Өкпе ісінуі –қанның сұйық бөлігінің өкпенің интерстициальді тініне, сонан соң альвеолаларға ығысуымен көрінетін патологиялық жағдай



бет2/4
Дата18.09.2022
өлшемі393,05 Kb.
#149853
1   2   3   4

клиникасы

  • ауа жетіспеу сезімімен кенеттен басталуы;
  • кейде тұншығуға өтетін, əртүрлі дəрежедегі үдемелі ентігу;
  • кейде Чейн-Стокс тынысы (қысқа кезеңді гипервентиляцияның тыныстың тоқтауымен кезектесуі);
  • жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін – көпіршікті белокты қақырық, кейде күлгін түске боялған;
  • науқас мəжбүрлі қалыпта отырады (ортопноэ);
  • науқас қозған, тынышсыз;
  • тері жабындыларының боз жəне ылғалды болуы (суық тер), шырышты қабаттардың цианозы;
  • тахикардия (120-150 рет минутына),
  • мойын веналарының ісінуі;
  • АҚ-ның қалыпты немесе төмен көрсеткіштері;
  • өкпенің альвеолярлы ісінуінде (өкпе ісіну синдромы)- қашықтықта да өкпенің барлық бетінде анық əртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естілуі мүмкін (бұрқылдаған тыныс);
  • перкуторлы – жүректің абсолютті тұйықтығының сəл солға қарай ығысуы (сол қарыншаның дилятациясы).

Негізгі диагностикалық шаралар

  • Негізгі диагностикалық шаралар
  • 1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе физикалық күш түскенде) білу.
  • 2. Қазіргі жағдайға əкелген симптомдарды анықтау (кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды).
  • 3. Жалпы жағдайын жəне өмірлік маңызды функцияларды бағалау: есін, тынысы, қан айналымы.
  • 4. Науқастың қалпы: ортопноэ.
  • 5. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды), акроцианоздың болуы, мойын веналарының жəне кеуденің жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың, асцит).
  • 6. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде брадикардия).
  • 7. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с.б. төмен түсуі - шок белгісі; гипотония (миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде).
  • 8. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе оңға ұлғаюы (кардиомегалия).
  • 9. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы.
  • 10. Жүрек аускультациясы: пресистолалық ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу.
  • 11. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар.
  • Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушіліктің ЭКГ-белгілері:
  • I, II, aVL, V5-6 Р тісшесінің екеуленуі жəне амплитудасының ұлғаюы;
  • Р тісшесі амплитудасының екінші теріс фазасы ұзақтығының ұлғаюы немесе V1 теріс Р тісінің пайда болуы;
  • Теріс немесе екі фазалы Р III;
  • Р тісі енінің ұлғаюы – 0.1 с жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет