Созылмалы пиелонефрит. Этиопатогенезі. Клиникасы. Созылмалы пиелонефриттің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Диспансеризациясы. Болжамы. Алдын алуы.
Жауап: Созылмалы пиелонефрит- астауша тостағанша жүйесі және аралық тіннің зақымдануымен жүретін бейспецификалық қабыну процесс.
Этиопатогенез: пиелонефрит қоздырғышы: ішек таяқшасы, энтерекокк, протей, стафилококк, стрептококк. Аралас флоралар 68% жағдайда кездеседі, ішек таяқшасы 25%, коккты флоралар 6% жағдайда.
Бүйрекке енетін инфекция қоздырғышының алғашқы ошақтары болып кез-келген іріңді – қабыну процесі (тіс жегісі, пневмония, фурункулез, мастит, холецистит, остеомиелит, несеп-жыныс жүйесі мүшелеріндегі қабыну ошақтары және басқалары) табылады.
Инфекцияның бүйрекке енетін төмендегідей жолдары болады: гематогендік, несеп ағар қабырғасы бойымен және қуық-несепағар рефлюксі болған жағдайда несепағар қуысы арқылы.
Клиникасы:триада синдромы көрініс береді: Ауырсыну, несепік, интоксикация.
Диагностика:
1 Лабораторлы зерттеу: ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, анемия.
ЖЗА:лейкоцитурия 3-4 көру алаңынан жоғары, протеинурия тәулігіне 1гр жоғары, гиалинді және түйіршікті цилиндрурия, бактериурия 1мл несепте 105/л жоғары.
Нечипоренко сынамасы: лейкоциттер 2000 жоғары, цилиндрурия 220 жоғары, биуретті әдісте селективті протеинурия анықталады.
2Функциональды зерттеу: қалыпты креатинин 0,088-0,178ммоль/л, несеп қышқылы, K, Na, Ca, фосфор, парат-гормон, несептің бактериологиялық себіндісі, Шумақтық фильтрация жылдамдығы (СКФ), КЩС.
Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация 80-120мл/мин. Каналшалар реабсорбциясы 97-98%, несептік клиренс 53-75мл/мин.
3 Инструментальды зерттеу: бүйрек УДЗ астаушаның кеңуі, тостағанша деформациясы анықталады.
Экскреторлы урография, КТ, Цистоскопия.
Дифференциальды диагностика: созылмалы гломерулонефрит, несептас ауруы, бүйрек туберкулезімен жүргізіледі.
Созылмалы гломерулонефрит-дизурия, бактериурия, пиурия болмайды. Гломерулонефриттеекібүйрекбірмезгілдезақымданады. Ісік, АГ жіне гематурия. ЖЗА: эритроцитурия, протеинурия 3,0гр дейін, гиалинді және эритроцитарлы цилиндрурия. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер 1000 жоғары, цилиндрурия 220 жоғары.
Несеп тас ауруы- ұстама тәрізді аырсыну, көбіне соқпалы жүріс кезінде, физикалық жүктемеде. Шап аймағына және ұмаға таралады. УДЗ конкрименттер анықталады.
Бүйрек туберкулезі-рентгенограммадапиелонефритпенсалыстырғандадеструкциялықпроцестерсклероздықпроцестерденбасымболады. Цистоскопия туберкулездік цистит белгісінанықтауға, ал несепсебіндісі туберкулез микобактериясынтабуғамүмкіндікбереді.
Емі: Медикаментозды емес, медикаментозды.
Медикаментозды емес: АГ және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі болмаса, толыққанды ақуыз, май, көмірсу және дәрумендер беріледі.
Медикаментозды: флорасы бар және сезімталды антибактериальды дәрілер: Цифрофлоксацин, офлоксацин, левофлоксацин.
Оперативті әдістер: несепағар құрылымының ликвидациясы, нефропиелолититомия, аденэктомия.
Диспансеризация: Барлық науқастар «Д» есепке алынады. Жылына 2рет тексеру жүргізіледі. Мамандар кеңесі: нефролог және урологпен.
Болжамы:Патологиялық процестің сатысына, зақымданудың бір немесе екі жақтылығына және асқынуларға тәуелді болады. Екі жақты созылмалы пиелонефриттің болжамы аурудың қай сатысында диагноз қойылғанына байланысты болады. Аурудың ерте сатысында компенсация күйін ұзартуға мүмкіндік болады. Аурудың соңғы сатыларындағы болжам шумақтық фильтрацияның сақталу ұзақтығына байланысты болады. Артериялық гипертензия мен СБЖ бой көрсеткенде ауру адам еңбекке жарамсыз болады.
Алдын алу:
Бірінші ретті профилактика шаралары: 1) организмдегі ірің ошағын мезгілінде жою керек; 2) урологиялық ауруларды мезгілінде емдеу керек; 3) несеп жолдарымен несеп жүруіне кедергі тудыратын себептерді жою.
Екінші ретті профилактика шараларына жедел процесті тоқтату, жедел қабыну процестің созылмалы түрге ауысуының алдын алу, аурудың қайталауының алдын алу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |