Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
Анықтамасы
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру; ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.
Жіктемесі:
Cтадия 0. ӨСОА қауп стадиясы – созылмалы жөтел жəне қақырықтың түсуі; өкпе функциялары қалыпта.
Стадия I. Жеңіл ӨСОА – айқын емес (жеңіл) бронхообструкция (ОФВ1/ЖЕЛ < 70%, но ОФВ1 80 % қалыпты мəннен) жəне бірақ барлық жағдайда созылмалы жөтел, қақырықтың түсуі болмауы мүмкін.
Сстадия II. ӨСОА ауыр дəрежесі – бронхообструкцияның үдеуі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен) жəне симптомдардың үдеуі, физикалық жүктемеде ентікпе дамиды.
Стадия III. Ауыр ӨСОА – бронхообструкцияныі əрі қарай үдеуі (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), өмір сапасына əсер ететін, ентікпенің үдеуі жəне жиі асқынулар.
Стадия IV. Аса ауыр ӨСОА – ауыр бронхообструкция (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) немесе созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар
Темекі тарту ӨСОА аса маңызды қауіп қатерлі факторлары болып табылады. Əрі қарай жұмыс орнындағы тозаңдар мен химикаттар (тітіркендіргіш заттар, булар, буланулар), органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, қоршаған ауаның ластануы, пассивті темекі тарту, ерте бала жастағы тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділік (темекі тартпайтын 40 жастан кішілерде ауруды альфа1-антитрипсин тапшылығымен байланыстырады).
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);
- созылмалы қақырық түсу (кез келген созылмалы қақырық түсу ОСОА көрсету мүмкін);
- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);
- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);
- қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.
30>50>80>
Достарыңызбен бөлісу: |