндіріледі, яғни, ым мен емеуіріннің «тәңірлік жыры» дегеніміз осы. Бұған ырым, салт, наным үстемелеп қосылғанда оның ықпалы бақсының дуасынан артық жадылайды.
Мықан ағашының бір сарыны - көк, сары, қызыл шыбыққа жанын жасырған сиқыршы кемпір мен қыздар туралы айтылатын «Уақытсыз ажал» атты ертегі де бар. Бірақ ондағы ақиқаттың мифтік түйсіктен іргесі ажыратылған, яғни, хикаялық сыпаты басым.

Бєйтерек, самұрыќ, айдаћар,

Қазақ ертегілерінің көпшілігінде «бәйтерек» - өлім мен өмір арасындағы жанталас сәтінде дәнекерлік міндет атқарады және соның бәрінде өлімді - өмірге, ғұлымдықты - жақсылыққа, жоқты - бар етпекке себепкер болады. Бірде алма ағашы («Патша қызының оқиғасы»), бірде тал («Ералы батыр»), бірде бәйтерек («Құйын батыр») кейпінде кейіпкерге ұшырасып, талығып жеткен жанға тыным силайды. Бұл ағаштардың бойына ерекше қасиет дарыған. Мысалы, «Құйын батыр» ертегісіндегі «аспанмен тілдесіп тұрған бәйтеректің» бауырындағы өсімдіктер де ерекше. «Түйе жапырақтың бір жапырағының асты үлкен бір тамдай... Айдаһар бәйтеректің суын (шырынын) сығып» сусындап күш алып, ағаштың басындағы самұрықтың балапандарына өрлейді. (Ертегілер, А. Жазушы. 4 т. 174 б.). Демек, бәйтеректің өзегінде өмір нәрі бар. Ол айдаһарға қуат береді. Айдаһар қазақ әсіреәфсаналарында өлімнің нышаны. Ал самұрық құс – уақыт пен кеңістіктің арасындағы ғайып құсы. Ол не өлмейді, не көбеймейді. Балапандарын жыл сайын айдаһар жұтып отырады. Сам±рыќтыњ кіндігін тіршілікпен байлап тұрған - киелі алып бәйтерек ќана.

Ол екі дүниеге де ортақ.

Бәйтерек – айдаһар - самұрық үштігі туралы қазақ әсіреәфсаналарындағы көркем ой бір-бірін толықтырып, көркем түйсігі жүйеленіп, жалпы жаратылыс, о дүние мен бұл дүние, өмір мен өлім, жаһан кіндігі, екі дүниенің арасындағығы байланыс, уақыт пен кеңістік туралы көркем көзқарасқа айналады. Жоғарыдағы үштік бейне әлемдік бестағанның (Аспан – Жер – Су – Уақыт – Кеңістік) кіндігіне орналасқан. Бұл көркем түйсік өзге аңыз, ертегілерде бұтарланып айтылса, «Ханшентай» атты әсіреәфсаналарлық ертегіде бір жүйеге түсіріліп баяндалған. Көп буынды, көпжелілі, көп оқиғалы ертегілердегі буынды тұстың бірі – Ханшентайдың жер астына өз еркімен түсіп, жер бетіне шығатын кезеңі. Өзге ертегілердей емес, Ханшентайдаѓы әр кейіпкердің қимылы мақсатты. Жер бетіндегі барлық қиындықтың, шытырманға толы қиял-ғажайыптың бәрін басынан кешіп, оларды жеңген Ханшентай енді қасына ерген қырық қыз бен қырық жігітті мал-мүлкімен қоса жұтып қойған жер астындағы жауыздықтың жымы – Қаратүнді құрту үшін жердің тесігінен «о дүниеге» кіреді. Сөйтіп, жеті басты жалмауызға жолығады. Жеті күн, жеті түн алысады. Ақырында Қыдыр әулие кеп: «Е, жалмауыз. Бұл дүниені бұнда жалмап біттің. Сенің екінші дүниеде не ақың бар? Сенің жылатқан жандарыңның көзінің жасы, қаны көл – дария» - деп таяқпен салып қалып өлтіреді. Ханшентай жалмауыздың ішін жарып, ол жалмаған жан-жануар мен адамның бәрін шығарады. Бірақ оларды бұ дүниеге шығара алмайды. Әсіреәфсаналық көркем түйсік (Қыдыр әулиені оқиғаға себепші етіп) ажал иесін өлтірсе де, екі дүниені жалғайтын, кеңістіктен кеңістікке ауысатын дәнекер таппайды. Сол арада әсіреәфсаналық көркем жүйе желісімен екі дүниенің кіндігі - Мықан ағашына - Бәйтерекке жүгінеді. «Екі етегін беліне тартып» жүргенде бір бәйтеректің түбіне кеп жатады. Ишара бойынша – Ханшентай тіршілік иесін сиялады деген сөз. Бәйтеректің басына үш балапан ұялаған. Бұл өмір ұясы. Өмір бар жерде өлім бар. Ол – айдаһар (Ертегілер, 4 том. А. 1989, 224-225 беттер).

Осы айдаһар мен самұрық құстың арасында қандай әсіреәфсаналық ишара бар? Және олардың мәңгілік күресі нені емеуірін етеді? Бәйтерек те, самұрық та, айдаһар да мәңгілік. Өмір бәйтерекке ұялаған. Оның балапанын жыл сайын айдаһар жұтып отырады. Неге?

Өзге әсіреәфсаналарда мұның жауабы ашылмайды. Тек оқиғаға себепкер, «жақсылыққа жақсылық» ретінде түсіндіріледі. «Ханшентайда» бұл көркем түйсік көркем ой мен көркем жүйеге түсіп, көркем көзқарас деңгейіне жеткен. Ханшентайдың жер астына түсуі – екі дүниені жұтқан жалмауызды жою, тіршілік иелерін Ќаратүнектен жарыққа алып шығу. Ол үшін жер кіндігі - бәйтерекке келді. Жердің тесігінен шығаратын дәрмен – самұрық қана. Сол үшін ғана айдаһарды өлтіруі тиіс пе? Жылына үш балапанмен ғана қоректенетін қандай қанағатшыл айдаһар? Неге дәл осы мезгілге Ханшентай тап келді? Балапандар айтқан әсіреәфсаналық түйсік бойынша: екі дүниеде бұлардың шешесінен алып жан иесі жоқ. Екі дүниеге бірдей ұшатын сол самұрық қана екен. Жаратылғаннан бері жылына үш балапан табады екен. Үшеуін де жылда бір айдаһар жұтып отырады екен. Оның ең соңғы тапқан балапаны – осы үшеуі. Олардан соң бала болмақ емес. Бұлардың жанын алып қалғандықтан, егер қартайып, күші таймаса, мұны бұ дүниеге апарып салмақ (сонда, 225 т.), яғни, самұрық кеңістік пен уақыттың арасын жалғайтын жылдамдыққа (жарыққа пара-пар) ие. Әсіретүйсік бойынша екі дүниені байланыстыратын жалғыз және мәңгілік бейне болуы тиіс.

Ол – самұрық.

Әлемдік жаратылыстың үйлесімі бұзылмас үшін самұрықтың соңғы балапанын адам келіп құтқарып отыр. Яғни, екі дүниедегі тіршілік аяқталмақ емес. Демек, адам – жаратылыстың ұлы себепкері. Самұрық құс мал мен жанды қанатына қондырып, жердің жарығы арқылы ықылымнан ықылымға ауысќан, кеңістіктен кеңістікке кµшкен, от, су, шөл, жел, мұз-жаңбыр дәуірін тіліп өткен зымыран құс оларды бұ дүниеге әкеп тастайды. Бұл – алғашқы жаратылыс пен бүгінгі жер үлгісіне дейінгі тарихи даму жолы. Оны қамтуға бір адамның санасы жетпейді. Кейіпкерге үнемі көзін жұмып отыруы туралы шарт қойылатыны да сондықтан. Сөйтіп, самұрық құс соңғы рет адамзатты Қаратүнектен жарық дүниеге әкеп тастайды. Қараңғылықты - жарық, жамандықты - жақсылық, өлімді - өмір жеңді. Соның барлығына себепші – жердің кіндік ағашы – Мықан. Сол мықан ағашын өлім иесі айдаһар да саялайды. Неге? Мұнда, біріншіден, өмір мен өлімнің бақталастығы ишара етіледі. Екіншіден, ғаламдыќ үйлесім мен теңгермелік сананың да түйсігі бар.

Егер де самұрық жыл сайын балапан түлете берсе, онда олар ұя салатын бәйтерек те еселеп көбейіп тұруы тиіс. Бұл тіршіліктің теңгермелі заңына қарсы. Онда самұрық та молайып, кеңістік пен уақыттың арасы саржолданып кетер еді. Айдаһар - әлемдік әсіремифтерде осындай өмір мен өлімнің екшемелі безбені міндетін де атқарады. Сондықтан да киелі бәйтерек оны шырынымен сусындатып, бойына қуат құяды.

Мұндай «өмір суы» тек ағаштың бойында ғана бар. Тек оның сиқырлы сырын білу шарт. «Ералы батыр» ертегісіндегі «арып-аршып келе жатып, жапан даладағы талға тіл қатып, оны қиып алса - сол талдан өмір нәрі шығады. Оны ішкен адам күш алып қана қоймайды, уақыт пен кеңістіктің арасында «сағым болып» ұшып жүреді. Мәселен, айдалада адасып, жол таба алмай, шөлдеп өлермен болған қалың әскерге Ералы батыр: « – Менің әкем қыдыр дарыған қасиетті адам еді. Сол кісі егер жол жүріп, көксеген жеріње жете алмай, осы біз құсап арып-ашып тұрса, сол тұрған жеріндегі талды: «Айханның қолы емес, Күнханның қолы» – деп шапса, сол талдан су шықпақшы. Сол судан ішсе көксеген жеріне жететіндей күш-қуат бермек» - дейді. Айтқанын істеп «ағашты шапқанда ағаштан су атқылай жөнеледі. Бұл судан ат та, адам да ішіп, қанып еді, барлығына күш-қуат кіріп, көздері жайнап кетті». Сөйтіп, құс ұшып өте алмайтын қияннан, өткел бермейтін дариядан, самұрықтың қанатын күйдіретін От таудан өтеді. Ал сексен арқа сексеуілге күйіп (суарылып) сиқырлы қасиет біткен Ералы батырдың өзі «сағым сияқты» сусиды» (Ертегілер, 3 т., А., 1998, 163 б.). Демек, талдың нәрі - мәңгілік өмір нәрі, өмір суы.



Мәңгілік өмір нәрі – діни әсіреәфсанада «Әбілхаят суы» деп аталады. Ол – жасынның тұнығы. Кемпірбайдың «жасынның ќанып іштім тұнығыннан» деуінде сондай рухани қуаттың таным тамыры бар. Ал қазақ әсіреәфсаналарындағы «мәңгілік су» - «мәңгілік бәйтеректің» түбіне бітеді. Мысалы, «Қарадөңнің» ұлы Қанішпен астындағы т±лпары от, су дариясынын ‰стінен ұшып келе жатќанда көзін ашып жіберіп, хайуанның екі аяғы күйіп қалады. Сонда қасиетті бәйтеректің түбіне қонып, бұлаққа шомылып қалпына келіп, тыңайып алады. Сиқырмен «Тазша бала мен қотыр тайға» айналған кезде «өзінің үйреншікті бәйтерегінің» түбіндегі бұлаққа шомылып, баяғы қалпына келеді («Қарадөң батыр». Ертегілер. 4 том. А. Жазушы. 1989, 269-бет). «Ақбілек қыз – Т±рѓынан бала» ертегісінде де «Тұрғын Електің ақ суын самұрық қонған бәйтеректің түбінен алып қайтады (сонда, 207-бет). Қарындасы Ақбілек сол «ақ судан» бойына қуат-күш алады.

Сондықтан да Бәйтерек – Айдаһар – Самұрық құс арасындағы тіршілік нәрі - теректің өзегіндегі шырын, яғни, өмір бұлағы. Оның қасиеті кеңістік пен уақыттың арасындағы ғайып құсы - самұрыққа ғана мәлім. ¤мірдің себепшісі болып тұрғандықтан да самұрық бұл сырды адамға (Мысалы Ералыға) айтады. Қазақтың барлық ертегілеріндегі самұрық құстың негізгі міндеті де осыған келіп сияды. Сөйтіп ол, әсіреәфсаналарда тіршіліктің уақыт пен кеңістік арасындағы елшісі - ғайып құсы ретінде ишараланады. Өзін тәңіртекті қаракөктің тұқымымын деп санағандардың елтаңбасында самұрықтың, ақ сұңқардың бейнеленуі сондықтан. Кей ертегілерде «өмір нәріне» өсімдіктер де, жемістер де ие болмақ. Оның да түпкі дәнекерлік тегі - саясындағы «түйе жапырағының бір жапырағының өзі там сияқты» Мықан ағашында жатыр. Әсіреәфсананың түйсікті санасы содан тамыр тартады. Өзге күш - жаратылушы мен Жаратқанның арасындағы ықылымды, кеңістік пен уақытты емін-еркін алмастыруға дәрменсіз.

Ықылымдық (архаикалық) көркем түйсік пен сананың саңылауын аңғартатын әсіреәфсаналық көркем жүйенің буынды бунағының бірі - құдық. Құдық – қу меңіреу жапан түзде «сар құдық», «қақпақсыз құдық», «түпсіз құдық», «кәріздің есігі», «жер астының есігі» боп жолығып, «телпегі түймедей, темір етігі теңгедей, темір таяғы инедей» болған кейіпкерді оқиғаға араластырады, яғни, келесі бір шытырманның кілтін ұстатып, оқиға басқа кеңістікке ауысады. Ықылымдық түйсік пен сана, ғарыштық кеңістік пен хикаяттар (жеті қат жер асты, жерті қат аспан), уақыттан тыс оқиғалар мен өмірден тыс кейіпкерлер (жын, албасты, жезтырнақ, мыстан кемпір), сиқыр мен жадылық арбаулар сол құдықта иірімделеді. Осы дүниедегі, не о дүниедегі адам санасынан тыс әсіретүйсіктер мен сана саңылауы ашылады. Оқиға өзге кеңістікке көшеді. Қазақ әсіреәфсаналарында кездесетін барлық құдыққа жүктелетін әсіреміндет (сверх задачи) пен әсіредәнекерлік те (первопричины) соған кеп тіреледі. Мықан ағашы – мәңгілік өмірдің, су - µтпелі µмірдіњ, Көктөбе - жер ортасының (Күлтөбенің), самұрық - екі дүние елшісінің, айдаһар - өлімінің нышаны.

Ал осы қаптаған «құдықтар ше?»

Құдықта су болғандықтан да онда өмірдің сипаты бар. Сондықтан да қимыл бар, бірақ оқиға дамыл табады. Құдықтағы, шыңыраудағы, иірім судағы, тоспа судағы өмір де тұйықталған өмір, өйткені онда ағын жоқ. Ағынсыз су борсиды. Боршыған суды мекен еткен, не оны ішкен тіршілік иесі де жағымсыз. Себебі, құдық - өмір иірімі. Оған жақсылық та, жамандық та жиылған. Су сүзіліп ақпаған соң, яғни, өмір қозғалысқа түспеген соң, тоспа су борсиды, өмір тоқтайды, тозады, азады, ниеті пасық, жын, пері, сайтан, жалмауыз, жезтырнақ, ібіліс, жадыгµй мекендейді. Кенжекей қыздың перінің қызының мекені болған Сорқұдықтың басына Ертөстіктің әкесінің қонбауын өтінуі де сондықтан. Әсіреәфсаналық көркем сананың жиынтығы болып саналатын «Ертөстік» ертегісіндегі ықылымдық мифтер Ерназардың:

Сорқұдықтың басына,

Сорына бола қонуынан, -

басталады. Яғни, Ертөстік тоқырыған, тозған өмірдің иіріміне түседі. Егер Сорқұдықтың басында – терек, қасында – төбе, жанында – б±лаќ болса, онда жер астына түспес еді. Ағын - өмірді қозғайды, тазалайды. Терек мәңгілік сыпат береді. Төбе - көкке ұшырады. Ал самұрық - семір құс ықылымнан ықылымға апарады. Мұндай ерекше әулиелік нысандардан ада болғандықтан да ќ±дыќтыњ суы кірлейді, оны нас, албасты басады. Жын, пері ұялайды. Құдық - тежелген өмір. Құдыққа, зынданға, шыњырауѓа түскен адам үшін өмір тоқтайды. Уақыт өтсе де онда еш қозғалыс болмайды. Яғни, ол адамның о дүниеге де, бұл дүниеге де қатысы жоқ. Оқиға оның қатысуынсыз дамиды. Құрқұдық болса – шалажансар, сулы құдық болса – жансар күн кешеді. Ертөстікке кездескен Сорқұдықтың «жанында бір тал бар, сол талдыњ жанында жарбиған жаман кемпір отырады» (сонда, 66 бет). Сондықтан да Ертөстіктің өмірлік қуат-күші солмайды. Екінші кеңістікке ауысуына, яғни, жер астына түсуіне Шалқұйрықтың ғарыштыќ жылдамдығы себепкер. Б± д‰ниелік Шалќ±йрыќ єсіремифтік самұрықтың орнына Ертөстікті ажалдан алып қашып тұр. Ал бір түп тал – бәйтеректің нышаны. Жер астында да Ертөстік бұлақтың басындағы бәйтерекке келіп, самұрықтың күшімен жер бетіне шығады. Құдық емес бұлаққа кездескендіктен де өмір ағысы тиылмайды. Сол кезде Шойынќ±лаќ оны ұстап алып құдыққа салады. Ертөстік үшін өмір тоқтап «ұзақ уақыт» өтеді. Бұ дүниелік Шалқұйрық екі дүниенің арасындағы Ертөстікті шығарып алуға дәрменсіз. Себебі, Кенжекей байлаған «өмір белбеуі» шешіліп кетеді. Еш әрекетсіз «тұйық өмірден» – құдықтан тағы да самұрық құс шығарады. Содан кейін барып «өмір белбеуі» байланып, оқиға басталады. Дүние шыр айналып қалпына келіп, «мезгіл белбеуі шешіліп», жас қалыптарына т‰сіп, қосағымен қоса ағарады.

Құрқұдыққа кез болған кейіпкерлер (Мамай батыр, Ханшентай, Алтынайдар, Ағайынды екі жігіт, Көкжан батыр, Қарадµң батыр, Жарты төстік, Аюдәу, Аюалпаң, Судысалпаң, Таудыталпаң, Қойшы батыр, Нанбатыр, Ақтілек қыз, Тұрғын бала т.б.) тас қақпақтың астында шала жансар күйде жатады. Ал егерде ол құдық – тұнық суы бар шыңырау, тұнық құдық, ақ құдық, бетін су шайып жатқан дария құдық болса, онда кейіпкерлер тірі қалады. Кейін сол судың («Ақбілек қыз – Тұрғын бала» Ертегілер, 4 т., 208 б.) бетінен олардың басынан кешкен азап - ѓазаптары елес боп көшіп өтеді. Ал ақ су (Аюдәу) мен ақ түйенің ақ сүті (Еркемайдар) аќса - өмір нәрі, кейіпкерге күш береді. Осы жер астына түсетін тесік те, құдық та, шыңырау да: «жер астындағы жер. Онда да ел-жұрт бар. Бірақ жер бетіндегідей аса жарық, күні өткір, әуесі таза емес. Сонда да болса жер бетіндегі халықтардың істейтін кәсіп-тіршіліктерін олар да істейді» («Еркемайдар», Ертегілер, 4-т. 93 б.). Құрқұдықтың не дарияның суы соның бетін жабады.

Бұл әлем – жердің жеті қатының бірінші қаты, мына дүниеге қат дүние (антимир). Жер астына түсетін, не жер бетіне шығаратын зынданның да ашылатын өз уақыты бар. Ол өлшем – самұрықтың балапан басу мерзімімен өлшенеді. Уақыт – самұрық құс, заман - зымыран. Ал жұмыртқасы темір зымыран құс - дәуірдің (эпоха) нысаны. Дәуір мен дәуір алмасқанда ғана зымыран екі аралыққа ұшады. Темір жұмыртқа – темір ғарыштыќ темір ғасыр. Самұрық құс келесі балапанын шығарғанда бір заман алмасып үлгереді. Аюдәудегі Диюдың жер астынан асығып-үсігіп жиналуы да сондықтан (сонда, 94-б.). Кешіксе, жер астында мәңгі қалмақ. Енді сол қаттың ар жағынан келесі қаттар (Жыланбап елі, Темірханның елі, Күнханның елі, Шұрқан тауы, Олалай мен Бұлалайдың елі т.б.) – от дүние, су дүние, шµл дүние, мұз дүние басталады.

Міне, мұның барлығы да әсіреәфсаналық түйсік пен көркем сана әлемі. Сол жеті қат аспан мен жеті ќат жер астына тиянақтандыратын жер ортасы – Көктөбе бар. Бұл Көктөбе бір-ақ өлшемнің – не уақыттың, не кеңістіктің тиянағы. Онда екімәнділік болмайды.

Қандай әсіреәфсана болса да, ондағы Төбе – уақыт пен кеңістіктің арасындағы ғарыштыќ түғыр, қазіргіше айтқанда, ғарыш айлағы. Әсіреәфсаналық кейіпкер сол Көктөбеден, Жалғыз таудан, Жалғыз төбеден, Дөңнен, Сарыбелден, Ќ±бажоннан өзге дүниеге ауысады не өзге дүниеден сол төбеге келіп қонады. Ол төбе екі дүниеге де ортақ. Екі дүниедегі болмасты болдыратын бекет те сол төбе. Мысалы, будантекті, адам қасиетті «Аюдәу» әсіреәфсаналық ертегісінде ғарыштыќ кеңістік пен уақытты жалғастыратын Төбе – Бәйтерек – Семір құс – Айдаһар – Су тұтас көркем үйлесім ретінде беріледі: Жер астында Күлтөбе дейтін төбе бар. Сол төбенің ұшар басында «шынар терек» бар. Сол теректің басына тарыққан кісілердің мұңын шешетін әлемдегі ең алып Семір құс балапан басады. Күлтөбеге жеткенше Аюдәу жолдағы ордалы ќос жыланды соқаға жегіп, шөлдетіп, суға тойғызып, содан кейін қуып жүріп, ішін жарып өлтіреді. Терекке ұмтылған айдаһарды өлтіреді. Оның өтеуіне Семір құс «екі қанатын қомдап, біраз күлтөбені айналып-айналып жүріп, аспанға көтеріліп барып бұлттарға кіріп жоқ болады. Баланы осы дүниеге әкеп тастайды («Аюдәу». Ертегілер. 4-том. А.Жазушы.1989. 96-97 беттер).

Төбелердің мұндай қасиеті қазақ әсіреәфсаналарының бәріне тән. Тек аты (Көктөбе, Қарадөң, Сарыбел, Құбажон, Шолақтау, Қаратау), жер бедері (ойлы-қырлы, жартасты, орманды, ормансыз, сулы-сусыз, аң-құсты не иен, биік-аласа), мекені (жер үсті, жер асты) єр ќилы болып келгенімен де, міндеті біреу. Қалайда әсіреәфсаналық көркем қуатқа ие, оқиғаның бетін ќалайда әсіреәфсаналық – ғарыштық түйсікке бұрып отырады. Уақыт пен кеңістіктің бекетінің міндетін атқарады. Бара-бара ыќылымдыќ (архаикалық) сыпаттан арылып, осы дүниелік көшпелі дүниенің шекарасына, одан барып өмірлік аңсарға (Өт‰кенге, Ергенеқонға, Көктөбеге, Жерұйыққа, Жиделібайсынға) айналған.



Әсіреәфсаналардағы әсіретүйсіктіњ ықпалымен оқиғаға араласып, буынды тұстарда көркем бейнеге айналып, кеңістік пен уақыттың, өмір мен өлімнің, бұ дүние мен о дүниенің нышандарын танытып, тылсым киеге ие болған тіршілік киесінің бір парасы – жан-жануарлар, хайуанаттар, жәндіктер, ќ±стар. Олар адамға жат мінез болмыстыњ жұмбақ жаратылысы, тылсым күш иесі есебінде сананы т‰ршіктірген. Аранды қасқыр, ашулы арыстан, жұлымыр жылан, қанаты қуатты самұрық пен семір, қара бура мен көк өгіз ықылымдық (архаикалық) санада әсіреәфсаналық бейне тұспалында сақталып қалған. ¤йткені олардың табиғи жыртқыштық тәбеті, дүлей мінезі үрей тудырып, болмысы жат күш ретінде үрейлендірген. Сескенген сана оларды - адамды жұтатын көкшолақ қасқырды, Тағаланың тарпањ бурасын, сүзеген өгізді, кісі жұтқыш жылан мен ќараќ±сты жаѓымсыз кейіпте, ал адамға зиянсыз - аққу мен кептерді, ит пен киікті ізгілік нысанасы ретінде қабылдаған. Мысалы, «Еркемайдардағы» Таѓаланыњ ақ бурасы мен көкшолақ қасқыры соның бір жаңғырығы. Өлген кісіні тірілтетін, с‰ті бұлақ боп ағып жатқан Тағаланың (қаќ тағаланың – Алланың) ақ түйесін қорыған ақ бура барѓан кісіні тартып тарпып, шайнап, тірі жанды жолатпайды. Сондай-ақ «Көктөбе боп көсіліп жататын» алып көкшолақ қасқыр ( «Еркемайдар», Ертегілер, 4-том, 86-87 беттер), «барса келместің көкжал қасқыры» («Елеместің көргендері», Ертегілер. 2 т. 22 б.) сондай «кейіпкерлік» сыпатќа ие.

Түйсіктегі сана бара-бара оларды адаммен будандастырып, (самұрықтың, қасқырдың жұтып алып қайта түрлендіріп құсуы, перінің, жыланның қызына үйленуі, дию мен аюдан туған бала, көк өгіз, сулық сәйгүлік, аққу, кептер, қотыр құнан боп түрлену арқылы) тектік сыпат береді. Көк түріктердің - бөріден, оғыздардың – көк өгізден, қияттардың - маралдан, қазақтардың - ақ қаздан, қимақтардың - темсақтан, қыпшақтардың - теректен, наймандардың - көк бұќадан, төрелердің - арқардан таралғанын және бұл аңдар олардың түпкі ата киесі болып (Абылайдың арыстаны, Қабанбайдың қабаны, Байғозының жолбарысы, Құнанбайдың бурасы, Сүйінбайдың көк бөрісі, Кемпірбайдың көк ала үйрегі, Жамбылдың қызыл жолбарысы т.б.) ХХ ғасырға дейін сақталып қалғаны, сол ықылымдық сананың сарқыны. Бұл тек түркілерге ғана емес, әлемдік әсіреәфсаналық көркем санаға ортақ ж‰йе. Сұңқар, самұрық, ләйлµк айдаһар, тұйғын, қаз, арыстан, жолбарыс, барыс, тырна, суыр, бөрі байрақты елтаңбалар мен рәміздердің түпкі тегінде осы мифтік бейнелер жатыр.

Єрине, бұл тіршілік иелерінің түпкі кіндігі – Мықан ағашы, тұғырлыќ мекені – Көктөбе, өмір өзегі бұлақ – болып табылады. Бұлар самұрық – семір құс сияқты кеңістік пен кеңістіктің арасын дәнекерлемейді, уақыттың, яғни, осы дүниелік ықылымдағы киелер. Олардың әулиелік, дүлейлік, сиқырлық сипаты әсіреәфсанадағы жаратылыстың тектік көркем түсінігіне ғана тән. Мықан ағашының «әр түрлі қасиетке ие жапырақтарының» бір талы ғана. Бұлардың өзі бұтарланып кете береді. Мұның ұлы үлгісі – «Кемпірбайдың Әсет ақын мен қоштасуындағы» - көк қаршыға мен көкала үйрек, Ясунари Кавабатаның «Ақ сұңқарындаѓы» - с±њќар, Мұхтар Мағауиннің «Қосағашындағы» - Қарағаш. Бұл үшеуінен де адамның түйсік-санасындағы архаикалық бейне табылады.

Әсіреәфсаналық сыпаты бар қиял-ғажайып ертегілердегі Ертөстік те, Тұмарбас та, Қарадµң де, Тұрғын бала да алыс жолға шығар алдында «басына темір телпек киеді, беліне садақ байлайды, қолына темір таяқ алады, аяғына темір етік киеді». Ай жүре ме, жыл жүре ме, белгісіз, әйтеуір «темір телпек – т‰ймедей, темір таяқ - тебендей, темір етік - теңгедей» болғанда «алыстан сағым көтерген бел көрінеді» (“Ертөстік”, Ертегілер. 4-том. 6-б.), не қырық құлаш шыңырау кезігеді (Ақбілек қыз – Тұрғын бала). Бұл үштік – адамға біткен темір төзімнің белгісі, сонымен қатар бұ дүниелік уақыт пен қашықтықтың өлшемі әрі шегі. Тµзім (темір телпек) таусылып, жер ќуырылып (темір етік), жол жіњішкерген (темір таяќ) кезде «сағым көтерілген сары белден», не «жалғыз бәйтеректен», не «жер астынан буы шығып жатқан шыңырау – құдықтан» келесі әсіреәфсаналық – ғарыштыќ кеңістікке тән уақыт, болмыс, тіршілік нысаны, яғни, М. Әуезов айтқандай «қас иелер» мен «дос иегерлердің» бірі жолығады. Ол дүниеге )жеті ќат аспанѓа, жеті ќат жер астына) телпек те, таяқ та, кездік те, темір етік те өлшем емес. Сондықтан да олардың керегі жоқ. Тек бұ дүниеге оралған соң ғана кейіпкер темір телпегін, темір етігін киіп, темір таяғын қайта ұстайды.


Бұ дүниеге тән, уақыттыќ өлшемге сиымды әсіреәфсаналық сарынға ие киелі заттыњ таѓы бірі – жүзік пен сырға (“Ертөстік”, “Аламан мен Жоламан”). Бұлар кейінгі дәуірде қосылған көркем қиял болғандықтан да кеңістіктен тыс сиқырлық, жадылық тылсымдарға араластырылғанымен де, әулиелігі шектеулі. Оның қуаты күншілік жерге ғана жетеді, алыстағы адамның бейнесін ғана көрсетеді немесе бағыт-бағдар ғана сілтейді. Яғни, ықылымдыќ әсіреәфсаналық көркем түйсіктен емес, бергі єл-мисаќтаѓы Сүлеймен пайғамбардың сиқырлы жүзігі туралы діни әфсананың әсері. Мұндағы мезгіл өлшемі уақыттыќ, мекендік, кейіпкерлік белгімен ғана шектеледі. Бірақ та әсіреәфсаналық дәнекер (Ертөстік) боп, әсерді күшейтіп (Аламан мен Жоламан), желіні шытырмандандырып, оқиғаның шешіміне себепкерлік жасап, көркем түйсіктің емес, көркем қиялдың міндетін атқарады, яғни, жаратылыстыќ болмыстан таза.
Әсіреєфсаналыќ кµркем түйсікке кµшпелі ыќылымда ќосылѓан заттыќ кие – “сексен µгіздіњ жон терісінен µрілген сарыала сапты ќамшы” (“Ќарадµњ”). Жын мен періні, кµк µгіз бен бураны, жылан мен жезтырнаќты ќамшымен тартып жібергенде олардыњ жон терісі ќаќ айырылып, ажалын ќ±шады. Ќамшыѓа мифтік киелі ќасиет беріле баяндалѓанымен де, ол ыќылымдыќ єсіреєфсаналыќ кµркем т‰йсік дєрежесіне жетпеген. Сондыќтан да ол уаќыт пен кењістікке тєн нышанѓа ие емес. Тек ќамшы т±рѓан ‰йде сайтан мен ыбылыс т±рмайды, албасты баспайды – деген нанымныњ нышаны, жігіттіктіњ мысы.

Дүниедегі табылуы қиын, адамзаттың аңсарына айналған, тапса мақсатына жаткізетін киелі құдірет - Мықан ағашы. Ол - кегін қуған (Ер Қосай, Ер Көкше, Шора т.б.) батыр үшін де, жоғын іздеген бала (Ертөстік, керќ±ла атты Кендебай) үшін де, балаға зар боп жапан түзді кезген ана (Аналық, Гүлқаныс) үшін де арман. Бір шикі өкпеге зар болып қолдағы құл мен күңін, қоралы мал-мүлкін тастап жапан кезген Нәрік би мен Гүлқаныс бәйбішеге: «құс қанаты күйетұғын қу медиен, құба жонда алты ай бойы қой бағып жүрген бір шал оқтай ұшырап кез болып:

- Ой, мүсәпірлер-ай!... Түбі тегі қазақтың өзінен шыққан Қаратаудың бауырында Бабай түкті шашты Әзиз деген әулие бар. Онда күмбез де жоқ. Сырланған, қырланған там да жоқ. Басында желпілдеген сиырдың құйрығы да жоқ, жерменен жер болып қалған. Қолдан кісі орнатқан ағаш емес, Құдай шығарған басында бір ағаш бар. Түбінде бір жылы бұлақ бар, ақ шеңгел бар. Сол ақ шеңгел – Бабай түкті шашты Әзиз көмілген жер. Соған бар да түне. Аузың барғанша сұра. Ол берсе – берген сықылды қылып береді» – деп аян береді.

Бұл әфсанадан Мықан ағашының тегі анықталады. Ол ағаш пенденің еккен ағашы емес. Тәңірімнің, бір Алланың, жалғыз Құдайдың – Жаратушының жаратқан Жапан ағашы. Сондықтан да мәңгілік өмірге ие. Ол - Жаратушының фәнилік белгісі. Ол ағаш суалса - өмір де өшпек. Тіршілік жойылмақ. Ғалам ақыр болмақ. Мықан ағашы уақытты мүлдем тоқтатпайды. Өліп тірілгеннің өзінде де ол адам екінші бір ғұмырды басынан кешіп барып, яғни, ѓарыштыќ (космостыќ) уақыттың ішіне кіріп барып, кеңістіктен қайтып оралады. Мысалы: Ертөстік жер астында, Ер Сайын өлім мен өмір арасында, Керқұла атты Кендебай тіршілікте аспан аясында болып қайтуы соның дәлелі.

Жаратушы жарылқамаса пенде өз әрекетімен Мықан ағашын мәңгілік таппақ емес. Алла жар болған күннің өзінде Нәрік би мен Гүлқаныс сияқты өліп-талып барып мақсатыңа жетесің. Олар: «ќыр қыдырды, су сыдырды. Тау асты, тас басты. Қол терледі – сойылды, табандары ойылды. «Іздеген Мықан ағашын табады» – деген бар емес пе?! Жалықпай, қажымай жүре берген соң Қаратауды тапты. Онан келіп бауырындағы жалғыз ағаш пен бұлақты тапты. Ақ шеңгелді тапты» (Мәшһүр – Жүсіп. Шығармалары. 5-том. 282-бет). Сөйтіп, екеуінің тілегі Мықан ағашының түбінде орындалып бала берді. Бергенде де берген құсатып Шора батырды берді. Енді ол адамға бұл өңірде өлім болмақ емес. Сондықтан да жырда Шора батыр Ќазанды қайырып алып, түрікпенді ел қылып, қалың тамамен Стамболға қоныс аударады. Ол жақта Мықан ағашы жоқ, яғни, кейіпкердің өліміне кепілдік жоқ.
Сол «Мәңгілік өмірдің» саясы Мықан ағашының бейнесі қандай? Қандай қасиеттерге ие, қандай құдіреттен тұл? Топан суы қаптағанда Нұқтың «Қазығұртта қалған кемесі» сол Мықан ағашынан жасалған емес пе екен? Діни әфсаналар мен уағыздардағы алтын ағаш – «әлемдік бәйтерек», Құддыстағы қасиетті қабырға мен пайғамбар құжырасы солардың санадағы саңлауы ма? Дүниені топан судан сақтап тұрған, уақыт пен кеңістікті, бір ғаламдық дүние мен екінші ғаламдыќ дүниені, өмір мен өлімді бөліп тұрған Құддыстағы тығын – Мықан ағашынан жасалған жоқ па екен осы? Неге әлем жұрты арғы атасын бәйтеректің бұтағынан, еменнің тамырынан, ағаштың қабығынан жаратып, таратады? Бейіштегі Хауа ананың өзі алма ағашының жемісіне күпті болды. Ол жеміс өмір жемісі ме? Тірі мен өлі заттың нышаны ма? Ол ағашта бір қасиет болмаса, оның нәріне өмір тіршілігі мен талшығын кім дарытып қойған? Ол ағаш тамырын қайдан алған? Егер жерден нәр тартса, тіршілік силамаса керек-ті. Өйткені топырақ - исі адамзат атаулының санасында өлімнің ныспысы болып саналады. Сауал көп, жауап жарытымды емес. Жалпы осы Мықан ағашының үлгісі қандай?

Көшпелілер әлемінің есте жоқ ескі үлгісін жүйелеген Иманғазы Нұрахмет оқымысты Мықан ағашын - «әлемдік бәйтерекпен» (дерево мировое) апарып ұштастырады да, оған «жер мен көкті жалғастырып тұрған кіндік... Қазақта «Ерінбеген Мықан ағашын табады» – деген мақал бар. Осындағы «Мықан ағашы» жоғарыдағы әлем ағашы (дерево мировое)» - деп баға береді (Ұлыстық әдебиеттен ұлттық әдебиетке дейін. Астана. 2005.144-145 беттер). Ал Әлкей Марғұлан ғұлама үшін Мықан ағашы - Шоқтерек. Ол «көне дәуірдегі эпостарды тудыруда жиі қолданатын орта» болған. Яғни, түгел сөздің түп тамыры, өмір бастауы.



Әлемдік әсіреәфсаналарда ағаштардың тамырының будандалуынан пайда болған (Адонис т.б.) әулиелер бейнесі бар. Бір ағаштың тамыры жерге, екіншісінің тамыры көкке қарап шатасуының нәтижесінде тіршілік, жан-жануар, жәндік, ақыры адам жаратылды-мыс дейтін де көркем түйсік жүйесі жасалған. Шындығында да көшпелі, оның ішінде түркі жұртының түп-тұқияны осы, алып ағашқа келіп тірейді. Оған ежелгі дәуірдегі нысан мен нысана, аңыз бен әфсана атаулының барлығының тамырының бір ағашқа барып байланатыны дәлел. Әл-қисса, адамзат мәуелі ағаштан өрбиді. Көне оғызыңыздың да, қыпшағыңыздың да, сақ-скифтеріңіздің тегі Тарғытайдың да шыққан тегі ағаш. Ол туралы:

Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,

Заты бар бұтақ сайын жанға керек.

Балта, шөміш, түрен мен мойынтырық,

Төртеуін таңдап алдым ерекшелеп,-

деп жұмбақтайды даланың ауызекі шыѓармашылыѓында (А. Сейімбек. Қазақ әлемі. А. 1997. 216-б.). Бұл Гередоттың тарихнамасындағы аспаннан Тарғытайға түскен алтын сақа, мойынтырық, балта мен шөміш туралы әфсананың жолма-жол өлеңшумаѓына түскен нұсқасы ғана емес, сонымен қатар м±нда алып бәйтерек – Мықан ағашыныњ әр бұтағының шапағатының дауасы айтылған көшпелілердің мәңгілік өмір туралы үлгісі бар. Оған қоса: түрен – кіші жетіқарақшы, мойынтырық - қарақұрт (кассиопея), балта-таразы, шөміш - жетіқарақшы – деп жұмбақтап отыр. Демек қазақ үшін мұқым ғаламның кіндігі – Мықан ағашы. Кеңістік пен уақыт та соның ішінде, Жаратушымыз сол уақыт пен кеңістіктен тыс алып Бәйтерек. Тарғытай, яғни, түркі содан тарайды.



Бұл – ғарыштыќ жаратылысқа ішкі мағына беретін, тектік жаратылыстың соңғы нәтижесі - тіршілік иесінің жаратылуымен тәмәмдалатын ғаламдық сана құрылымының түпкі тұжырымы (заключительный этап космогенеза). Өсімдік – жәндік – жануар – адам боп сатыланатын даму санасынан с‰зіліп барып парасат тұлғасы (культурный герой) мен қоғамдық құрылым алдыңғы қатарға шығады. Мұны Адам – Атадан, яғни, түп-тұқияннан өзіње дейін таратылатын «¤мір бәйтерегі», қазақша айтқанда «Шежіре» деп те атауға болады. Кеңістіктер мен уақытқа қатталып, арасы әсіреәфсана арқылы үзіліп, жалғанып (мысалы, Иса мен Шыңғыс ханның, Едігенің нұрдан ұйып бойға бітуі сияқты) отырса да, ол жүйелі төрт буынмен (туу, өсу, тұқымның сұйылуы – азуы, өлу, кей әфсаналық жүйеде – туу, өсу, өлу, қайта туу) тұйықталып отырады. Оған қайтадан тіршілік нәрін беретін – Мықан ағашының (өзге нанымдарда үйеңке, құрма, жүзім, қайың, анар, хулуппа, ашака µрік т.б.) жемісі.

Туу - өсу - өлу – жаңғыру жолы қилы-қилы қисында дамиды. Көшпелі жұрттың санасындағы бұл көркем түйсік «Көш-көш!» дастанында көркем жүйеге түсіріліп, тиянақты баяндалған. Атақты Ахаддин Мәлік Жоуэйнидің «Жаһанды жаулап алушының тарихы» атты шежіресінде де солай. Онда:



«Қарақорым тауынан ағатын Тула өзені мен Селенгі өзені қилысатын жерде «Фистук» және «Ќарағай» деген екі ағаш өсіпті. Бір заманда осы екі ағаштың ортасынан төбе пайда болыпты (яғни, буаз болған – Т. Ж.) да, ол күн сайын биіктей беріпті. Түнде дөң ішінен жарық көрінетін болыпты. Жұрт таң қалысып, әлгі төбеге, мінәжат етіпті, жалбарыныпты. Сонда дөңнің астынан өлең айтылған үн естіледі. Жарық күн сайын күшейеді. Күндердің күнінде төбенің бүйірінен есік ашылады, оның ішінен киіз үй сияқты бес отау көрінеді. Үйдің ішіндегі бес тақтың үстінде бес бала май сорып отыр екен. Бес баланы бес әйел емізіп асырайды. Балалар ержетіп, тілі шыққан соң өз ата-аналарын іздейді. Жұрт баяғыдағы буаз болған екі ағашты алып келеді. Қос ағашқа тағзым еткен соң оларға тіл бітіп, бесеуіне өсиет айтып, аманат тілейді. Бесеуі өзара тату, жұртқа силы болады. Олардың аты – Сұңқар тегін, Құлашор тегін, Бұқа тегін, Ор тегін және Бұғы тегін екен. Бұғы тегінді хан сайлайды. Тәңір оған дүниенің тілін білетін үш құс береді. Сол құс арқылы төртк‰л дүниенің тілін біліп, билеп отырады. Перінің қызына үйленеді. Ағайынды бесеуі бірігіп төрт құбыланы билейді. Ақыры Түркістанның астанасы Баласағұнға орнығады. Түсінде мәңгілік билік тұмары - Ќас тасына ие болады. Бұғы қаған өлген соң барлық өсімдіктер мен жан-жануарлар «Көш, көш!» - деген дыбыс шығарып, айналаны азан-қазан етіпті. Ел қай жерге көшіп қонса да «Көш-көш!» - деген үн басылмапты. Содан көш бір жазыққа келіп тоқтағанда ғана «Көш, көш!» – деген үн өшіпті. Содан сол жерге қоныс теуіп, бес қала салыпты. Кейін сол шаһар «Бесбалық» атаныпты-мыс. Бұл әфсаналық үлгіге қарағанда Мықан ағашы - өмір бастауы. Бұған алып ағаштың қуысынан табылған баланың атын «қыпшақ» - ағаштың қабығынан жаратылған бала деп Оғыз қағанның ат қоюы, мұқым қыпшақ жұртының содан таралуы туралы аңыз - әфсананы қоссаңыз, аңыз емес, тарихи аңыз сыпатын да танытады.

Жаратылысқа жан бітіру түйсігімен (аниматизм), оны тірілту (анимизм) ықылымын қамтитын әлемдік әфсаналардың көркем жүйесі бойынша «өмір ағашының» өзі де түрлі текке бөлініп, түрлі қасиетті иеленеді. Өмір мен өлімді шатастыруға болмайтыны сияқты, олардың да орынын ауыстыруға тиым салынған. Мысалы, кет жұртының ырымы бойынша қарағай - өлімнің, шырша - өмірдің, қайың аспан мен күннің кіндігі ретінде ырымдалады (Итс Р. «Шепот Земли и молчание Неба», М.1990, 372, 67-бет). Мұндай тиым түйсігі қазақы әсіреәфсаналық көркем санада да ұйыған. Мысалы: жас шыбықты кесуге болмайды. Қу тамырдың, қарағайдың, қобыздың алдыњнан кездесуі өлімнің суық хабары екені эпостық дастандарда µте шеберлікпен емеуірін нышанын береді. Кейіпкерді жаманатқа алдын-ала дайындайды, қатерден сескендіреді, қауіптен сақтандырады. Қобыздың - қураған үйеңкенің діңінен, қу қарағайдан жасалуының өзі де өлімнің салқын сарынын естіртеді.

Алып ағаштың жаңқасы да өлімнің арашашысы бола алады. Аңызға айналған АпырасиабАлыпЕр Тоңа ажалдан жасырынбақ боп алпыс адамның бойымен тең биік қорған салып, қос құлағына бірі - Ай, бірі - Күн шам орнатыпты. Асыл тастар күндізгідей нұр шашады екен. Сонда да Афырасиаб ажалдан құтылмайды. «Қайда барсаҚорқыттың көрінен» құтыла алмаған Қорқыт - өлімді алып ағаштан шабылып алған қобыздың үнімен ажалды үркітіпті. Өлімнің арашасысы - ағаш қобыздың дауысы. Өйткені ол Мықан ағашының жаңғағы шығарған мәңгілік өмірдің сарынынан сескенеді. Қобыздың үні тынсаҚорқытқа ажал именбей келмек. Ќорқыттың құлағына «қырық жастан аспайсың» – деп түсінде берілген аянның да өзіндік себеп-сарыны бар. Ол - Нұқ пайғамбардың тұсындағы топан суынан аман қалған кемпір сияқты «уақытсыз уақытта», яғни, уақыттан тыс туған. Себебі, Ќорқыт туар кезде: «Қараспанды су алған, Қара жерді құм алған». Қаратауды бұлт басып, астан-кестен дауыл тұрған. Тіпті уақыт пен кеңістіктің өзі ауысып кеткен. Афырасиабтың аспан тіреген шаһарында да, Ќорқыт тығылған Сырдың суында да, Жерұйық іздеп келген Жер ортасыКөктөбеде де өмір тамыры - Бәйтерек жоқ. Ол фәнидің де, бақидың да есебіне ілінбеген уақыттан тыс туған адам. Сондықтан да оның денесін пәруардигерлер жердің астынан іздеп жүр. Ал кезіге қалсакөрі қазулы тұрмақ. Өзінің екі дүниенің есебіне кірмегенін түсінген Қорқыт қобызымен ажалды сескендіріп, мәңгілік өмір иесінЖерұйықты, яғни, өлімі жоқ үшінші бір кеңістікті іздейді.

Қобыздың мұндай қасиетке ие болуы Қорқыттың және өзге де бақсылардың:

Қарағайдың түбінен,

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен,

Үйіріп алған қобызым,

деген жырынан аныќ байқалады.

Ќорќыттыњ ќобызыныњ ағашында Мықан ағашының қасиеті бар, бірақ, мәуесіз болғандықтан да ажалдан уақытша арашалағанымен де, мәңгілік өмір саясы бола алмайды. Қорқыт пен қобыздың мифтік сипат алатыны да осы «үйеңкенің түбінен иіріп, қарағайдыњ т‰бінен қайырып» алған ерекше тегінде. Бұл туралы халық арасында тағы бір пара тосын философиялыќ ањсар бар. Оны әулиелігі басым оқымысты Көшекбаев айтып беріп еді.



Заманның азып, аңыздың тозғанына тәмсіл ретінде Бәйтеректің құлауын, «қарағайдың қарсы біткен бұтағын», «қарағай басын шортанныњ шалуын» мысалға алған «зар заман поэзиясының» өкілдері өз шығармаларында мекзеу еткен. Фәни дүниедегі Жиделібайсынды іздеген Асан қайғының жидесі де осы Мықан ағашы. Нәрікке кезіккен «ақ шеңгел» сияқты Жерұйық та «адам емес, құдай шығарған» Жиделі өлке. Өкінішке орай Асан қайғыға Мықан ағашы кезікпеді. Уақытын өткізіп, «дєуренін тємєм етіп» алды. Соған өкінген ол:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар,

Заман азып, заң тозып, жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып,

Балалардың дәурені тәмәм болар.

О күнде қарындастан қайыр кетер,

Ханнан – күш, қарағайдан шайыр кетер –

дейді (Мәшһүр–Жүсіп.Шығармалары. 6 том.70-бет).

Мәңгілік өмір ағашының мазмұнына Бостандыќ мағынасын берген Асан қайғының Мықаны қурап, «шайыры кеткен қарағайға» айналған. Ќорќытќа єу баста б±йырѓаныныњ µзі – ќу аѓаш, ќобыз. Ол - µлімніњ бергісі. Ќобыздыњ сарыны – ажалдыњ сарыны. Ал Абайдың: «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген (В.Крыловтан аударѓан) өлеңініњ өзінде де оныњ ойындаѓы Мықан ағашы туралы ±лы аңсары жатыр. ‡шеуі үшін де мәңгілік азат өмір аңсары үмітсіз дүние – жалған болып қалған. Бірінің «бәйтерегі құлады». Екіншісінің «қарағайын шортан шалып, шайыры кетті». ‡шіншісініњ - Ќорќыттыњ «ќайда барсањ кµрі ќазулы т±р». Олардың «бостан дәуірі тәмәм болды». Жиделібайсын да, Жерұйық та орындалмас арман, «зар заманның басы». Өйткені «заманның азуын» тоқтататын ешқандай қасиетті нысана көрінбейді. Байқап қарасаңыз, Асан қайғы қазақ даласын кезіп жүріп, баға бермеген жері жоқ. Соның ішінде Шоқтерек, Бәйтерек, Ақшеңгел, Ақтерек, Емен туралы бір де бір толғау кездеспейді. Әрине, тоғайға да, орманға да жолықты. Бірақ ол әуел баста өзі: «Ерінбей іздеген Мықан ағашын табады. Ол Жиделібайсында өседі. Сол ара Жерұйық болмақ. Оған кәуірдің табаны баспаќ емес» - деп іздеп шыққан киелі ағаш емес. Қорқыт ата да Мықан ағашын таба алмай, қайда барса да қазған көрге кезігіп отырды. Егерде Шоќтерекке, Бәйтерекке, Еменге кездессе, онда өлімнен қашпас еді. Ал қу қарағай - өлімнің нышаны, оған «зар заман» ақындарының поэзиясы толық дәлел. Ер Сайынның да табыты қу қарағай болуының себебі сонда.



Ажалдан ағаш арқылы араша іздеукөркемдік жүйенің бір тәсілі боп табылады. Мысалы: «Қорқыт ата кітабінің» Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жырында Қазанның ұлы Ораз қолға түскенде дар ағашының түбінде тұрып оѓан: «Атыңды ағаш десем, шамданба ағаш! О, Мекке мен Мәдинаның есігі болған ағаш! Құдаймен тілдескенде Мұсаның аса таяғы болған ағаш! Ерлердің ері - Әлидің дүлдүліне ер болған ағаш! Зұлпықарға сап болған ағаш! Хасан мен Құсайынған бесік болған ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс ағаш! «– деп жалбарынады.

Мәңгілік өмір иесі - ағаштың киесі күшті. Киелі аѓаштыњ рухы ќолдаѓан Ораз ұл тірі қалады. Араға мың жыл салып ағаш туралы бұл қайырым Қашаған жыраудың аузына түседі. «Шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді?!» – деп шаптыққан Есқали сопыға Қашаған жырау:

Пайғамбарлар туғанда,

Бесік болған бұл ағаш.

Ибраһим қағба салғанда,

Есік болған бұл ағаш.

Жөбірейіл жаннаттан,

Алып келген төрт қылыш...

... Сынабына солардыњ,

Қат та болған бұл ағаш.

Әруақты ерлерге,

Жақ та болған бұл ағаш,-

деп бастырмалата жөнеледі. Демек, көшпелілердің көркем әлемінде «ағаштың» өзі көркем жүйенің бір тірегі ретінде қолданылған.

Жаһандық «древо мировое» мен орыстың «дерево жизниі» де Мәшһүр-Жүсіп суреттеген Мықан ағашының үлгісіндей анық емес. Мұны Мәшһүр-Жүсіп мұңлық:



Ей, жігіттер бұл сөзге құлағың сал,

Үгіт салған сөздерден ғибадат ал!

Кітаптың айтуынша, ей, жарандар,

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет