Тез үдейтін белсенді цирроз-бауырдағы патологиялық процестің белсенділігі 3-ші дәрежеге өтіп порталды гипертензия мен бауыр жетіспеушілігіне тез әкеледі (жиілігі 10,8%)
Баяу үдейтін белсенді цирроз –клиникалық белгілерінде белсенділік дәрежесі айқын білінбейді,биохимиялық және морфологиялық өзгерістер айқын емес порталды гипертензия мен бауыр жетіспеушілігі баяу дамиды.Өмір сүру уақыты 10жылдан артық. (жиілігі 31,7%)
Сылбыр ағымда өтетін цирроз-клиникалық ағымында белсенділігі білінбейді.Биохимиялық көрсеткіштерде қабыну белгілері жоқ.Морфологиялық өзгерістер әлсіз білінген, порталдық гипертензия баяу дамиды,бауыр жетіспеушілігі дамымайды. Өмір сүру уақыты 15жылдан артық (жиілігі 34,5%).
Жасырын цирроз- клиникалық,биохимиялық және морфологиялық белгілері байқалмайды. Порталды гипертензия мен бауыр жетіспеушілігі кездеспейді. (жиілігі 16,6%),өмір сүру уақыты шектелмеген.
Бауыр циррозы синдромдармен білінеді: Ауру синдромы.Ол өт жолдарының дискенизиясы мен гепатоциттердің некрозының дамуы себепті пайда болады. Холестаз синдромы (сарғаю).Ол өттің өтуіне кедергінің бауырішілік өт жолдарында және бауырдың биллиарлық полюсында өттің бөлінуінің бұзылуы себепті дамиды. Порталды гипертензия синдромы.Ол клиникада қақпа венасында қысымның жоғарылауы себепті дамыған коллатералдық қан тамырларынан (өңештің төменгі бөлігінің веналарының кеңеюі, екіншілік геморрайдалдық түйіндердің ) қан кетуі.Іштің бетінде кіндік маңынан шыққан коллатералды веноздық тармақтардың байқалуы (медуза басы белгісі),асцит пен спленомегалия дамиды. Спленомегалия гиперспленизм синдромымен білінеді.
Зертханалық зерттеулер: -жалпы қан анализіндегі өзгерістер: тромбоцитопения, гемоглобиннің төмендеуі, кейбір жағдайларда айқын иммундық цитопения кезінде –ЭТЖ жоғарылауы, лимфоцитопения - кахексия кезінде, мегалобластоз – бауырдың алкогольдік зақымдануы және В12 витаминінің жетіспеушілігі кезінде, лейкоцитоз – өздігінен бактериялық перитонит кезінде анықталады; қанның биохимиялық талдауындағы өзгерістер: цитолиз дәрежесін көрсететін AЛТ және АСТ дәрежесінің жоғарылауы, Уилсон-Коновалов ауруы кезінде церулоплазминнің төмендеуі, әсіресе мыс пен зәрдің тәуліктік шығарылуының жоғарылауымен бірге; жалпы ақуыз фракцияларының өзгеруі: бауыр декомпенсациясының көрінісі ретінде альбуминнің төмендеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |