+сүттің жетіспеушілігі жоқ, тамақтандыру көлемі баланы қанағаттандырады



Дата24.05.2024
өлшемі101,35 Kb.
#202866
Байланысты:
test 2 uroven


Дәрігерді үйге шақыру. Бала 28 күндік. Анасы баласының мазасыздығына шағымданады. Тәулігіне 8 рет 3 сағат сайын тамақтандырады. Әрбір тамақтандырған сайын анасы 20-30г сүтті сауып алады. Баланың туылғандағы салмағы 3400 граммды құраған, ал тексеру кезінде 4000 грамм болып шықты. Бір реттік тамақтандыруды тексеріп бақылау кезінде бала 100 грамм сүт емді. Анасының сүтінің жетіспеушілігі гипогалактияның қандай деңгейіне сай келеді?//
+сүттің жетіспеушілігі жоқ, тамақтандыру көлемі баланы қанағаттандырады//
гипогалактияның І дәрежесі//
гипогалактияның ІІ дәрежесі//
гипогалактияның ІІІ дәрежесі//
гипогалактияның ІV дәрежесі
***
25 күндік Настя атты нәресте, туғандағы салмағы 3500, қазіргі уақытта 4000г құрайды. Тамақтандыру режимі тәулігіне 8 рет. Бір реттік тамақтандыруды бақылап өлшеу кезінде 70 мл сүт емеді. Гипогалактия деңгейін көрсетіңіз.//
сүттің жетіспеушілігі жоқ, тамақтандыру көлемі баланы қанағаттандырады//
гипогалактияның І дәрежесі//
+гипогалактияның ІІ дәрежесі//
гипогалактияның ІІІ дәрежесі//
гипогалактияның ІV дәрежесі
***
11 жасар қыз бала, 3 жыл бойы тамақтанудан кейін 10-15 минуттан соң эпигастрия мен сол қабырғаастылық іш аймағының піскілеп ауырсынуына шағымданады. Тамақтану режимі мен диетаны ұстанбайды. Тексеру: терісі таза, бозарған қызғылт. Іші ұлғаймаған, беткей және терең пальпация кезінде эпигастрия мен пилородуоденальды аумақта бұлшықеттің кернеуі және ауырсыну анықталады, сонымен қатар Мейо-Робсон аумағында ауырсыну бар. Қосымша зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші өткізу тиімдірек?//
Қанның жалпы сараптамасы//
+Эзофагогастродуоденоскопия//
Зәрдің жалпы сараптамасы//
Құрсақ қуысының мүшелерін УДЗ//
Копрограмма
***
11 жасар қыз. Эпигастрия аймағының ауырсыну сезімі, лоқсуға, «шіріген жұмыртқа» иісімен кекіруге, іш кебуіне, сұйық үлкен дәретке шағымданады. Пальпация кезінде эпигастрияда ауырсыну анықталды. Бауыры ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыныз://
асқазан секрециясының жоғарылауымен созылмалы гастрит//
+ асқазан секрециясының төмендеуімен созылмалы гастрит//
асқазан секрециясы қалыпты созылмалы гастродуоденит//
асқазан ойық жарасы//
он екі елі ішек ойық жарасы
***

Науқас 8 жасар. Түнгі уақытта аш қарынға пайда болатын ауырсынуға шағымданады, тамақтанғаннан соң ауырсыну басылады. Пальпация кезінде іші кернейді, әсіресе пилородуоденальды аумақта, мұнда ауырсыну мен терінің гиперестезиясы анықталмайды. Ауырсыну арқаға беріледі. Болжамалы ауру: //


Асқазан секрециясы жоғарлауымен созылмалы гастрит//
Асқазан ойық жарасы(кіші қисықта)//
Өт шығару жолдарының дисфункциясы//
+он екі елі ішектің бульбусының ойық жарасы//
асқазан секрециясы төмендеуімен созылмалы гастрит
***
Бала 2 жасар. Оның жалпы зәр талдауында көрудің аймағында 15 ке дейін лейкоцитурия анықталды. Баланың анамнезінде жиі ЖРВИ. Баланың жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация симптомдары мен дене температурасы 38 көтерілуіне байланысты. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек соққылары анық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Зәр түсі лайланған. Осы балаға алдын ала диагнозын қойыныз://
Жедел цистит//
+Жедел пиелоефрит//
Жедел гломерулонефрит//
Гельминтозды инвазия//
Тубулопатия
***
9 жасар балада тұмаудан соң бас ауруы, қайталамалы құсу, «ет жуындысының» түсіндей несеп, артериялық қысымның жоғарылауы пайда болды. Сіздің алдын алу диагнозыныз://
Жедел пиелонефрит, белсенді фазасы, БҚС//
Жылдам өршитін гломерулонефрит//
+Жедел нефритикалық синдром//
Нефротикалық синдром//
Созылмалы нефритикалық синдром, БҚС
***
13 жасар қыз. Созылмалы гломерулонефрит анықталған, аралас формасы. БСА. Зерттелді: ЖҚА – Нв-56г/л, ЭБЖ-60 мм/сағ; қанның биохимиялық анализі – мочевина 38 ммоль/л, қалдық азот 80 ммоль/л. Бүйректің созылмалы ауруында анемияның қандай типі кездеседі?//
Макроцитарлы//
+Нормохромды//
Микроцитарлы //
Апластикалық//
Гемолитикалық
***
7 айлық нәрестеде фебрилитет, айқындалған интоксикация, тісі шығуда, сирек несеп бөледі. ЖҚА – лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ - 25 мм/сағ; ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. Алдын алу диагнозыныз қандай?//
жедел цистит//
+жедел пиелонефрит//
жедел гломерулонефрит//
тістерге «реакциясы»//
жедел пневмония
***

5 жасар баланың артериялық қысымы сын.бағ. бойынша - 120/70 мм. Зәр анализінде ақуыз – 5,6 г/л, лейкоциттер – 0-1 к/а . Қандай диагноз болуы мүмкін?//


Вегето-тамырлы дистония//
Артериялдық гипертензия//
+Жедел гломерулонефрит//
Тұқым қуалайтын нефрит//
Зәр шығару жолының ифекциясы
***
4 жасар бала ауырсынумен жиі зәр шығаруға шағымданады. Осы шағымдар бассейнге барғанға байланысты, 2 күн бойы мазалайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта дизурияға байланысты. Перифериялық ісіктер жоқ, айқын емес интоксикация. Зерттеу кезінде лейкоцитурия анықталды. Осы балаға алдын ала диагноз қойыңыз://
+жедел цистит//
жедел пиелонефрит//
нефритикалық синдром//
созылмалы пиелонефрит//
жедел гломерулонефрит
***
5 жасар балада пиелонефрит анықталған, жедел ағымды, БҚС. Зәр шығару жүйесінің рентгенконтрасттық зерттеуін қашан өткізген дұрыс?//
Үрдістің белсенділік шыңында//
+Үрдістің бәсеңдеуі кезінде//
Өзің жақсы сезінгенде//
Температураның қалпына келгенінде//
Қызба кезінде
***
7 айлық нәрестеде құсу, дене қызуы 39 С көтерілген. Мазасызданған, жиі несеп бөледі. Зәрде ақуыз іздері бар, эртироциттер – көру аймағында 20, лейкоциттер – көру аймағында 80-ге дейін. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?//
Нефротикалық синдром//
Нефритикалық синдром//
+Пиелонефрит//
Созылмалы цистит//
Жедел цисти
***

4 айлық нәрестеде жедел пиелонефрит анықталған (лейкоцитурия, бактериурия). Диагнозды негіздеуге қандай зерттеу қажет?//


Зимницкий әдісі//
Иммунограмма//
Нәжістің бактериологиялық себіндісінің//
+Зәрдің бактериологиялық себіндісінің//
Эндогенді креатинин бойынша клиренс
***

Науқас Асылхан, 1 жасар. Тексеру кезінде тері жамылғылары мен шырышты қабаттың бозарғаны, терісінің құрғауы, тырнақтардың сынғыштығы анықталды. Анасының сөзі бойынша баланың бор мен топырақты жеуге әуестігі бар. Берілген симптомдар қандай ауруға сәйкес келеді?//


Гемолитикалық анемия//
Ақуыз тапшылықты анемия//
Гипотрофия//
+Темір тапшылықты анемия//
В 12 дефицитті анемия
***

Дерматологқа 14 жасар қыз шаштырының көп мөлшерде түсуіне шағымданып келді. Тексеру кезінде тері жамылғыларының бозғылттығы, терінің құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, койлонихия көзге түсті. ЖҚА-де Нв-нің 72 г/л-ге дейін төмендегені анықталды. Жоғарыда көрсетілген симптоматиканың мүмкін себебін анықтаңыз?//


А дәруменінің тапшылығы//
В 12 дәруменінің тапшылығы//
Кальций тапшылығы//
Магний тапшылығы//
+Темір тапшылығы
***

Нәресте - бірінші жүктіліктен, І босанудан, 40 гестациялық аптамен мерзімінде дүниеге келді, туғандағы салмағы 3800, бойы – 52 см, Апгар межесі бойынша 6-8 балл. Перзентханадан 3 тәулікте шығарылған. Біріншілік патронажда (4 күн), анасы нәрестенің мазасыздануына, нашар ұйқысына, мазасыздану кезінде иегінің треморына шағымданған.


Объективті: Үлкен еңбек – 3х3 см, бассүйек сүйектерінің деңгейінде. Жүйке жүйесінің жағынан – оральды рефлекстер өзгеріссіз, қозғалыс рефлекстері - тірек рефлексі табан саусықтарының ұшымен. Қауіптің неге бағытталатының көрсетіңіз?//
+ОЖЖ-де патологиясының даму қаупі//
Трофикалық бұзылыстардың даму қаупі//
Эндокринопатияның даму қаупі//
Жатырішілік инфекцияның даму қаупі//
Туа біткен ақаулықтардың даму қаупі
***

Нәресте 1 жас 3 айлық. Бала мекемесіне бармайды, анамнез қалыпты, физикалық, нервтік-психикалық дамуы жасына сай келеді; соңғы жылы 5 рет ЖРВИ-мен ауырған; негізгі функциялар деңгейі қалыпты; тексеру кезінде соматикалық дені сау. Бұл баланың қай денсаулық тобына жатқызуға болады?//


Бірінші//
+Екінші А//
Екінші Б//
Үшінші//
Төртінші
***

Науқас Жанна, 2 жасар. Анасы балаға сиыр сүтін бергеннен кейін, баланың дене температурасы 38 көтерілуіне, диареяның пайда болуына шағымданды. 8 күн бойы тәулігіне 7 ретке дейін сұйық нәжіс болған. ДСҰ-ның классификациясына сай диареяның формасын анықтаңыз.//


+жедел//
Табанды//
Созылмалы//
Рецидивті//
Персистирленген//
***

Ұл бала 1 жас 9 айлық. Бес күн бойы қызбасы болды, 3 күн - жөтел; ол сұйықтық іше алады, кез келген тағамды немесе сұйықтықты қабылдағаннан кейін құспайды, тырысулар жоқ, летаргиялық емес және есі анық. Тыныс алу жиілігі – минутына 51 рет, кеуде клеткасының тартылуы жоқ, стридор мен астматикалық тыныс алу жоқ. Ұл балада диарея жоқ. Ұл балаға мынадай классификация қою керек://


Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру//
+Пневмония//
Пневмония жоқ: жөтел немесе тұмау//
Өте ауыр фебрильді ауру//
Созылмалы қызба
***

3 айлық нәресте, стандартты адаптирленген сүт қоспасымен жасанды қоректенгеннен бастап беттің ал қызыл гиперемиясы, бастың шашты бөлігіндегі және қабақ доғасындағы гнейс, жиі лоқсулар байқалды. Алдын ала диагноз://


Пилороспазм//
Пилоростеноз//
Тоқ ішектің аномалиясы//
Есекжем//
+Атопиялық дерматит
***

Стандартты адаптирленген сүт қоспасымен қосымша тамақтандырғанда нәрестеде мазасыздық, терінің қышынуы және беттегі, денедегі, аяқ-қолдағы дақты бөртпе пайда болды. Метеоризм мен сұйық нәжіс жиі байқалды. Анасының бала кезінде бірнеше рет есекжем болған. Терідегі өзгерістер ненің белгісі://


Жедел вирустық инфекция//
Скарлатина//
Физиологиялық жас ерекшелік//
+Аллергиялық дерматит//
Қызамықтың
***

3 жасар бала 2 күн бойы ауырды. Ауру жөтел, танаудан су ағу, дене температурасының 40 -ге дейін көтерілумен басталды. Балада қызбаның қай түрін классификацияланады?//


Субфебрильді//
Аздаған фебрильді(38,0-38,9  )//
+Фебрильді//
Гипертермиялық//
Гиперпиретикалық
***

Нәресте 10 айлық. Дене температурасы 38,0  . Жөтел ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықты. Экспираторлы типті ентігу. Өкпедегі тыныс алу қатаң, ысқырмалы құрғақ және барлық аумақтағы ұсақкөпіршікті ылғалды сырылды. Өкпеге перкуссия жасауда – өкпе дыбысының қорапты түрі. Алдан ала диагнозы://


Жедел пневмония//
Жедел ларингит//
+Обструктивті бронхит//
Жедел бронхиолит//
Бронхиальды демікпе
***

Бала 8 жасар. ЖРВИ фонында ысқырықты тыныс, жиі қақырықсыз жөтел пайда болды. Өкпенің аускультациясында әлсіз тыныс алу, өкпенің барлық аумағында ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуссияда – қорапты дыбыс. Дәл осы симптоматика мысыққа байланысты байқалады, дене шынықтыру сабағында жылдам жүгіруде кезенді көрінеді. Баланың анасында - жиі түшкіру және күзгі уақытта жас ағу байқалады. Балада пайымдалатын ауру://


Обструктивті бронхит//
Жедел пневмония//
+Бронхиальды астма//
Жедел бронхит//
Созылмалы пневмония
***
1 жасар Айдарда тері жамылғылары мен шырышты қабықшаның бозаруы, тері жамылғыларының құрғақтануы, тырнақтың бөлінуі анықталды. Анасының айтуынша, баланың бор мен топырақты жеуге әуестігі бар. Болжам диагноз?//
Гемолитикалық анемия//
Талассемия//
+Темір тапшылықты анемия//
Апластикалық анемия//
В12 тапшылықты анемия
***

Нұрлан 11 айлық. Жасанды сүт қоспасымен тамақтанады, көбінесе сиыр сүтімен тамақтандырылады. Ет жемейді. Баланың бор мен топырақты жеуге әуестігі бар. Тексеру кезінде тері жамылғыларының құрғақтығы, тырнақтардың бөлінуі анықталды. Іш қатулар көрініс береді. Қандай клиникалық синдром?//


Анемиялық синдром//
Астено-вегетативті синдром//
+Сидеропениялық синдром//
Миелодиспластикалық синдром//
Сіңірілу бұзылыстары синдромы
***

Сәби 9 айлық. Ана сүтімен және бидай ботқасымен үстеме тамақтандырылады. Тексеру кезінде тері жамылғылары мен шырышты қабаттардың бозаруы, терінің құрғақтығы, тырнақтардың бөлінуі анықталды, жүрек ұшында систолалық шу, іш қату көрініс береді. ЖҚА-де Нв-нің 97 г/л-ге дейін төмендегені анықталды. Болжамды диагноз «Темір тапшылықты анемия». Темір тапшылықты анемия кезіндегі зертханалық негізгі көрсеткіш?


Сарысулық темір деңгейі//
Билирубин деңгейі//
ҚСТҚ деңгейі//
Трансферриннің деңгейі//
+Ферритиннің деңгейі
***

2 айлық бала. Пентавакцинамен вакцинациялағаннан кейін, келесі күні дене температурасы 38,3  -ке дейін көтерілген, бала омырауды нашар емеді, әлсіз, ұйықтай береді. ТАЖ – минутына 36 рет, ЖСЖ - минутына 136 рет. Поствакциналды кезеңнің ағымын қалай бағалауға болады?//


Егуге жеңіл дәрежелі ауырлықтағы реакция//
+Егуге орташа дәрежелі ауырлықтағы реакция//
Егуге ауыр дәрежелі ауырлықтағы реакция//
Егуге гиперэргиялық реакция//
Егуге энцефалопатиялық реакция
***

Қыркүйек айында бірінші сыныптағы оқушыларға Манту сынамасы өткізілді. Манту сынамасынан кейін балаларға БЦЖ ревакцинациясы қашан жасалады?//


Алғашқы 2 күнде//
+ 3 күннен 2 аптаға дейін//
3 күннен 4 аптаға дейін//
Манту сынамасынан кейін 1 ай ішінде//
БЦЖ ревакцинациясы Манту сынамасына байланысты емес, сондықтан кез келген уақытта өткізуге болады//
***

БЦЖ екпесінен кейін өмірінің 8 аптасында баланың сол жақ қолтық қуысында тығыз ауырсынусыз көлемі үлкен лимфатүйін пайда болды. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Мұндай жағдайда не ойлауға болады?//


Лимфогранулематозды//
Жұқпалы мононуклеозды//
+Регионарлы лимфаденитті//
Лимфосаркоманы//
Липоманы
***

5 жасар бала емхананың дәлізінде дәрігер-педиатрға қабылдау кезегін күтті. Бұл уақытта емханада күрделі құрылыс жөндеу жүргізіліп жатты: кабинеттер есігін сырлаған. Кенеттен бала өзін нашар сезінді: экпираторлы ентігу пайда болды. Ауаның жетіспеуі, ара қашықтықтан ысқырықты құрғақ сырылдар естілді. ТАЖ мин 55 рет. ЖЖЖ мин 120 рет. Анамнез жинаудан соң баланың сырға, әтір иісіне, терек мамығына ентігуі бірінші рет емес екені анықталды. Балаға диагноз қойыңыз?//


Пневмония//
Жедел фарингит//
+Бронхиальды астма//
Жедел ларинготрахеит//
Обструктивті бронхит//
***

Жалпы тәжірибе дәрігеріне 6 айлық баламен анасы жүгінді. Анасының жұмысқа шығуына байланысты 3 күн бұрын бала «Малютка» сүт қоспасымен жасанды тамақтануға көшірілді. 2 күн бойғы бет қызаруына шағымданған. Тексеру кезінде: гиперемия және бет терісінің ісінуі, жеңіл қабыршақтанумен бірге жүреді, гнейс. Ағзалар бойынша ерекшелік жоқ. Сүт қоспаны пайдаланғаннан соң гиперемияның дереу күшейетін айтады. Алдын ала диагноз://


+атопиялық дерматит, сәбилік формасы, бастапқы кезеңі, жеңіл ағымды//
атопиялық дерматит, сәбилік формасы, айқын өзгерістер кезеңі//
атопиялық дерматит, балалық формасы, бастапқы кезеңі, жеңіл ағымды//
атопиялық дерматит, балалық формасы, айқын өзгерістер кезеңі//
атопиялық дерматит, сәбилік формасы, толық емес ремиссия кезеңі
***

ЖРВИ-ді өткерген 5 айлық баланы тексеру кезінде аймақтық педиатр тері жамылғыларының бозаруына мән берді. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде – Нв-95г/л, эритроциттер 3,3 х түстік көрсеткіш – 0,8; айқын полихроматофилия, анизоцитоз. Қанның биохимиялық анализінде: қан сарысудағы темір деңгейі – 9,0 мкмоль/л, СТБҚ – 85 мкмоль/л ферритин – 4 мкг/л, ТТС - 13 . Сіздің диагнозыңыз?//


Гипохромды анемия//
Ақуыз тапшылық анемия//
+Темір тапшылық анемия//
Гемолитикалық анемия//
В12 тапшылық анемия
***

2 айлық нәресте, анасының ауруына байланысты сиыр сүті негізіндегі адаптирленген жасанды сүт қоспасымен қоректендіруге алмастырылды. Қоспаны бергеннен соң 3 күннен кейін мазасыздық және бет, дене, аяқ-қолдағы дақты бөртпелер пайда болды. Анасында бала кезінде бірнеше рет есекжем болған. Бала терісіндегі өзгерістер немен байланысты?//


Баладағы инфекция//
Анасындағы инфекция//
Қышыма (чесотка) //
+Тағамдық аллергия//
Физиологиялық жас ерекшелікке
***

Жас ата-аналарды нәрестесінің тыныс алу жиілігінің жоғарлауы және аритмиялық қасиеті мазасыздандырды. Төмендегілердің қайсысы баланың педиатр тексерген кезде патология ретінде қарастырады?//


Тыныс алу жиілігі мин 40-60 рет//
Тыныс алу аралығы 3 секунд тоқталу//
Кеуде клеткасының кіші экскурсиясы//
Әлсіреген тыныс шулары//
+Өкпедегі ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар//
***

Бірінші жүктіліктен нәресте асфиксиямен туды. 2 айлығында емханада алғашқы АбКДС+Hib, ИПВ, ВГВ вакцинациясы өткізілді. Балада вакцинациядан кейінгі алғашқы 2 сағатта дене температурасының қалыпты фонындағы қайталама клоникотоникалық тырысулар байқалды. Тырысулар өздігінен тоқтады, нәрестенің жағдайы жақсарды. Алдын ала диагноз қойыңыз. //


вакциянацияға шамадан тыс жалпы реакция//
поствакцинальды энцефалит//
ми ісігі//
+энцефалопатия//
Гипертензионды синдром
***

Участкелік педиатрды үйге шақыру. 12 айлық бала ЖРВИ-мен ауырған, ағымы типтік. Сауыққаннан кейін 2 күні ККП вакцинациясы жасалды. Вакцинациядан кейін жетінші күні баланың дене температурасы 38,0-ге дейін көтерілді, тұмау, конъюнктивит, құрғақ жөтел сияқты катаралды белгілер байқалды, шамалыдан соң дақты-папулезді бөртпе пайда болды, бөртпенің кезенді шығуы анықталмады. Алдын ала диагноз://


Митигирленген қызылша//
Қызылшаның бөрту сатылылығы//
+Вакциноассоцирленген қызылша//
Қызамық//
Атопиялық дерматит
***

Емханада АбКДС-ның екінші вакцинациясы жасалған соң 6 сағаттан кейін баланың жағдайы нашарлаған. Есінен танып тырысу пайда болды. Гипертермия. Құсу.Қозғалыс бұзылыстары, әлсіреумен жалғасқан. Аяқтардың парездері пайда болды. Алдын ала диагноз қойыңыз://


Энцефалопатия//
Егуге шамадан тыс жалпы күшті реакция//
Анафилактикалық шок//
+Поствакциональды энцефалит//
Фебрильді тырысулар
***

3 айлық қыз балада қорқақтық, тершендік, ұйықтап жатқанда дірілдеу байқалады. Тексеру кезінде: басы қалыпты пішінді, шүйдесі тақыр, үлкен еңбегі 2,5х2,5 см., қырлары жұмсақ. Бұлшықет тонусы шамалы төмендеген. Ішкі ағзалар тарапынан патологиялары жоқ. Бала Д дәруменін 2 айлығынан бастап қабылдайды. Алдын ала диагноз қойыңыз://


+мешел І, бастапқы кезеңі, жедел ағымды//
мешел І, лаулау кезеңі, жедел ағымды//
мешел ІІ, реконвалесценция кезеңі//
мешел ІІ, лаулау кезеңі, жедел ағымды//
мешел ІІ, лаулау кезеңі, жеделдеу ағымды
***

Нәресте 2 жас 10 айлық. Физикалық дамуы бойынша – І дәрежелі дене массасының жетіспеушілігі, 5 см бой жетіспеушілігі. Жүйке-психикалық дамуы бойынша – ІІІ топ, І дәреже. Бір жыл бойы жедел сырқаттары жоқ, гемоглобин 105 г/л, ремиссия сатысындағы нейродермит. Бұл баланы қай денсаулық тобына жатқызуға болады?//


Бірінші//
Екінші А//
+Екінші Б//
Төртінші //
Бесінші
***

5 жасар бала диспансерлік есепте келесі диагнозбен тіркелген: «Жедел гломерулонефрит, нефротикалық формасы, толық клиника-зертханалық ремиссия, бүйрек қызметі сақталған». Ремиссияның басталуынан бастап қанша жылдан соң, оны есептен алып тастауға болады?//


1 жылдан соң//
2 жылдан соң//
2,5 жылдан соң//
+5жылдан соң//
18 жасқа толғанда
***

9 жасар бала, диагнозы: созылмалы гастродуоденит және созылмалы гастрит. Емханада қарау ұзақтығы қанша уақытты құрайды?//


1 жылдан кем емес//
2 жылдан кем емес//
3 жылдан кем емес//
+5 жылдан кем емес//
Терапевтке ауыстырылғанға дейін
***

7 айлық бала. Әлсіздікке, солғындыққа, адинамияға, тәбеттің жоқтығына шағымы бар. Бала әлсіз, салғырттанған. Терісі айқын бозарған, тері мен тіңдер тургоры төмендеген. Шырыш қабаты бозғылт, құрғақ, тілі «жылтыраған». Тондары ырғақты, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу. Бауыры+3 см. ЖҚА-Гемоглобин-75г/л, Эр – 2,1 х  , микроцитоз +++, анизоцитоз++, ретикулоциттер 8%, сегменттер – 24%, лимфоциттер – 55%, моноциттер – 10%, эозинофилдер – 3%. ЭТЖ-3 мм/сағ. Алдын ала диагноз қойыңыз.//


І дәрежелі темірдефицитті анемия//
+ІІ дәрежелі темірдефицитті анемия//
ІІІ дәрежелі темірдефицитті анемия//
Гипопластикалық анемия//
Гемолитикалық анемия
***

Нәресте 1 жас 3 айлық. Балалар мекемесіне бармайды, анамнез қалыпты, физикалық, жүйке-психикалық дамуы жасына сай келеді; соңғы жыл бойы 3 рет ЖРВИ ауырған; негізгі функциялар деңгейі қалыпты; тексеру кезінде соматикалық дені сау. Бұл баланы қай денсаулық тобына жатқызуға болады?//


+Бірінші//
Екінші А//
Екінші Б//
Үшінші//
Жиі сырқаттанатын балалар тобына
***

Бала диспансерлік есепте мынадай диагнозбен тіркелген: «Екіншілікті пиелонефрит, екі бүйректің жинақтау жүйесінің толық емес қосарлануы, бүйрек қызметі сақталған». Осы баланы диспансерлік қадағалаудан қашан алып тастауға болады?//


Ремиссиядан 3 жылдан соң//
Ремиссиядан 2 жылдан соң//
Ремиссиядан 5 жылдан соң//
Ремиссиядан 6 жылдан соң//
+Есептен алынбайды
***

7 жасар бала мектепке дайындалуды. Анамнез бойынша: жасына сәйкес өсіп, дамыды, диспансерлік есепке тіркелмеген, екпе күнтізбесі бойынша егілген. Балаға бірінші сыныпта қандай екпе қажет?//


АБКДС, ККП ревакциянациясы//
+БЦЖ ревакциянациясы//
АДС, ВГВ ревакциянациясы//
ККП, ВГА ревакциянациясы//
АБКДС ревакциянациясы
***
Жеңіл дәрежелі анемиясы бар балаға алғашқы үстеме қоректендіру ретінде тағайындауға болады://
+Көкеністік пюре(картоп, асқабақ, кәді)//
Сүтке пісірілген бидай ботқасы//
Йогурт//
Сүтті сорпа//
Пісірілген бауыр еті
***

Бала 1 жас 7 айлық. Дене салмағы 13 кг, бойы 83 см. Жүйке-психикалық дамуы қалыпты. Соңғы жылда 5 рет ЖРВИ-мен ауырды, бір рет пневмониямен ауырды. Бұл баланы қай денсаулық тобына жатқызуға болады?//


Төртінші //
Үшінші//
Екінші А//
+Екінші Б//
Бірінші
***

Біріншілік пиелонефриттің жартылай клинико-зертханалық ремиссия фазасындағы диспансерлік емдеу жоспарына кіреді://


+Үзікті антибактериальды терапия//
Стероидты гормонды терапия//
Спецификалық иммунизация//
Зәрайдаушы препараттар//
Иммунодепрессантты терапия
***

Нанды қыртылдақ немесе қыртылдақ печеньені сау балаға (табиғи тамақтандыру) беру қандай жаста ұсынылады?//


9 айлығында//
+8 айлығында//
7 айлығында//
6 айлығында//
5 айлығында
***

5 айлық баланы тексеру кезінде жалпы тәжірибелік дәрігер І дәрежелі гипотрофия деген диагнозды қойды. Бұл балаға қандай үстеме тамақты тағайындауға болады?


+Көкеністі тағам//
Йогурт//
Көкеністі қайнатпалы бидай ботқасы//
Сүтке араласқан дақылды ботқа//
Айран
***

ЖТД қабылдауында 7 айлық бала, қалыпты психикалық және жүйке-психикалық даму. Осы балаға дәрігер қандай үстеме тамақты қабылдауға кеңес береді?//


Ірімшік//
дақылды ботқа//
Картоп пюресі//
+Етті пюре//
Йогурт
***

3 айлық баланы тексерген кезде дәрігер «Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік, 2 дәрежелі»деген диагноз қойды. Қай көрсеткіштің негізінде аурудың ауырлық деңгейі анықталады.//


Психикалық дамудың баяулауы//
+Дене массасының жетіспеушілігі//
Толеранттылық жағдайы//
Полигиповитаминоздың белгілерінің болуы//
Резистенттілік жағдайы
***

6 айлық қыз бала жасанды тамақтандырылады. Тексеру кезінде маңдай және төбе сүйек төмпешіктері шығынқылығы анықталды. Пальпацияда қабырғаларында «тәшбиық», қолда білезік анықталды. Бұлшықет тонус төмендеген. Бауыры+1,5 см қабырға доғасынан. Д дәруменінің қандай дозасын бұл балаға тағайындайсыз?//


1000 МЕ//
2000 МЕ//
+3000 МЕ//
4000 МЕ//
5000 МЕ
***

Жедел респираторлы инфекция кезінде БЖАИЖ (ИВБДВ) емдеуіне сәйкес бала еміне қосылады://


Иммуномодуляторларды тағайындау//
Зәрайдаушы дәрілерді тағайындау//
Қабынуға қарсы препараттарды тағайындау//
+Көп мөлшерде жылы сусын тағайындау//
Дәрумендік препараттарды тағайындау
***

6 жасар бала тамақтағы ауырсынуға шағымданады, дене температурасының көтерілуі 38,5-ке жеткен. БЖАИЖ (ИВБДВ) үлгісі бойынша баланы тексеруде тамақты қарағаннан өзге оның қандай жағдайына назар аудару қажет?//


Көз конъюнктивасына//
Ауыз қуысының шырышты қабатына//
+Мойын лимфа түйіндеріне //
Шүйделік лимфа түйіндеріне//
Жоғарғы тыныс жолдарына
***

2 жасар бала. Сиыр сүтін пайдаланғаннан соң температурасы 38 , диарея пайда болды. Сұйық нәжіс 8 күн бойы тәулігіне 7 реттен болды. Диареяның түрін ДСҰ-ның классификациясына сәйкес анықтаңыз.//


+жедел//
Тұрақты//
Созылыңқы//
Рецидивті//
вирусты//
***

6 айлық қыз бала жасанды тамақтандырылады. Тексеру кезінде маңдай және төбе сүйек төмпешіктері айқын. Бұлшықет тонусы төмендеген. Бауыры+1,5 см қабырға доғасынан. Мешел, ІІ дәрежелі, лаулау кезеңі, жедел ағымды. Д дәруменімен емдеу курсы қаншалықты ұзақ болады://


15-20 күн//
20-30 күн//
+30-45 күн//
50-60 күн//
60-70 күн
***

Сіз Д дәруменінің емдік дозасын қабылдап жүрген балаға УКС жүргізбексісіз. Сіздің әрекеттеріңіз қандай://


Сулкович сынамасын өткізу//
Д дәруменінен УКС-ден 2 апта бұрын бас тарту//
УКС Д дәруменінен бас тартпай тағайындау//
+УКС-ді Д дәруменінің емдеу курсы аяқтаған соң тағайындау//
А, Е және УКС-ді тағайындау
***

ЖРВИ фонында аурудың 4- күнінде 7 айлық баланың жағдайы нашарлап, шулы, сырылды тыныспен көрінетін ентігу пайда болды. Аускультацияда – ұзарған тыныс шығару, екі жақты ысқырықты және ызылдайтын сырылдар. Сіздің болжам диагнозыңыз://


бронхиолит//
бөгде зат//
+обструктивті бронхит//
рецидивирлеуші бронхит//
пневмония
***
5 жасар қыз түнде «ысқырықты» және тыныс алудың қиындауынан оянды. Жалпы қарауда – қозған, қолына сүйеніп отыр. Тыныс шығару қиындаған. Өкпеде қораптық дыбыс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Балада тағамдық және дәрілік аллергия бар. Сіздің болжам диагнозыңыз://
жедел обструктивті бронхит//
пневмония//
+бронхиалды демікпе//
көмейдегі бөгде зат//
көмейдің жедел стенозы
***
1 жастағы балаға учаскелік дәрігер ЖРВИ диагнозын қойған. Ем тағайындалып, бала күтімі туралы нұсқаулар берілген. Анасына төменде көрсетілген симптомдардың кем дегенде біреуі пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қайта көріну керектігі туралы ескерту жасалды. Керекті белгіні таңдаңыз://
температураның 370 С жоғарылауы//
мазасыз ұйқы//
жөтелдің жиілеуі//
+тыныстың жиілеуі//
терінің бозаруы
***
ДДСҰ-ның бағдарламасы бойынша диареяның анықтамасы: Диарея – бұл 24 сағат ішінде сұйық нәжістің тәулігіне ... рет болуы://
тәулігіне 2 рет//
+тәулігіне 3 реттен көп//
тәулігіне 4 рет//
тәулігіне 5 рет//
тәулігіне 10 рет
***
Стационардан «Созылмалы атрофиялық гастриттің өршуі» диагнозымен шығарылған балаға екпені қашан істеуге болады?//
+бірден шыққан соң//
екпе салу ұсынылмайды//
2 айдан кейін//
6 айдан кейін//
1 жылдан кейін
***
3,5 жастағы қыз суық тиюден кейін қасағаүсті аймақтың ауырсынуына, жиі, ауырсынатын, аз мөлшердегі зәр шығаруға шағымдана бастады.Жалпы зәр талдамасында: ақуыз – 0,1 г/л, лейкоциттер – 15-20 к/а, эритроциттер – 5-8 к/а (жаңа). Болжам диагноз койыңыз://
жедел бүйрек жетіспеушілігі//
+жедел цистит//
бүйректер амилоидозы//
рефлюкс – нефропатия//
вульвовагинит
***
7 жасар балаға пат. флора мен антибиотиктерге сезімталдылыққа зәр талдамасы тағайындалған. Зәрді себуге алуды қай әдіспен жүргізу керек?//
несеп қуығын пункциялау//
+стерильді ыдысқа орташа порциядан//
несеп қуығының катетеризациясы кезінде//
Нечипоренко бойынша алынған зәр талдамасынан//
тәуліктік зәрден
***
10 айлық баланың дене температурасы 380 С. Қақырықтың қиын бөлінуімен көрінетін ұстама тәрізді жөтел. Экспираторлы сипатты ентігу. Өкпеде қатаң тыныс, барлық алаңдарға таралатын құрғақ ысқырықты және ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Перкуторлы – қораптық дыбыс. Алдын ала диагноз қойыңыз://
жедел ринофарингит//
+обструктивті бронхит//
жедел ларингит//
жедел бронхиолит//
бөгде зат
***
Бала 7 жаста. ЖРВИ фонында ысқырықты тыныс, жиі продуктивті емес жөтел пайда болды. Аускультацияда – әлсіз тыныс, өкпенің барлық алаңдарында ысқырықты сырылдар. Перкуссияда – қораптық дыбыс. Дәл осындай симптоматика мысықпен контактіден кейін, дене шынықтыру сабағында тез жүгіргенде көрінеді. Баладағы болжам диагноз://
обструктивті бронхит//
жедел пневмония//
+бронхиалды демікпе//
созылмалы бронхит//
созылмалы пневмония
***
Бронхиалды демікпе диагностикасы мен емді бақылау үшін келесі әдісті қолданады://
кеуде торы ағзаларының Р – графиясы//
өкпенің компьютерлі томографиясы//
компьютерлі спирография//
+пикфлоуметрия//
флюорография
***
***
Бронхиалды демікпенің зертханалық диагностикасында басты фактор болып табылады://
эозинофилдер деңгейінің жоғарылуы//
+иммуноглобулин Е деңгейінің жоғарылауы//
қанда көмірқышқыл газ деңгейінің жоғарылауы//
қақырықта Куршман спиральдерінің анықталуы//
орташа лейкоцитоз
***
Жедел гломерулонефритпен ауырған балалардың диспансерлік бақылауының ұзақтығы://
1 жыл//
+5 жыл//
3 жыл//
7 жыл//
жасөспірімдер емханасына көшірілгенше
***
Жедел гломерулонефрит кезіндегі ем – дәм принциптері://
суды шектеу//
ақуызды шектеу//
+тұзды шектеу//
көмірсуларды шектеу//
майларды шектеу
***
Мешелдің (рахит) постнатальды арнайы (спецификалық) профилактикасының ұзақтығы://
6 ай//
+24 ай//
36 ай//
12 ай//
18 ай
***
Бала 12 жаста. Пневмонияға байланысты ем алуда. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі аймағында крепитация естіледі, динамикада ол ғайып болып, жағдайы жақсарған кезде қайта пайда болды. Пневмонияның қай формасына тән жағдай?//
сегментарлы//
ошақтық//
ошақтық-бірлескен//
интерстициальды//
+бөліктік
***
Жедел пневмония кезінде витаминотерапия мына препаратпен жүргізіледі://
+витамин «С»//
витамин В12//
витамин В6//
витамин В5//
витамин К
***
Бала 2 жаста. Дене температурасы 38,50 С. Әлсіз. Тәбеті төмендеген. Жөтеледі. Жөтелі ылғалды. Тыныс алу жиілігі минутына 48 рет. Оң жақ кеуде торының төменгі бөлімдерінде өкпелік дыбыстың қысқаруы. Тыныс әлсіз және ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алдын ала диагноз - Пневмония. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек://
кеуде торы ағзаларының Р – скопиясы//
+кеуде торы ағзаларының Р – графиясы//
бронхография//
бронхоскопия//
кеуде торы ағзаларының УДЗ
***
3 дәрежелі шала туған нәрестелер қай денсаулық тобына жатады?//
ІІ – А тобына//
ІІІ топқа//
+ІІ – Б тобына//
І топқа//
ІV топқа
***
2 дәрежелі шала туған нәрестелер қай денсаулық тобына жатады?//
І топқа//
ІІІ топқа//
ІІ – А тобына//
ІV топқа//
+ІІ – Б тобына
***
Асфиксиямен туылған нәресте қай денсаулық тобына жатқызылады?//
ІІ – А тобына//
+ІІ – Б тобына//
ІІІ топқа//
І топқа//
ІV топқа
***
Үшінші денсаулық тобына жататын нәрестелер://
ұзақ физиологиялық сарғаю//
ОЖЖ – нің перинатальды зақымдалуымен//
3 – дәрежелі шала туылумен//
+жүрекшеаралық қалқаның бітелмеуімен//
асфиксиямен туылғандар
***
ІІ – Б денсаулық тобына кімді жатқызасыз?//
қант диабеті бар анадан туылған балалар//
І дәрежелі шала туылғандар//
темір тапшылықты анемиясы бар анадан туылған балалар//
+ІІІ дәрежелі шала туылғандар//
жатырішілік пневмониямен туылған балалар
***
АбКДС вакцинасын салғаннан кейін 2- тәулікте анасы баласында инъекция салған аймақта диаметрі 2 см тері гиперемиясымен инфильтрат байқаған; жалпы жағдайы бұзылмаған. Инфильтрат пайда болуының мүмкін болатын себебі неде?//
вакцина компоненттеріне аллергиялық реакция//
инъекция орнының дұрыс таңдалмауы//
вакцинация орнының жеткіліксіз өңделуі (екіншілікті инфекция)//
+вакцинальды процесстің қалыпты ағымы//
вакцинаны енгізу техникасының бұзылуы
***
Анамнезінде аминогликозидтерге ауыр аллергиялық реакциялардың болуы нені енгізуге қарсы көрсетілім болып табылады?//
АбКДС//
+ҚҚП//
ОПВ мен ИПВ//
БЦЖ//
АДС
***
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы ұсыныстары бойынша өмірінің алғашқы жылында дені сау балаға үстеме тағамды қашан енгізу керек?//
3 айында//
4 айында//
5 айында//
+6 айында//
7 айында
***
АбКДС вакцинасын салғаннан кейін 2- тәулікте анасы баласында инъекция салған аймақта диаметрі 15 см- ге дейінгі тері гиперемиясымен инфильтрат байқаған, жергілікті температура жоғарылаған, қимылдың шектелуімен. Инфильтрат пайда болуының мүмкін болатын себебі неде?//
инъекция орнының дұрыс таңдалмауы//
вакцина компоненттеріне аллергиялық реакция//
вакцинальды процесстің қалыпты ағымы//
+вакцинаны енгізу техникасының немесе асептиканың бұзылуы//
инфильтрат вакцинациямен байланысты емес
***
ДДСҰ – ның ұсыныстары бойынша 5 жасқа дейінгі балалардың қалыпты гемоглобинінің төменгі шекарасы:
120 г/л//
100 г/л//
80 г/л//
+110 г/л//
90 г/л
***
Темір тапшылықты анемияның қауіп тобындағы балаларға қандай алғашқы үстеме тағам ұсынылады?//
+көкөністерден жасалған езбе//
глютенсіз дақылдардан жасалған ботқа//
ірімшік пен айран//
бауырдан жасалған турама (фарш)
глютені бар дақылдардан жасалған ботқа
***
Гемоглобин деңгейі 80 г/л анемияның қай ауырлық дәрежесіне жатады?//
жеңіл//
ауыр//
+орташа ауыр//
өте ауыр//
анемия жоқ
***
Темір тапшылықты анемиясы бар балаларды диспансерлік бақылаудың ұзақтығы://
1 ай//
3 ай//
+6 ай//
9 ай//
12 ай
***
Темір тапшылықты анемияны анықтау мақсатымен дені сау балаға жалпы қан анализі бақылауы жүргізіледі://
айына 1 рет//
3 айда 1 рет//
6 айда 1 рет//
+жылына 1 рет//
жүргізілмейді
***
Темір тапшылықты анемияны І дәрежесінде темір препараттарымен емдеудің ұзақтығы://
түстік көрсеткіштің қалыпты болуына дейін//
эритроциттерлің қалыпты болуына дейін//
сарысулық темірдің қалыпты болуына дейін//
+гемоглобин деңгейінің қалыпты болуына дейін//
медикаментозды ем қажет емес
***
Темір препараттарын пероральды қабылдау кезінде қандай асқыну болуы мүмкін?//
+диспепсия//
жөтел//
конъюнктивит//
қызба//
ентікпе
***
Дене салмағының 10,9% артықшылығы бар 6 айлық балада тіндерінің гидрофильділігі, дене пропорционалдығының бұзылуы, тағамдық толеранттылықтың жеңіл бұзылыстары бар. Болжам диагноз қойыңыз://
+І дәрежелі паратрофия//
нормотрофия//
ІІ дәрежелі паратрофия//
семіздік//
хондродистрофия
***
Анасында сүт болмаған жағдайда қоректендірудің оптималды түрі://
сиыр сүтімен қоректендіру//
сүтқышқылды қоспалармен қоректендіру//
+адаптирленген сүт қоспаларымен қоректендіру//
гидролизатты қоспалармен қоректендіру//
ешкі сүтімен қоректендіру
***
Өмірінің алғашқы жылында балада паратрофия дамуының басты себебі://
+калориясы жоғары тағамдарды шектен тыс қабылдау//
көкөністерді шектен тыс қабылдау//
ақуыздарды шектен тыс қабылдау//
дәрілік препараттарды шектен тыс қабылдау//
жемістерді шектен тыс қабылдау
***
Өт жолдарының дисфункциясының паразитарлы этиологиясын қан талдамасында не көрсетеді?//
лейкоцитоз//
лимфоцитоз//
анемия//
моноцитоз//
+эозинофилия
***
Бала 2 жаста, 5 күн бойы қызуы жоғарылаған. Жағдайы ауыр, температурасы 390С, ылғалды жөтел, мұрын – еріндік үшбұрыштың цианозы, мұрын қанаттарының үрленуі. Оң жақ өкпеде жауырын бұрышынан төмен өкпелік дыбыстың локальды қысқаруы, әлсіз тыныс, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз://
+жедел пневмония//
обструктивті синдромы бар жедел бронхит//
жедел бронхиолит//
жедел бронхит//
плеврит
***

***
11 айлық балада қызба, терінің бозаруы, мұрын – ерін үшбұрышының цианозы, ентігу. Өкпеде төменгі бөлімдерде екі жақты тыныс әлсіз, ылғалды ұсақ көпіршікті дыбыссыз сырылдар, тыныс алу жиілігі 55/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Болжам диагноз://


жедел бронхит//
обструктивті бронхит//
оң жақты төменгі бөліктік пневмония//
+екі жақты ошақтық пневмония//
оң жақты сегментарлы пневмония
***
Науқас 8 жаста. Кенет дене температурасы 400С жоғарылаған, бас ауруы, жөтел «тот басқан қақырықпен», кеуде торының ауырсынуы. Дәрігер бірінші кезекте не туралы ойлау керек://
интерстициальды пневмония//
+крупозды пневмония//
жедел бронхит//
жедел бронхиолит//
облитерирлеуші бронхиолит
***

Сергей 1жаста, 5 күн бойы қызуы жоғарылаған. Жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С, ылғалды жөтел, мұрын – ерін үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының үрленуі, көз астында көгеру. Оң жақ өкпеде жауырын бұрышынан төмен өкпелік дыбыстың локальды қысқаруы, әлсіз тыныс, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.


ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Кеуде торының Р – графиясында төменгі бөлімінде ошақтық өзгерістер, өкпе түбірі қалыңдаған. Сіздің диагнозыңыз://
+жедел пневмония//
обструктивті синдроммен жедел бронхит//
жедел бронхиолит//
жедел бронхит//
плеврит
***
9 айлық баланың анасы педиатр дәрігерге жөтелге шағымданып келді. Объективті: жағдайы ауыр, токсикоз эксикозбен, жалпы цианоз, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу. Өкпеде перкуторлы қораптық дыбыс. Аускультацияда – ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе алаңдарының жоғарылаған мөлдірлігі, диафрагманың төмен орналасуы. Мүмкін болатын болжам диагноз қойыңыз://
жедел респираторлы инфекция//
жедел бронхит//
обструктивті бронхит//
+бронхиолит//
бронхопневмония
***
Бала 4 жаста. Анамнезінде атопиялық дерматит. Қазір құрғақ жөтел, дене қызуының жоғарылауы мазалайды, ысқырықты дем шығару байқалды. Аускультативті – дем шығаруда құрғақ ысқырықты сырылдар. Жөтелден кейін сырылдар азаяды. Сіздің диагнозыңыз://
жедел пневмония//
крупозды пневмония//
+обструктивті бронхит//
жедел бронхит//
плеврит
***
Профилактикалық қабылдауда 3 айлық бала. Салмағым 5400 г, бойы 61 см. Гемоглобин 120 г/л. Бала қайта жүктіліктен, екінші жартысында гестозбен өткен, бірінші босанудан, туылғандағы салмағы – 3200 г. Апгар шкаласы бойынша 8 – 9 балл. Омырау сүтімен қоректенеді, дамуында қалыс жоқ. ЖРВИ-мен екі рет ауырған. Баланың резистенттілігін анықтаңыз://
жоғары//
+орташа//
қалыпты//
төмен//
өте төмен
***
10 жасар бала жанұялық дәрігердің диспансерлік бақылауында бронхиалды демікпе бойынша тіркелген. Ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі тұншығу ұстамалары айына 2 рет. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы – 70%, дем шығарудың пиктік жылдамдығының вариабельділігі - 23%. Ретті түрде фенотерол ингаляциясын қабылдайды. Балаға диагноз қойыңыз://
персистирлеуші ауыр ағымды бронхиалды демікпе//
созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі//
персистирлеуші орташа дәрежедегі бронхиалды демікпе//
интермиттирлеуші бронхиалды демікпе//
+персистирлеуші жеңіл ағымды бронхиалды демікпе
***
Бала 9 жаста, қиындаған дем шығарумен көрінетін тұншығу ұстамаларына, қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Соңғы 3 жыл бойы күнделікті қиындаған дем шығарумен көрінетін тұншығу ұстамалары, тәулігіне 2 рет сальбутамол ингаляцияларымен тоқтатылады. Объективті: жағдайы орташа ауыр. Тыныс алу жиілігі – 30/мин. Өкпеде қораптық дыбыс, тынысы қатаң ұзарған дем шығарумен, өкпенің барлық беткейінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз://
персистирлеуші ауыр ағымды бронхиалды демікпе//
созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі//
+персистирлеуші орташа ауырлық дәрежедегі бронхиалды демікпе//
интермиттирлеуші бронхиалды демікпе//
персистирлеуші жеңіл ағымды бронхиалды демікпе
***
Бала 8 жаста. Анамнезінде жиі ЖРА(ОРЗ), баспа. 3 жасынан созылмалы тонзиллитпен диспансерлік бақылауда тұр. Баспадан кейін 3 апта өткен соң шаршағыштық, артралгия, тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, систолалық шу пайда болды. Болжам диагноз бен жалпы тәжірибелік дәрігер тактикасы://
инфекционды – аллергиялық миокардит, госпитализациялау//
+жедел ревматикалық қызба, госпитализациялау//
инфекционды – аллергиялық миокардит, амбулаторлы ем//
жедел ревматикалық қызба, амбулаторлы ем//
туа біткен жүрек ақауы, госпитализациялау
***
13 жасар қыз жанұялық дәрігер қабылдауында. Анамнезінде: көп жылдар бойы созылмалы тонзиллитпен ауырады. Созылмалы тонзиллиттің өршуінен кейін 2 апта өткен соң аяқ – қолдардың тартылулары пайда болды, жүрісі өзгерген, қозған, эмоциональды лабильді. Зерттеу кезінде қимыл координациясының бұзылуы, бұлшық еттік гипотония анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз://
жабысқақ қимылдар неврозы//
+кіші хорея//
мишық ісігі//
неврастения//
энцефалит
***
Бала 10 жаста, іштің ауырсынуына, тізе мен оң жақ шынтақ буынындағы ауырсыну мен қимылдың шектелуіне шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Жалпы қарау кезінде дене қызуы 38,5 С, буындар көлемі ұлғайған, аздаған ісінген, қимылы шектелген. Жүрек жұмысы ырғақты, тахикардия, ЖЖЖ 120/мин, жүрек шекаралары солға 2 см ығысқан, тахикардия минутына 120 рет, 1 тон әлсіз, ат шабысы, жүрек ұшында «нәзік» систолалық шу. Осы клиникалық көріністер қай диагнозға сәйкес келеді?//
+ревматикалық қызба//
жүйелі қызыл жегі//
ювенильді ревматоидты артрит//
Рейтер ауруы//
реактивті артрит
***
Біріншілікті ревматикалық қызбасы бар баланың клиникалық көріністерінде зақымдалудың полисиндромдылығы анықталады, ревмокардит ІІ А дәрежелі қанайналым бұзылуымен қабаттасқан, жоғары ЭТЖ байқалады, лейкоцитоз, серомукоид пен СРБ-ның жоғарылауы. Аурудың ұзақтығы 2 ай. Осы аурудың ағымы қандай?//
латентті//
үзіліссіз рецидивирлеуші//
+жедел//
жеделдеу//
ұзарған әлсіз
***
Бала 6 жаста. Анамнезінде жиі ЖРВИ. Баспадан кейін 2 апта өткен кейін артралгия, жоғарылаған терлегіштік, бозару, денеде рецидивирлеуші анулярлы бөртпе, тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталуы, жүрек ұшында үрлейтін систолалық шу. ЭТЖ – 44 мм/сағ, лейкоциттер – 12х109/л. Бұл науқаста қандай ауру?//
+ревматикалық қызба//
ювенильді ревматоидты артрит//
ревматикалық емес кардит//
инфекционды эндокардит//
жүйелі қызыл жегі
***
Балада ревматизм анықталған. Ауру ұзақтығы 3 ай. Клиникалық көрінісінде аздаған белсенді ревмокардит, артралгиялар, жүргізілген терапия тиімділігі толық емес. Аурудың ағымы қандай?//
жедел//
+жеделдеу//
латентті//
ұзарған әлсіз//
үзіліссіз рецидивирлеуші
***
Балада ревматизм анықталған. Ауру ұзақтығы 6 ай. Клиникалық көрінісінде:өткізілген емдеуге қарамастан минимальды белсенді ревмокардит, жүрек ақауының пайда болуы. Аурудың ағымы қандай?//
жедел//
жеделдеу//
латентті//
ұзарған әлсіз//
+үзіліссіз рецидивирлеуші
***
***
Сауле 10 жаста, соңғы жыл бойы таңертеңгі буындардағы қозғалмай қалушылық, төсектен тұру, киіну қиын. Жалпы қарауда: қол саусақтарының фалангаралық буындарының деформациясы, оларда қимылдың шектелуі. ЭТЖ 25 – 35 мм/сағ аралығында. Болжам диагноз://
ревматикалық қызба//
Рейтер синдромы//
реактивті артрит//
+ЮРА//
бруцеллез
***
Ғалия 6 айлық, бала салмағы 8 кг, дене температурасы 38 С. Ғалияның анасы балада 2 күн бойы жөтел, омырау сүтін жақсы емгенін, құсу мен тырысу болмағанын айтты. Жалпы қарауда баланың есі анық, қарауға айқаймен жауап береді, тыныштықта тыныс алу жиілігі 58, кеуде торының тартылуы жоқ. ИВБДВ бойынша баланың жағдайын бағалаңыз://
ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат//
+пневмония//
пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//
пневмония жоқ, астмоидты тыныс//
ИВБДВ бойынша жағдайды бағалау үшін мәлімет жеткіліксіз
***
Динара 6 айлық, бала салмағы 8 кг, дене температурасы 38 С. Динараның анасы балада 2 күн бойы жөтел, омырау сүтін жақсы емгенін, құсу мен тырысу болмағанын айтты. Жалпы қарауда баланың есі анық, қарауға айқаймен жауап береді, тыныштықта тыныс алу жиілігі 44, кеуде торының тартылуы жоқ. ИВБДВ бойынша баланың жағдайын бағалаңыз://
ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат//
пневмония//
+пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//
пневмония жоқ, астмоидты тыныс//
ИВБДВ бойынша жағдайды бағалау үшін мәлімет жеткіліксіз
***
Айгерим 2 жаста, атопиялық дерматитпен диспансерлік бақылауда тұр. Жалпы қарауда айқын экссудация мен қышынумен көрінетін көптеген зақымдалу ошақтары анықталды. Өршу жиілігі жылына 3-4 рет, ремиссия ұзақтығы 2-3 ай. Осы клиникалық көріністер атопиялық дерматиттің қай ауырлық дәрежесіне сәйкес келеді?//
жеңіл ағым//
+орташа ауырлық дәреже//
ауыр ағым//
үзіліссіз рецидивирлеуші//
ауырлық дәрежесін анықтау үшін мәлімет жеткіліксіз
***
1,5 жасар Лаурада гиперестезия, монотонды жылау, тремор, бұлшық еттік гипотония, тырысулар байқалады, Хвостек синдромы оң. Дұрыс диагноз қойыңыз://
анемия//
+спазмофилия//
эпилепсия//
мешел//
жүйке – артритикалық диатез
***
Балада тремор, тырысулар, гиперестезия, бұлшық еттік гипотония, Хвостек синдром оң. Осы науқастың биохимиялық қан талдамасында қандай өзгерістер болады?//
гипогликемия//
+гипокальциемия//
гипомагниемия//
гиперкальциемия//
гипергликемия
***
Данияр 7 айлық. Дәрігер қарауы кезінде 2 дәрежелі мешел анықталған. Ем мақсатында 3000 ХБ/тәул мөлшерінде витамин «Д», кальций глицерофосфаты, цитратты қоспа тағайындалған. Динамикада бала әлсіз, температура 37,4С жоғарылады, салмақ қосуын тоқтатты. Зерттеу кезінде Сулкович реакциясы ++++. Анасының тағайындалған витамин «Д» мөлшерін сақтамағаны белгілі болды. Болжам диагнозы қандай?//
+гипервитаминоз «Д»//
спазмофилия//
дисбактериоз//
тағамдық улану//
ішектік инфекция
***
11 айлық балаға үйге шақырылу. Анасының айтуы бойынша, балада жиі мазасыздық ұстамалары кезінде болатын аяқ – қолдардың дірілдеуі байқалды. Қарау кезінде гиперестезия, монотонды жылау, тремор, бұлшық еттік гипотония байқалады, Хвостек, Труссо симптомдары оң. Болжам диагноз://
эпилепсия//
ми ісінуі//
ми ісігі//
+спазмофилия//
гипогликемия
***
11 айлық бала. Анасының айтуынша бала ұзақ уақыт бойы тырысуға қарсы ем, темір препараттарын қабылдаған. Соңғы уақытта жиі терлейді, мазасыз, ұйқысы нашар. Қараудан кейін дәрігер диагноз қойды: Мешел ІІ, жеделдеу ағымды, өшу кезеңі. Қай препаратты қолдану мешел дамуының қауіп факторы болып табылады?//
диазепам//
+фенобарбитал//
поливитаминдер//
кальций глюконаты//
темір препараттары
***
Сулкович сынамасын өткізген кезде балада әлсіз оң реакция анықталған. Нәтижені бағалаңыз://
+кальций деңгейі қалыпты, бала сау//
кальций деңгейі төмен, мешелдің қалдық белгілері//
мешел, өршу кезеңі//
мешел, реконвалесценция кезеңі//
гипервитаминоз Д
***
7 айлық бала, бір күн ішінде анасы 2 рет тырысу байқаған. Бала мешелге байланысты витамин Д қабылдайды. Көрсетілген симптомдардың қайсысы спазмофилияның дамуын растайды?//
+бұлшық еттік тонус пен сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы//
бұлшық еттік тонустың бәсеңдеуі//
сіңірлік рефлекстердің бәсеңдеуі//
бұлшық еттік тонус пен сіңірлік рефлекстердің бәсеңдеуі//
баланың жасы
***
Бала гипокинетикалық типті өт жолдарының дискинезиясымен диспансерлік бақылауда тұр. Баланы денсаулық тобының қайсысына жатқызу керек?//
бірінші//
екінші А//
+екінші Б//
үшінші//
төртінші
***
Балада таралмалы, сыздайтын, локализациясы анық емес, қатты көкөністер жегенде, сүт ішкенде күшейетін іштегі ауырсыну сезімі. Ішектің әртүрлі бөлігіндегі құрылдау, ауырсыну мен спазмдар. Нәжісі шырышпен, полифекалия. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз://
+Гипертониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//
Гипотониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//
Созылмалы панкреотит//
Созылмалы энтероколит//
Созылмалы холицистит
***

Науқас Зәуре 12 жаста, соңғы жыл бойы таңертеңгі буын құрысуы, киінудің, төсектен тұрудың қиындауы байқалған. Қарау кезінде: қол саусақтарының фалангааралық буынының деформациясы, қозғалыс шектелуі. ЭТЖ 25-35 мм/сағ. Алдын-ала диагноз://


Ревматикалық қызба//
Рейтер синдромы//
Реактивті артрит//
+ЮРА//
Бруцеллез
***
Данияр 7 ай, дене салмағы 8800 г., температурасы 38 градус. Динара анасы айтуынша балада 2 күн бойы жөтел, емшекті қуана сорады, құсу мен тырысулар болмаған. Қарау кезінде бала есі анық, қарауға айғаймен жауап береді, тыныс алу жиілігі 44 рет, кеуде торы ішке тартылмаған. Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу бойынша баланың жағдайын қалай жіктейсіз?//
Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру//
Пневмония//
+Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//
Пневмония жоқ, астмоидты тыныс//
Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу бойынша жағдайды жіктеуге ақпарат жеткіліксіз
***

Бибигүл 2 жаста, атопиялық дерматит бойынша диспансерлік тіркеуде тұр. Қарау кезінде айқын экссудациясы мен орташа қышымасы бар көптеген зақымданған ошақтар анықталды. Өршу жиілігі жылына 3-4 рет, ремиссия ұзақтығы 2-3 ай. Осы баладағы клиникалық көрініс атопиялық дерматиттің қай ауырлық дәрежесіне сәйкес келеді?//


Жеңіл ағым//
+Орташа ауырлық дәрежесі//
Ауыр ағым//
Үзіліссіз – қайталанбалы//
Ауырлық дәрежесін анықтауға ақпарат жеткіліксіз
***

Ұл бала, Асхат, 2 айлық, жасанды тамақтандыруға стандартты бейімделген қоспаға көшірілген. Айқын бет гиперемиясы, қас үсті доғасында және бастың шашты бөлімінде гнейс, жиі құсулар байқалды. Алдын-ала диагноз://


Пилороспазм//
Пилоростеноз//
Тоқ ішек аномалиясы//
Есекжем //
+Атопиялық дерматит
***

Олжас 5 айлық. ЖДП дәрігермен қаралған. Мешелдің 2 дәрежесі анықталған. Емдік мақсатта «Д» витамині 3000 ХБ /тәулігіне мөлшерде, кальций глицеросульфаты, цитратты қоспа тағайындалған. Бала динамикасында бала енжар, дене температурасы 37,4 градусқа дейін көтерілген, салмақ қосылуы тоқтаған. Зерттеу кезінде Сулкович реакциясы ++++. Анасы «Д» витаминің дәрігер тағайындаған мөлшерде бермегені анықталды. Қандай алдын-ала диагноз анағұрлым ықтимал?//


+«Д» гипервитаминозы//
Спазмофилия//
Дисбактериоз//
Тағаммен улану//
Ішек инфекциясы
***

Учаскілік педиатор қабылдауында мамасымен 11 айлық қыз. Анасы айтуы бойынша балада жиі мазасыздану ұстамалары болады, ұстама кезінде аяқ-қолдың дірілдеуі байқалады. Қарау кезінде гиперестезия, монотонды жылау, тремор, бұлшықеттік гипотония, Хвостек, Труссо симптомдары оң болып анықталды. Алдын-ала диагноз қандай?//


Эпилепсия//
Ми ісінуі//
Ми қатерлі ісігі//
+ Спазмофилия//
Гипогликемия
***

Мешелмен ауыратын балаға Сулкович сынамасы жасалды, ол әлсіз оң нәтиже берді. Нәтижені бағалаңыздар.//


+ Кальций деңгейі қалыпты, бала дені сау//
Кальций деңгейі төмендеген, мешелің қалдықтық көрінісі//
Мешел, өршу кезеңі//
Мешел, реконвалесценция кезеңі//
Д гипервитаминозы
***

4 апталық сәбидің анасы емханаға баланың мазасыздығына шағымданып келді. Емізу арасы 3сағат, барлығы 8 рет тәулігіне емізеді. Әрбір емізуден кейін анасы емшектен 20-30 мл сүт сығып алады. Бала дүниеге келгендегі дене салмағы– 3400г, қарау кезіндегі салмағы- 4000г. Бақылау емізу кезінде нәресте 100 мл сүт емді. Бала анасының сүт жеткіліксіздігі гипогалактияның қай дәрежесіне сәйкес келеді?//


+сүт жеткіліксіздігі жоқ, емізу көлемі бала қажеттілігіне сәйкес//
I дәрежелі гипогалактия//
II дәрежелі гипогалактия//
III дәрежелі гипогалактия//
IV дәрежелі гипогалактия
***

Алина 27 күн, туған кезіндегі дене салмағы 3500, қазіргі салмағы 4000 г. Тамақтану тәртібі күніне 8 рет. Бақылау емізу кезінде 70 мл емді. Гипогалактияның дәрежесін көрсет://


сүт жеткіліксіздігі жоқ, емізу көлемі бала қажеттілігіне сәйкес//
I дәрежелі гипогалактия//
+II дәрежелі гипогалактия//
III дәрежелі гипогалактия//
IV дәрежелі гипогалактия
***

Айжас, бала, таралмалы, сыздайтын, локализациясы анық емес, қатты көкөністер жегенде, сүт ішкенде күшейетін іштегі ауырсыну сезіміне шағымданады. Ішектің әртүрлі бөлігіндегі құрылдау, ауырсыну мен спазмдар. Нәжісі шырышпен, полифекалия. Сіздің алдын-ала қойған диагнозыңыз://


+Гипертониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//
Гипотониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//
Созылмалы панкреотит//
Созылмалы энтероколит//
Созылмалы холицистит
***

Дәрігерге 5,5 жастағы бала мен анасы ісінуге шағымданып келді. Қарау кезінде АҚ 90/60мм.сын.бағ., саны мен бетінде ісіну, асцит. Несепте ақуыз 3,7 г/л, эритроциттер 5-6 к/а, лейкоциттер 2 к/а, дәнді гиалиндер 5-6 к/а, қанда жалпы ақуыз 50 г/л, холестерин 9 ммоль/л. Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлау қажет?//


Пиелонефрит//
Несеп-тас ауруы//
Жіті гломерулонефрит нефриттік синдроммен//
+Жіті гломерулонефрит нефротикалық синдроммен//
Интерстициалды нефрит
***

Науқас, Евгений 6 жаста, дәрігерге баспамен ауырып болған соң 2 аптадан кейін шаршағыштыққа, тәбетінің нашарлауына, температураның 38,3 дейін көтерілуіне, көз астының ісінуіне, несеп шығарудың санының азаюына шағымданып келді. Бала жиі суық тигізіп ауырады, баспамен жылына 1-2 рет. Бала енжар, АҚ 125/80 мм.сын.бағ., асцит, бет, бел ісінуі, соңғы 6 сағат бойы дәретке барған жоқ. Несеп анализінде: ақуыз-16,5, лейкоциттер -3-5, эритроциттер-1-2, цилиндрлі гиалиндер-0-2. Алдын-ала диагноз қандай?//


Пиелонефрит//
+Гломерулонефрит//
Несеп шығару жолдарының инфекциясы//
Тұқымқуалаушы нефрит//
Нефротикалық синдром
***

Ұл бала ІІІ жүктілік, ІІ босанудан, кесерев кесуі арқылы 38 апта гестациялық мерзімінде туды. Туған кездегі жағдайы қанағаттанарлық, кеудеге босану залында салынды, анасымен бірге болды. Перзентханадан үйге 2 күні шығарылды. Сол күні кешке бала температурасы 38 градусқа дейін көтерілді, мазасыздана бастады. Емшектен бас тартпайды, белсенді емеді, тері беткейі қызғылт, диурез сақталған, нәжісі шығады. Сіздің алдын- ала диагнозыңыз://


Жатыр ішілік инфекция//
+Нәрестенің транзиторлы гипертермиясы//
Гиперпиретикалық реакция//
Бозғылт қызба//
Туа біткен пневмония
***

Нәрестеде 5 күн бойы тері беткейінің сарғаюы байқалады. 2 тәулік соңында сарғайды (Крамбер бойынша 3 зона боялуы). Көңіл-күйі зардап шекпеген, белсенді емеді, сіңіреді. Жалпы билирубин деңгейі 162 мкмоль/л. Клиникалық дені сау. Физиологиялық шығарымдары қалыпты. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://


Дені сау//
Нәрестенің гемолитикалық сарғаюы//
Нәрестенің механикалық (обтурациялық) сарғаюы//
Нәресренің паринхималық сарғаюы//
+Нәрестенің транзиторлы (гипербилирубинемия) сарғаюы
***

Салмағы аз болып туған нәрестеде туылғаннан кейін екі сағаттан соң белсенді емес ему байқалады. Емізу мәселесі ең алдымен негізделген://


+Сору және жұту рефлекстерінің толық дамымауымен//
Анасында піскен сүттің болмауымен//
Баланы тез зондты тамақтандыруға көшуімен//
Глюкозаны парентералды енгізумен//
Ішектің толық жетілмеуі және аномалиясымен
***

Жаңа туған нәрестеде бірінші апта соңында иық үстінде іші іріңді- серозды сұйықтыққа толы, солғын, көлемі 1 см болатын көпіршік пайда болды. Бала мазасыз, емшектен бас тартады, көп емес құсады. Дене температурасы қалыпты. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://


+Нәрестенің күлдіреуігі//
Дұрыс емес күтім фонындағы баздану//
Нәрестенің некрозданушы флегмонасы//
Риттер дерматиті//
Терінің тілмелік қабынуы
***
Жаңа туған нәрестені басын қарау кезінде төбе бөлігінде көлемі 3x3см болатын домбыққандық анықталды, жеңіл флюкутацияланады, бассүйек сүйектерімен шектелген. Сіздің алдан ала диагнозыңыз://
Босану ісігі//
Милық жарық//
+Кефалогематома//
Бастын шашты бөлігінің флегмонасы//
Подапоневротикалық қай құйылу
***

Нәрестенің өмірінің екінші күнінде несеп анализінде ақуыз 0,004г/л, лейкоциттер 8-9 к/а, эритроциттер 2-3 к/а, эпителиалды клеткалар 12 дейін к/а, шырыш + анықталды. Көңіл-күйі зардап шекпеді. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://


+Транзиторлы несеп-қышқыл инфаркт//
Жіті пиелонефрит//
Созылмалы пиелонефрит//
Гломерулонефрит//
Жіті бүйрек жеткіліксіздігі
***

Қыз нәрестеде туғаннан кейінгі 3 тәуліктегі қарау кезінде сүт безінің қатаюы, метроррагия, милия анықталды. Осы симптомдар ненің көрінісі болып келеді?//


Адреногениталды синдром//
Гипофизарлы жеткіліксіздік//
+Жыныстық криз//
Жыныс жүйесінің даму аномалиясы//
Нәрестенің қалыпты статусы
***

Нәресте үш апталық, туғанынан емшекпен емізуде. Қарау кезінде анасы баланың несеп шығарудың азаюына ( 4рет тәулігіне), несеп түсі қанық сары, қатты иіспен. 3апта ішінде салмақ қосуы 250 граммды құрады. Қандай жағдай туралы бірінші ойлау қажет://


+Анасындағы сүттің жеткіліксіз мөлшері//
Транзиторлы несеп-қышқыл инфаркт//
Несеп шығарушы жолдар инфекциясы//
Нормотрофия//
Олигоуриялық синдром
***

Баланы анасына жақын ұстау, «терінің теріге» контакты, сұрауы бойынша тамақтандыру, тамақтандыру кезінде емізіктерді, бөтелкелерді қолданудан аулақ болу ненің негізгі принциптеріне жатады://


Нәрестелерді кәдімгі күту//
+Гипогалактия кезіндегі емшекпен емізуді жаңғырту//
Ананың серозды маститін емдеу//
Ананың іріңді маститін емдеу//
Ананың лактостазын емдеу
***

Жаңа туған нәрестенің екінші потранажы кезінде дәрігер баланың сан қатпарлар аралығында терінің өзара бірігетін эрозиялармен суланған қызаруын байқайды. Көңіл-күйі зардап шекпейді. Емшекті белсенді сорады, кезенді мазасыз. Бала үнемі памперста, кезенді гигиеналық ванна қабылдайды. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://


Адипонекроз//
Тербөртпе//
+Баздану//
Пемфигус//
Везикулез
***

Стафилодермия кезінде жергілікті терапия ең алдымен осы ауру кезінде қолданылады://


+Везикулопостулез//
Фигнер псевдофурункулезі//
Некротикалық флегмона//
Күйген терінің стафилококты синдромы//
Нәресте маститі
***
Қыз бала 15 жаста. Құрғақ жөтелге, дене температурасының 37,5 болуына шағымданады. Ауырғанына үш күн. Қарау кезінде өкпеде везикулярлы тыныс, тыныс шығару ұзарған, құрғақ сырыл. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз://
Бронхиалды астма//
Созылмалы бронхит//
+Жіті бронхит//
Құрғақ плеврит//
Пневмония
***

Дәрігер салмағы төмен нәрестені үйде қарау кезінде тері беткейінің айқын мәрмәрлығына көңіл аударды. Осындай реакция немен байланысты болуы мүмкін?//


+Нәрестені қарау кезінде бөлменің температура режимінің бұзылысы//
Науқас ауырлығын дұрыс бағаламағаннан//
Нәрестеде орталық термореттеу бұзылысы//
Қантамырлар даму ақауы бар болуымен//
Ваготонияға тұқымқуалаушылық бейімділік
***

Бала ювенилді ревматоидты артрит бойынша иммуносупрессивті терапия қабылдады. Терапия аяқталғаннан соң қанша уақыттан кейін тірі вакцинамен егу жүргізуге болады?//


Терапияны аяқтағаннан кейін бірден//
+Қабылдаған терапиядан 6 ай кейін//
Қабылдаған терапиядан 3 ай кейін//
Иммуносупрессивті терапияны қабылдауға көрсеткіш болған ауруы бойынша диспансерлік тіркеуден шыққаннан кейін//
Терапия аяқталған соң 1 жылдан кейін
***

Науқас, 9 жас, Маратта оң қабырға астындағы сыздайтын, қатты эмоция кезінде, емдәм тәртібін ұстамағанда күшейетін ауырсыну. Диспепсиялық көріністер. Спазмолитиктерді қабылдағанда жағдайы жақсармайды. Сіздің диагнозыңыз://


Гипертониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//
+Гипотониялық түрі бойынша өт шығарушы жолдардың дискенезиясы//
Созылмалы панкреотит//
Созылмалы энтероколит//
Созылмалы холицистит
***

21 күндік нәрестені госпитализациялауға сөзсіз көрсеткіш://


Бала басын ұстамауы//
Периодты түрде қыликөздік//
+Үлкен еңбектің ісінуі мен кернеуленуі//
Аяқ-қолдың бүккіш бұлшықетінің гипертонусы//
Бабкин симптомының оң болуы
***

Дәрігер педиатр қабылдауында 8 айлық бала. Анасы тершеңдікке, мазасыздыққа шағымданады. Қарау кезінде бас формасының өзгеруі: маңдай, төбе төмпешіктері шығуы, үлкен еңбек 2х3 см, бұлшықеттің гипотониясы, қабырғадағы «тасбиық» анықталды. «Д» витаминінің жеткіліксіздігі болжамдалды. Мешелдің кезеңін анықтаңыз?//


Мешел туралы ақпарат жоқ//
Бастапқы көріністер кезеңі//
+Аурудың лаулау кезеңі//
Қалдық өзгерістер кезеңі//
Реконвалесценция кезеңі
***

5 айлық бала. Анасы жиі құсуларға, тершеңдікке шағымданады. Қарау кезінде бас формасының өзгеруі: жазынқы желке; үлкен еңбек шеттері жұмсарған, өлшемі 2*2 см, бұлшықеттің гипотониясы, кеуде торының төменгі апертурасының жайылуы«шляпа жиегі» түрі бойынша өзгеруі анықталды. Д витаминінің жеткіліксіздігін болжамдады. Мешелдің кезеңін анықтандар?//


Бастапқы көріністер кезеңі//
Аурудың лаулау кезеңі, сүйек тінің гиперплазиясымен//
+Аурудың лаулау кезеңі, сүйек тінің остеомаляциясымен//
Қалдықтық өзгеріс кезеңі//
Реконвалесценция кезеңі
***

Емханалық қабылдауда 7 айлық бала. Қарау кезінде бас формасының өзгеруі: caput duadratum, үлкен еңбек 2х2,5 см, бұлшықеттің гипотониясы, «қабырғадағы тасбиық». Д витаминінің жеткіліксіздігі болжамдалды. Мешел кезеңін анықтандар?//


Бастапқы көріністер кезеңі//
+Аурудың лаулау кезеңі, сүйек тінің гиперплазиясымен//
Аурудың лаулау кезеңі, сүйек тінің остеомаляциясымен//
Қалдықтық өзгеріс кезеңі//
Реконвалесценция кезеңі
***

Педиатр қабылдауында 6,5 айлық қыз бала. Бала емшекпен емізуде, алғашқы үстеме тамақ енгізілген - көкөніс пюресі. Салмақ жеткіліксіздігі - 4% анықталды. Анасы баланың салмақты аз қосуын уайымдап жүр. Гипотрофия дәрежесі?//


+Гипотрофия жоқ//
I дәрежелі гипотрофия//
II дәрежелі гипотрофия//
III дәрежелі гипотрофия//
IV дәрежелі гипотрофия
***

Дәрігерге 7 айлық баланың анасы бала дене салмағының аз қосылуына шағымданып қаралды. Соңғы айларда бала 200-300 грамдап қосқан. Бала емшекпен емізуде, үстеме тамақтар енгізілмеген. Салмақ жеткіліксіздігі 14%. Гипотрофия дәрежесін анықта?//


Гипотрофия жоқ//
+I дәрежелі гипотрофия//
II дәрежелі гипотрофия//
III дәрежелі гипотрофия//
IV дәрежелі гипотрофия
***

Бала 3 жаста. Ылғалды жөтелге, жоғарылаған температураға шағымданды. Қарау кезінде оң жауырын астында төменгі қырында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол жерде тыныстын әлсіреуі және тыныс алу кезінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. «Жіті ошақты оң жақтық пневмония» диагнозы қойылды. ЖҚА қандай өзгерістер пневмонияға тән?//


Лейкоциттер қалыпты//
Лимфоцитоз//
Лейкопения//
+Нейтрофильді лейкоцитоз//
ЭТЖ қалыпты
***

Бала 7 жаста, «Ауруханадан тыс жіті оң жақтық ошақты пневмония» диагнозы қойылды. Осы пневмония түріне кеуде клеткасының рентгенографиясындағы өзгерістер тән?//


Өкпе суретінің кедейленуі//
Өкпе суретінің қоюлануы//
Бөлік аралық плевра қалыңдауы//
+Ошақты инфильтративті көлеңкелер//
Өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы
***

Әлімжан 10 жаста, ювенильді ревматоидты артрит бойынша бақыланып жүр. Балаларда осы аурудың емі ретінде төменде көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдаулы дәрілік зат болып табылады?//


+Метотрексат//
Преднизалон//
Циклоспорин//
Метилпреднизалон//
Азатиоприм
***
Сабина 4 жаста. Педиатрмен «Ауруханадан тыс сол жақтық ошақты пневмония, асқынбаған формасы, жіті ағым» диагнозы қойылған. Анамнезінде: балада пенциллин мен аугментинге аллергиясы бар. Емдеуге антибактериалды терапияны таңдаңыз://
Амоксиклав//
Ампициллин//
Сумамед//
+Цефтриаксон//
Цефипем
***

Мария 7 жаста, дәм сезу бұзылысы (бор, жерді жейді), әлсіздік, бозғылт, тырнақтардың қабаттасуы, бас айналуға шағымданды. Қан анализінде Hb-56г/л, эр. 4,4*10^12/л, гипохромия, эритроциттер микроцитозы. Б/х қан анализінде: сарысулық темір 2,7 мкмоль/л, ферритин 4 нг/мл, жалпы билирубин 14,2 мкмоль/л. «Темір тапшылық анемиясы, ауыр дәрежелі» деген диагноз қойылған. Сіздің емдеу тактикаңыз?//


Ақуызға бай тамақтану//
+Пероралды темір препараттары//
Эритроцитарлы масса трансфузиясы//
Темір препараттарын к/т ішілік парентералды//
Темір препараттарын комбинирлеп қолдану
***

Бала дәрігері қабылдауында анасы мен 18 айлық баласы Аянат. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және нервно- психикалық дамуы жасына сәйкес. Ағзалар мен жүйелер бойынша патологиялар анықталмады. Егу тәртібінде бұзылыс жоқ. Осы жаста қандай егу көрсетілген?//


Қызылша, қызамық, паротитке қарсы//
Полиомиелитке қарсы//
+Бірінші дифтерияға, көкжөтелге, сіріспеге, гемофилді инфекцияға қарсы ревакцинация//
Гепатит А вирусына қарсы//
Гепатит В вирусына қарсы
***

Рашид 2 айлық бала. Пентавакцина егуден кейінгі күні дене температурасы 38,3 дейін жоғарылады, бала емшекті нашар сорады, енжар, ұйқышыл, ТАЖ 36 минутына, ЖСЖ 136 минутына. Поствакцинарлы периодтын ағымын қалай бағалайсын?//


Егуге реакция жеңіл ауырлық дәрежелі//
+Егуге реакция орташа ауырлық дәрежелі//
Егуге реакция ауыр ауырлық дәрежелі//
Гиперэргиялық егуге реакция//
Егуге энцефалопатиялық реакция
***

Жас ана 10 күндік нәрестемен емізгеннен кейін периодты түрде қорытылмаған құсуға шағымданып келді. Анамнезінде: 1 жүктіліктен, 1 босанудан 39-40 аптада. Жүктілік пен босану патологиясыз өтті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері беткейі таза, қызғылт. Ағзалар мен жүйелер өзгеріссіз. Сіздің тактикаңыз://


+Емізу әдісі бойынша ұсыныстар//
Құсуға қарсы препараттар тағайындау//
Ферментті препараттарды тағайындау//
Жасанды тамақтандыруға көшіру//
Аралас тамақтандыруғы көшіру
***
Учаскілік педиатрды үйге шақырды. Бала 1 жаста ЖРВИ ауырды, ағымы типті. Жазылғаннан кейін келесі күні ҚҚП қарсы вакцина жасалды. Егуден кейінгі 7 күні баланың температурасы 38 дейін көтерілді, катаралды құбылыс: суық тию, конъютивит, құрғақ жөтел, кейіннен дақты-папулезді бөртпе түрінде көрінді, кезенді бөртпе шығу анықталмады. Алдын-ала диагноз://
Митигирленген қызылша//
Типті қызылша//
+Вакциноассоцирленген қызылша//
Аллергиялық дерматит//
Есекжем
***

Ұл бала, бронхиальды астмамен ауыратын анасының уақытынан ерте үшінші босануынан. 2 айлық кезінде атопиялық дерматит клиникасы байқалды. Қазіргі уақытта атопиялық дерматит жоқ, бала 3 айлық. Учаскілік педиатрдың вакцинацияға қатысты тактикасы://


АбКДС-пен вакцинациялау//
Жарты дозалы АДС вакцинасымен вакцинациялау//
АДС-М вакцинасымен вакцинациялау//
АД вакцинасымен вакцинациялау//
+АбКДС вакцинасымен вакцинациялау антигистаминді препаратты қабылдаумен бірге
***

Бала 4 айлық, АбКДС-тің үшінші вакцинациясын жасағаннан кейін балада естен танумен бірге құрысу болды. Гипертермия, құсу, қозғалыс мазасыздығы, кейіннен енжарлықпен ауысты. Аяқтардың парезі пайда болды. Учаскілік дәрігер тактикасы://


+Реанимациялық бөлімшеге шұғыл госпитализация//
Инфекциялық бөлімшеге шұғыл госпитализация//
Амбулаторлы жағдайда кортикостероидтармен емдеу//
Құрысуға қарсы препараттармен амбулаторлы жағдайда емдеу//
Кортикостероидтармен бірге десенсибилизациялаушы терапия амбулаторлы жағдайда
***

Учаскілік дәрігер 6 жасар баланы үйінде қарады. Ұстама тәрізді жөтел, ысқырықты тынысқа шағымданады, дерматолог бақылауында. Ысқырықты тыныс эпизоды аптасына 1 рет қайталанады. Объективті: температурасы қалыпты. Тыныс шығару ұзарған. Өкпеде перкуторлы дыбыс қорапша тәрізді көлеңкемен, бүкіл жерде құрғақ сырыл. ЖҚА патологиясыз. Рентгенограммада: өкпе алаңы мөлдір. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз?


Жіті бронхит//
Жіті пневмония//
+Бронхиалды астма//
Обструктивті бронхит//
Созылмалы пневмония
***

Бала 5 жаста, көздің қатты қышуына, жас ағуына, мұрын аймағының қышуына, мұрын бітелуіне, периодты түрде тұншығуға шағымданады. Жағдайы көктем кезінде нашарлайды. Қарау кезінде бала астеникалық дене бітімді, терісі таза, мұрынмен тыныс қиындаған, қабығы ісінген. Өкпеде қатты тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қатты, ритмді. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагноз қоюға көмектеседі?//


ЖҚА//
ЖЗА//
+Скарификацияланған тест//
Қанның биохимиялық анализі//
Рентгенография
***

Ботагөз 7 жаста, баспамен ауырып шықты. 12 күннен кейін тізе буынының ісінуі мен ауырсынуы пайда болды, жүректе дөрекі систолалық шу, тахикардия. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?//


ЮРА//
Жіті миокардит//
+Жіті ревматикалық қызба//
СКВ//
Бруцеллез
***

Вакцинациядан кейін 2 күні анасы балада инъекция жасалған аймақта диаметрі 2см гиперемияланған инфильтратты байқаған, жағдайы бұзылмаған. Инфильтраттың пайда болу себебі қандай?//


Инъекция орнын дұрыс таңдамауы//
Вакцина компанентіне аллергиялық реакция//
Вакцина орнын дұрыс өңдемеу (екіншілік инфекция)//
+Қалыпты вакциналық процесстің ағымының түрі//
Вакцинаны енгізу тәртібін дұрыс сақтамауы
***

Неліктен қанында дифтерияға қарсы жоғары спецификалық антиденесі бар дифтерияға қарсы вакцина алған балалар, дифтериямен ауырып жатқан адаммен тығыз қатынаста болып, тек жергілікті формаларымен ауырып, токсикалық формаларымен ауырмайды?


+Вакцинадан кейінгі иммунитет тек антитоксикалық//
Бір жастан асқан балаларға ғана активті иммунизация жүргізді//
Бұл балалар соңғы үш жылда ревакцинация алған жоқ//
Вакцинадан кейін оларда поствакциналық асқынулар болды//
Вакцинацияны ЖРВИ кейін екі аптадан соң жүргізді
***

ҚҚП қарсы вакцинадан кейін 10 күні анасы баланың құлақ маңайында бір жақты ауырсынусыз, тығыз консистенциялы, тері түсі өзгермеген түзіліс тапты. Сіздің диагнозыңыз?//


Инфекциялық мононуклеаз//
+Вакциноассоцирленген паротит//
Эпидемиялық паротит//
Регионарлы лимфаденит//
Поствакциналық процестің қалыпты ағымы
***

Бала төртінші жүктіліктен, асфиксиямен туылған. Емханада 2 айлық кезінде бірінші вакцинация гексовакцинамен жасалды. Вакцинадан кейін алғашқы 3 сағат бойы балада қалыпты дене температурасы фонында клонико-тониялық құрысулар қайталанды. Құрысулар өзі тоқтады, бала жағдайы тез жақсарды. Алдын-ала диагноз қойыңыз?//


Вакцинацияға шектен тыс қатты жалпы реакция//
Анафилактикалық шок//
+Энцефалопатия//
Поствакциналық энцефалит//
Фебрилді құрысу
***

2 айлық бала, үшінші жүктіліктен, асфиксиямен туылды. Емханада бірінші вакцинация АбКДС+Hib, ИПВ, ВГВ жүргізілді. Вакцинадан кейінгі алғашқы 2 сағат ішінде балада қалыпты дене температурасы фонында клонико-тониялық құрысулар қайталанды. Құрысулар өзі тоқтады, бала жағдайы тез жақсарды. Болашаққа егу тактикасы://


Егуді айға кейінге қалдыру//
Құрысуға қарсы терапия фонында баланы жасына сәйкес егу//
Егуден медициналық босатуды 1 жылға толтыру//
Егуден үнемі медициналық босатуды толтыру//
+Баланы жасына сәйкес анологиялық вакцинамен, көкжөтелге қарсы компонентсіз егу (АДС)
***

Учаскілік педиатр бір жастағы баланы үйінде қарады. ЖРВИ ауырды, жазылғаннан кейін екінші күні ҚҚП қарсы вакцина жасалды. Егуден кейінгі 7 күні баланың температурасы 38 дейін көтерілді, катаралды құбылыс: суық тию, конъютивит, құрғақ жөтел, кейіннен дақты-папулезді бөртпе түрінде көрінді, кезенді бөртпе шығу анықталмады. Алдын-ала диагноз://


Митигирленген қызылша//
Типті қызылша//
+Вакциноассоцирленген қызылша//
Аллергиялық дерматит//
Есекжем
***

Екі айлық Диана, бронхиальды астмамен ауыратын анасының уақытынан ерте бірінші босануынан. 2 айлық кезінде атопиялық дерматит клиникасы байқалды. Қазіргі уақытта атопиялық дерматит жоқ, бала 3 айлық. Учаскілік педиатрдың вакцинацияға қатысты тактикасы://


АбКДС вакцинасымен вакцинациялау//
Жарты дозалы АДС вакцинасымен вакцинациялау//
АДС-М вакцинасымен вакцинациялау//
АД вакцинасымен вакцинациялау//
+АбКДС вакцинасымен вакцинациялау антигистаминді препаратты қабылдаумен бірге
***

Бала 2 жас 9 айлық. Физикалық дамуы бойынша - салмақ жеткіліксіздігі I дәрежелі, бойының жеткіліксіздігі 5см. Нервно-псикалық бойынша – III топ, I дәрежелі. Жыл бойына жіті аурулармен ауырмаған, гемоглобин 105 г/л, ремиссия кезіндегі нейродермит. Бұл бала қай денсаулық тобына жатады?//


Бірінші топ//
Екінші А тобы//
+Екінші Б тобы//
Үшінші топ//
Төртінші топ
***

Алты жастағы бала, мектеп алдындағы скрининг өтіп жатыр. Анамнезінде: өсуі және дамуы жасына сәйкес, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, күнтізбеге сәйкес егілген. Басынан өткен аурулары: үш жасында қызылшамен, жиі ЖРВИ ауырды. Денсаулық тобы ІІ-А. Қандай екпені бұл балаға жасау қажет?


АбКДС, ҚҚП ревакцинация//
+АДС, ҚҚП ревакцинация//
АДС, ВГВ ревакцинация//
ҚҚП, ВГА ревакцинация//
АбКДС, ҚҚП, БЦЖ ревакцинация
***

Қыз бала, Верника, 11жаста, созылмалы пиелонефритпен диспансерлік тіркеуде тұр. Осы балаға қандай терапияны тағайындаған дұрыс?//


+Үзілмелі антибактериалды терапия//
Стероидты гормандармен терапия//
Спецификалық иммунизация//
Зәр айдатқыш препараттар//
Цитостатиктер терапиясы
***

Тимур 5 ай бойы жасанды тамақтандыруда. Қарау кезінде айқын маңдай мен төбе төмпешіктері, қабырғалар тасбиығы мен білезігі палпацияланады. Бұлшықет тонусы төмендеген. Бауыр +1,5см қабырға асты доғасынан шығып тұр. Д витаминінің қандай дозасын осы балаға тағайындайсыздар?//


1000 ХБ//
2000 ХБ//
+3000 ХБ//
4000 ХБ//
5000 ХБ
***

Қыз 15 жаста, майлы тамақты жегеннен кейін оң қабырға астында, оң жақ иыққа иррадияцияланатын өткір ауырсыну, құсу, лоқсу, сұйық нәжіс, іш кебуі пайда болды. Осындай жағдай бірінші рет болып жатқан жоқ. Болжамды диагноз:


Созылмалы холецистит//
Өт-тас ауруы//
+ӨШЖД//
12 елі ішектің ойық жара ауруы//
Вирусты гепатит
***https://youtu.be/RCxsomMX3EM
3 жасар бал, жедел ауырды, суықтап қалғаннан соң, дене қызуы 39,00С көтерілді, құрғақ жөтел, басы ауырды. Баланы тексерген соң оңжақты пневмония диагностикаланды және бала стационарға емделуге жолданды. Бала сауыққан соң емханада қанша уақыт бақыланады ?//
3 ай//
6 ай//
9 ай//
+1 жыл//
2 жыл//
***
5 жасар бала ауырғанан бастап екінші күні бас ауруы, беті, жіліншігінің ісінуі, несептің "ет жуындысы" түстім болуына шағымданып клиникаға түсті. Жедел гломерулонефрит диагнозы қойылып, нефрологиялық бөлімшеге салынды. Стационардан емделіп шыққан соң науқасты диспасерлік бақылау ұзақтығы//
6 ай.//
рецидив болмаса 1 жыл//
рецидив болмаса 3жыл//
+рецидив болмаса 5 жыл//
14 жасқа дейін
***
9 айлық бала. Айтарлықтай токсикоз, аралас ентікпе, дене қызуы 38,00С көтеріліп стационарға түсті. Перкуссия кезінде перкуссия дыбысы қорап тәріздігі анықталды. Аускультацияда шашыраған майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Алдын ала қойылатын диагноз:
+Бронхиолит//
Альвеолит//
Пневмония//
Бронх демікпесі, ұстама//
Обструктивті бронхит
***
1 жасар 7 айлық бала ЖРВИ тұсында ауыру басталаннан бастап 5 күні жағдай нашарлап, дене қызуы 37,80С қайта көтерілді, экспираторлық типті ентікпе, оралды сырылдар пайда болды. Аускультация кезінде - тыныс шығаруы ұзарған, әртүрлі калибрлі ылғалды және ысқырған құрғақ сырылдар өкпе аясының екі жағында. Сіздің алдын ала қоятын диагнозңыз://
+Обструктивті бронхит//
Рецидивті бронхит//
Бронхиолит//
Пневмония//
Плеврит
***
4 күндік ер баланы бөлімшелік педиатр қарады. Анамнезінде: бірінші жүктілік, анасының жасы 18 жас, анасы шылым шегеді, жүктілік І және ІІ жартысынды токсикозбен жүргендігі, жүктіліктің екінші үш айлығында ТТА. Босану стимуляциямен, сусыз кезеңнің ұзақтығы 8 сағат, нәресте мойыны кіндікпен бір оратылып туылған. Тұқым қуалаушылық қаупі жоқ. Нәресте емеді. Балаға қандай денсаулық тобын тағайындайсыз?//
І денсаулық тобын//
IIA денсаулық тобын //
+ IIБ денсаулық тобын//
ІІІ денсаулық тобын//
IV денсаулық тобы
***
Бір айлық қыз бала. Табиғи тамақтандырылады. Бөлімшелік педиатр сәбиді үйінде қарағанда нерв психикалық дамуын бағалады, сәбидің қимылдаған қызыл шарға қарап, дәрігердің сөздерін тыңдауын, күлуін, ішімен жатқанда басын көтеруге және басын ұстап тұруға әрекеттенуін, анасының сөйлеген сөздеріне дауыс шығарауын байқады. Сәбидің нерв психикалық дамуын дәрігер қалай бағалайды ?//
+дамуы қалыпты//
сәбидің дамуы озған//
дамуы тезделген//
дамуы 1 эпикриздік мерзімге артта қалған//
дамуы 2 эпикриздік мерзімге артта қалған.
***
Бір жасар бала. Төменде аталған дағдылар бойынша баланың нерв психикалық дамуын анықтаңыз: сәби еңбектейді, тұра алады, жағалап тұрады, отыра алады, отырады, домалатады, бір затты бір заттан ала алады, бірақ сала алмайды, ересектердің айтқан тапсырмалары мен өтініштерін орындай алады, "болмайды" деген сөзді түсінеді, заттарды формасы бойынша ажырата алады, айтқан сөздерді түсіну бойынша заттарды жалпылайды, "ана" деген сөзді айтады, өзі кеседен іше алады , бірақ ұстап тұра алмайды//
+сөзді түсіну//
белсенді сөйлеу//
сенсорлық даму//
заттармен әрекет//
дағдылар
***
14 жасар бала. 2 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Эпигастрия аймағы тамақ ішкен соң ауырлап, ауырады, кекіру, жүрек айну, аузында жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, диарея. Тері түсі бозарған, көздің ақ қабығы сарғыш тарқан, тілі "жылтыраған. Кейде тілі ашиды, аяқ -қолдарында " инедей шаншылуборозда". ЖҚА гиперхромды, макроцитарлық анемия.
Осы клиникалық сипатқа созылмалы гастриттің қандай эндоскопиялық көрінісі сәйкес келеді?//
Гипертрофиялық формасы//
+Атрофиялық формасы//
Эрозивті формасы//
беткейлі//
Аралас формасы
***
9 айлық ер бала - физиологиялық өткен І жүктіліктен. 2 айынан бастап бейімделмеген сүт қоспасымен тамақтандырылады. Көкөніс езбесін жегісі келмейді. Тамақтануы көбінесе ботқалармен. Объективті: өздігінен отыра алмайды, маңдай, төбе төмпешіктері айқын, қабырға "таспихы", Гаррисон жүлгесі пальпацияланады. Бұлшықет тонусы төмендеген. Бауыры қабырға доғасы астынан 2 см шығыңқы. Басқа ағзалар жағынан еш ерекшеліксіз.
Алдын ала қоятын диагноз://
Рахит I, қызба кезеңі, жедел ағымды//
+Рахит ІI, қызба кезеңі, жеделдеу ағымды //
Рахит II, қызба кезеңі, жедел ағымды//
Рахит ІII, қызба кезеңі, қайталану ағымды//
Рахит IІІ, қызба кезеңі, жеделдеу ағымды
***
5 айлық қыз балада, шамалы тершеңдік, бұлшықет гипотониясы, шүйде шашының тақырлануы, шамалы периоралдық цианоз байқалады. Рахит диагнозын қою үшін қандай тексерулер жүргізу қажет?://
Сарысулық темір, кальций, фосфор//
+Кальций, фосфор, қан сары суының сілтілі фосфатазасы//
С-реактивті белок және белок фракциялары//
С-реактивті белок, АЛТ, АСТ//
Сулковичсынамасы
***
6 айлық ер бала, салмағы 9350 г. Объективті: тері түсі таза, тңн тқрғоры жоғарылаған. Ішкі ағзалар жағынан ауытқулар анықталмады. Сіздің баланың жағдайы туралы пікіріңіз://
Нормотрофия//
+І дәрежелі паратрофия//
ІІ дәрежелі паратрофия //
Хондродистрофия//
ІІІ дәрежелі паратрофия
***
7 жасар бала, жасына сәйкес өсіп, дамыған. Алдын алу мақсатымен жүргізген екпелер екпе күнтізбесі бойынша жүргізілген. 5 жасында Манту сынамасы жүргізілген. Нәтижесі- папула 12 см. "Туб вираж" диагностикаланған, сол себепті 3 ай бойы химиопрофилактика қабылдаған. Осы балаға қандай екпелер жүргізуге кері көрсетілім бар?//
АбКДС//
ККП//
+БЦЖ//
ОПВ//
ИПВ//
ВГВ
***
5 жасар қыз бала. Педиатрды үйге шақырды. Жедел ауырған. Тәулік бойы дене қызуы 38,0-40,0°С көтеріліп, қалтыраған. Қыз бала жүдеген. Несеп бөлуі жиілеген, несебі лайланған, никтурия. Қандай диагноз болжауға болады://
Жедел цистит//
Жедел уретрит//
Жедел гломерулонефрит//
+Жедел пиелонефрит//
Несеп жолдарының инфекциясы
***

Бала 5 жасар. Педиатрда - дәрігерінде: «Ремиссия сатысындағы созылмалы пиелонефрит» диагнозы бойынша диспансерлік есепте тұрады. Бақылаудың алғашқы жылында осы балаға қандай жиілікпен несеп анализі тексеріледі?//


аптасына бір рет//
+айына бір рет//
кварталына бір рет//
жылына бір рет//
жылына екі рет //
***
Жаға туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізгенде, анасының жасы 35, жүктілік пен босануы бірінші болуы белгілі болды. Осы балада қандай қауіп факторы болуы мүмкін?//
+ОЖЖ патологиясы, туа біткен ақаулар және тұқым қуалаушылықпен байланысты аурулар//
ұрықіші инфекциялануы//
трофикалық бұзылыстар//
ұрықіші инфекциялануы, трофикалық бұзылыстар//
ОЖЖ патологиясы, ұрықіші инфекциялануы, трофикалық бұзылыстар
***
6 айлық баламен анасы бөлімшелік дәрігерге қабылдауға келді. 3 күн бұрын бала «Малютка» жасанда сүт қоспасымен тамақтындырылды. Екі кұн бойы баланың беті қызарған. Қарау кезінде: бет терісінің қызаруы, ісінуі. шамалы түлеумен, гнейс. Ағзалар бойынша еш ерекшеліксіз. Анасы сүт қоспасын ішкен бетте терісінің қызаруы күшейетінін байқағанын айтты. Қадай диагноз болжайсыз://
+атопиялық дерматит, сәбилік формасы, бастапқы сатысы, жеңіл ағымды//
атопиялық дерматит, сәбилік формасы, айтарлықтай өзгерістер сатысы//
атопиялық дерматит, балалар формасы, бастапқы сатысы, жеңіл ағымды
атопиялық дерматит, балалар формасы, айтарлықтай өзгерістер сатысы//
атопический дерматит, младенческая форма, стадия неполной ремиссии
атопиялық дерматит, сәбилік формасы, толық емес ремиссия сатысы//
***
5 айлық бала. Анамнезінде: туылғаннан бастап 3 аптадан анасының ауруына байланысты жасанды тамақтандырылады. Күтімі жеткіліктілігіне қарамастан қарау кезінде: шап аймағында, мойнында, қолтық астының терісі қызарған. Бет үші қызарған, ісінген, жарылған, сүтті қабыршақтар. Бала мазасыз, ұйқысы шала. Алдын ала қандай диагноз неғұрлым дәлірек болады?//
стрептодермия//
+атопиялық дерматит//
лимфатикалық гипопластикалық диатез//
нервті артритикалық диатез//
балалар экземасы
***
3 айлық бала, анасының ауруына байланысты бейімделген сүт қоспасымен жасанды тамақтандырылуға ауытырылды. Сүт қоспасын бере бастағаннан үшінші күні баланың бетінде, денесінде және аяқ -қолдарында дақты бөртпе пайда болды. Анасында бала кезінде крапивница бірнеше рет қайталанған. Балада бөртпенің пайда болуын немен байланыстыруға болады?//
анасының инфекциясы//
баланың инфекциясы//
қышымамен//
+тағамдық аллергиямен//
базданумен
***
***
Жетіліп туылған 1 айлық нәрестенің параметрлерін диспансерлік тексеруде бөлімшелік дәрігер өлшеген. Дене дамуы қалыпты деп бағаланған.
Төменде аталған дене салмағының ай сайынғы қосылуы осы жастағы баланың гормониялық дамуына неғұрлым сәйкес келеді?//
500 г//
+ 600 г//
750 г//
850 г//
1000 г
***
2 жасар бала, бірнеше рет ЖРВИ ауырған, обструкциялық синдроммен өткен. Бронхообструкция эпизодттары неше рет қайталанса бронх демікпесі мүмкіндігі туралы ойлану керек?//
жылына 1 рет//
жылына 2 рет//
+жылына 3 рет//
жылына 4 рет//
жылына 5 реттен артық
***
3 жасар бала 2 ай көлемінде сырқат. Клиникалық белгілерінде интермиттерген қызба, терісінде көбінесе буын аймағында анулярлық типті, лимфаденопатия, миоперикардит белгілері, бауыры және көкбауыры ұлғайған, тізе және кәріжілік-білезік буындарының ауыруы және қимыл қозғалысы шектелген. Қан анализінде лейкоцитоз 18хl09/л, нейтрофилдердің солға ығысуы 15% дейін, т/я лейкоциттердің, ЭТЖ - 65 мм/сағ. Қандай диагноз неғұрлым дәлірек?//
сепсис//
жүйелі қызыл жегі//
ревматизм//
түйінді полиартериит//
+ювенилді ревматоидты артрит
***
Қайта тексеру кезінде 2,5 айлық баланың психикалық моторлық дамуы жасына сәйкес, екінші айда 800 г салмақ қосқан, жақсы емеді, анасының сүті жеткілікті. Нәжісі тәулігіне 4-6 рет, тұрақсыз. Қазір балаға қандай ұсыныс бересіз ?//
бейімділген қышқыл сүт қоспаларын//
өсімдік майын//
ірімшік//
бифидумбактерин//
+еш өзгеріс қажеті жоқ
***
6 жасар бала стрептодермиямен ауырған, үш аптадан соң беті, жіліншігінің ісінуі пайда болды. АҚ 115/80 мм сын.бағ. Температурасы 37,20 С. Қан анализінде: Нв 118 г/л, эр. – 3,9х1012/л, ТК 0,9, лейкоциттер 9,1х109/л, т/я 2%, с/я 68%, эоз.3%, лимфоциттер 24%, ЭТЖ 23 мм/сағ. Несеп анализінде: белок 0,99%0, лейкоциттер 6-8 к/а, эритроциттер 15-20 к/а., бірен-саран гиалин цилиндрлері. Балада қай ауру болуы мүмкін?//
+жедел гломерулонефрит//
жедел пиелонефрит//
интерстициалды нефрит//
созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық формасы//
созылмалы гломерулонефрит, аралас формасы
***
6 жасар бала стрептодермиямен ауырған, үш аптадан соң беті, жіліншігінің ісінуі пайда болды. АҚ 115/80 мм сын.бағ. Температурасы 37,20 С. Қан анализінде: Нв 118 г/л, эр. – 3,9х1012/л, ТК 0,9, лейкоциттер 9,1х109/л, т/я 2%, с/я 68%, эоз.3%, лимфоциттер 24%, ЭТЖ 23 мм/сағ. Несеп анализінде: белок 0,99%0, лейкоциттер 6-8 к/а, эритроциттер 15-20 к/а., бірен-саран гиалин цилиндрлері. Жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды. қандай тексеру әдісін жүргізу қажет?//
+Нечипоренко сынамасы//
Сулкович сынамасы //
несепті баксебу//
үшыдыс сынамасы//
Макклюр-Олдрич сынамасы
***
4 жасар бала скарлатинамен ауырған, 3 аптадан соң ер балада беті ісінкіреп, гематурия, протеинурия байқалды. Аталған симптомдар төменде аталған аурулардың қайсысына сәйкес келеді?//
жедел пиелонефрит//
жедел цистит//
Квинке ісінуі//
+жедел гломерулонефрит//
нефротикалық синдром,шумақшалардың шамалы өзгерістерімен
***
12 жасар қыз бала нефрологта бірнеше жыл бойы нефролог маманында диспансерлік есепте тұрады. Қыз балада кейде бактериурия, несебі сілтілі реакциялы, лейкоцитарлы цилиндрлармен және көру аймағында 20 дейін лейкоциттер байқалады. Осы науқаста қандай диагноз?//
+созылмалы пиелонефрит//
созылмалы цистит//
созылмалы гломерулонефрит//
несеп тас ауруы//
интерстициалды нефрит
***
7 жасар қыз балада респираторлық инфекциямен ауырып өткен соң лейкоцитурия, лейкоцитарлық цилиндрлер анықталды. Төменде аталғандардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?//
Гломерулонефрит//
цистит//
+пиелонефрит//
уретрит//
вульвовагинит//
***
6 жасар бала мектепке дайындалып, диспансерлік тексеру өтуде. Нсеп анлизінде тек протеинурия анықталды. Төменде аталғандардың қайсысы қазір осы балада ең бастысы болуы мүмкін?//
несепті Нечипоренко сынамасы бойыша тексеру//
+ тәуліктік белоктың шығуын//
Реберг сынамасы//
бүйректің УДЗ//
экскреторлық урография
***
3жасар баланы созылмалы пиелонефритпен диспансерлік бақылау кезінде бүйректің функционалдық жағдайын қадағалау керек. Осы жастағы балалардың несеп тығыздығының ауытқуын анықтау үшін несеп анализін жинау үшін қандай әдіс қолданылады?//
мәжбүрлі несеп бөлу//
+ еркін несепбөлу//
несеп жинайтын ыдысты қолдану//
қуықтың катетеризациясы//
қуықтың пункциясы
***
5 күндің қыз бала әр несеп бөлген сайын жаялықта қызыл дақ қалады. Жинаған несеп лайланған, біраз тұрып қалса қызыл-қоңыр қалдық жиналады, осымен қатар эритроциттер көру аймағында 1-2 артық. Осы нәрестенің несеп ерекшелігінің себебі не болып табылады ?//
жыныстық криз//
+несепқышқыл диатез (инфаркт)//
геморрагиялық диатез салдарынан макрогематурия //
нефролитиаз//
бүйректің қатерлі ісігі
***
2 айлық баланың анасы баланың салмақ қосуы қалыпты, жалпы жағдайы жақсы болуымен қатар тәулігіне 17 ретке дейін несеп бөлетіндігіне назар аударды. Осы жағдайда несеп бөлу жиілігін қалай бағалауға болады?//
+ физиологиялық қалыпты//
цистит//
уретрит//
нефролитиаз//
несепқышқыл инфаркт
***
6 жасар бала интоксикация сидромына байланысты жағдайы орташа ауырлық дәрежелі. Температурасы 38ºС,соғу симптомы оң. ЖНА- лейкоцитурия, бактериурия. УДЗ - тостағанша табақша жүйесінде қабынудың белгілері. Сіздің өоятын диагнозыңыз://
тұқымқуалаушы нефрит//
цистит//
интерстициалды нефрит//
+пиелонефрит//
гломерулонефрит
***
9 айлық бала. Жөтелгеніне екі күн болды, тыныс жиілігі– минутына 46 және кеуде клеткасның ішке тартылуы байқалады. БЖАБЖ бойынша диагноз қойыңыз?//
пневмония жоқ: жөтел немесе суықтау//
пневмония//
+ауыр пневмония немесе өте ауыр пневмония//
облитирленген бронхиолит//
жедел бронхиолит
***
1 айлық бала. Объективті: ішінде, кеудесінде, аяқ- қолында тері асты май қабаты жоқ, терісі оңай қатпарға жиналады, бұлшықет тонусы төмендеген, іші ұлғайған, бой өсуі артта қалған, терморегуляция бұзылған, тағамға толеранттылығы төмендеген.
Төменде аталған аурулардың қайсысы неңұрлым дәлірек?//
І дәрежелі белоктық энергетикалық жетіліксіздік//
+ІІ дәрежелі белоктық энергетикалық жетіліксіздік //
ІІІ дәрежелі белоктық энергетикалық жетіліксіздік //
І дәрежелі паратрофия//
ІІ дәрежелі паратрофия
***
2 айлық бала. Анасы жөтел, жағдайы бұзылғандығы туралы шағымданды. Объективті: тынысы шулы, акроцианоз, жиі мазалайтын құрғақ жөтел, кеуде сарайы эмфизематозды үрленген, тыныс жиілігі минутына 66-72, тынысы әлсіз, көп мөлшерде шашыраған құрғақ «музыкалы» сырылдар.
Алдын ала диагноз қойыңыз?//
жедел бронхит//
жедел пневмония//
бронх демікпесі//
+обструктивті бронхит//
облитирленген бронхиолит
***
10 жасар қыз балада саусақтарының орта буындары қисайған, қимыл қозғалысы олардығ шектелген, таңертеңгі уақытта қимыл қозғалыс қиын.Басқа өзгерістер анықталмаған. Осы белгілер қандай ауруға тән?//
дерматомиозит//
+ ревматоидты артрит//
түйінді периартериит//
жүйелі склеродермия//
жүйелі қызыл жегі
***
14 жасар қыз бала, тамақ қабылдаған соң іші ауырып, кекіру, жүрек айну, аталған диагноз неғұрлым дәлірек болады?//
12 елі ішектің ойық жара ауруы//
+ созылмалы гастродуоденит//
созылмалы холецистит//
асқазанның ойық жара ауруы//
созылмалы гастрит.
***
8 жасар қыз бала, ауырғанына 1,5 жыл болған, шағымдары: енжарлық, әлсіздік, майлы тамақ ішкен соң немесе күштемеден кейін 1-1,5 сағаттан соң үнемі оңжақ қабырға асты ауырады, кейде күшейеді, сыздап, батып, ауырады. Пальпация кезінде: оңжақ қабырға асты ауырсынады. Өт қабықшасы симптомы оң, бауыр ұлғайған, ауырады.
Аталып отырған диагноздардың қайсысы неғұрлым ділңрек?
созылмалы гепатит//
созылмалы холецистит//
созылмалы панкреатит//
+өтбөлу жолдарының дискенизиясы//
12 елі ішектің ойық жара ауруы
***
10 айлық бала, жасанды тамақтандырылуда. Тәбеті төмен, енжар, терісі бозарған. 5 айдан бастап көбінесе ботқалармен тамақтандырылады. Қан анализінде: эр-2,8х1012/л, Нв- 76 г/л, ТК- 0,6, ретикулоциттер – 2,8%, лейкоциттер-13,2х109/л, с/я- 29%, т/я-2%, лимфоциттер-57%, моноциттер-8%, эозинофилдер-1%.
Алдын ала қоятын диагноз//
витаминтапшылық анемия//
белоктапшылық анемия//
гемолитикалық анемия//
+теміртапшылық анемия//
гипопластикалық анемия//
***
5 айлық бала, 3000 г. салмақпен туылған. Қазіргі салмағы 4500 г. Тері түсі бозарған, терінің эластикалығы, тұрғоры және бұлшықет тонусы төмендеген, беті әжім, тері асты май қабаты ішінде, денесінде, аяқ-қолдарында жоқ, ерні алқызыл. Жүрек тондары кереңдеген, пульсы минутына 120. Бауыры +1 см. Нәжісі тұрақсыз. Несеп бөлуі сирек.
Неғұрлым дәлірек диагнозды атаңыз://
минерал алмасының бұзылысы//
І дәрежелі белоктық энергетикалық жеткіліксіздік//
ІІ дәрежелі белоктық энергетикалық жеткіліксіздік, аралас этиологиялы//
+ІІІ дәрежелі белоктық энергетикалық жеткіліксіздік, аралас этиологиялы//
перинаталды патология
***
Бала 2 жаста, Манту сынамасы 1 жаста – 11 мм, 2 жаста – 7 мм. Перзентханада БЦЖ екпесі жасалған – тыртық 5 мм. Фтизиатрға кеңеске жолдама берілген.
Алдын ала қандай диагноз қоясыз://
бала туберкулезбен инфицирленбеген//
туберкулезді инфицирленген//
жалпы аллергиялық реакция//
+вакцинадан кейінгі аллергия//
өкпе туберкулезі
***
13 жасар қыз бала. Аш қарынға іші ауырып, тамақ ішкен соң басылатынына, қыжылдауға шағымданды. Объективті: эпигастрия аймағында ауырсыну, оңжақ бел аймағына беріледі. рентгенологиялық тексеру жүргізілді. Осы жағдайда төменде аталған рентгенологиялық белгілердің қайсысы неғұрлым дәлірек болады?//
асқазан қатпарының бұлыңғырлануы мен қалыңдауы//
асқазанның толуында ақаулық//
+«тауаша» симптомы //
толудың шеткі ақауы//
«тышқан құйрығы» симптомы
***
Қабылдауда 4 жасар бала. Сіз алдын ала: Ауруханадан тыс оңжақты ошақты пневмония диагнозын қойдыңыз. Диагностика кезінде сіз қандай басты клиникалық симптом анықтадыңыз//
ентікпе//
тынысы әлсіреген//
+жергілікті крепитация//
көп мөлшерде майдакөпіршікті сырылдар//
кеуде сарайының ішке тартылуын.
***
Оқу жылы басталғанда барлық бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасы жасалды. Балаларға Манту сынамасын жасаған соң қанша уақыттан кейін БЦЖ ревакцинациясын жасау керек?//
алғашқы 2 күнде//
+3 күннен 2 аптаға дейін//
3 күннен 4 аптаға дейін//
Манту сынамасынан кейін алғашқы бірінші айда//
БЦЖ ревакцинасы Манту сынамасымен байланысты емес, кез- келген мерзімде жасауға болады.
***
Қабылдауда 1 жасар бала. БЦЖ вакцинациясы перзентханада жасалған, тыртық өлшемі 5 мм, туберкулезбен науқаспен қатыста болмаған. 1 жастағы Манту сынамасының нәтижесі – папула 6 мм. Сіз туберкулин сынамасының нәтижесін қалай бағалайсыз?//
+поствакциналды аллергия//
Туберкулин сынамасының виражы//
Манту реакциясы күдікті//
Туберкулиндік инфекцияланған//
Манту сынамасын талдау қиын, кеуде клеткасының рентгенографиясын жасау қажет.
***
3 айлық бала, туылғандағы салмағы 3100 г. Қарау кезінде дене салмағы 5400 г. Бақылау мақсатымен емізген кезде 130 мл сүт емді. Ағзалар мен жүйелердің функционалдық жағдай жасына сәйкес. Бала емшек сүтімен бала тәулігіне 1 кг салмаққа: белок – 2,0 г, майлар – 6,0 г, көмірсулар -12,0 г, ккал –115. Баланың тамақтануын бағалаңыз://
белоктар, майлар, көмірсулар бойынша тапшылық//
+тамақтануы ұтымды, жасына сәйкес//
Балаға сүт жеткіліксіз//
Белоктар мен майлар тапшылығы байқалады//
Көмірсулар мен калориялар тапшылығы
***
Бала 6 айлық. Туылғандағы салмағы 3000 г. Қарау кезінде 8000 г. Табиғи тамақтандырылады. 550 мл сүт емеді, 2 қосымша тамақ жейді: көкөніс езбесі, мәни ботқасы сары май қосылған, алма езбесі, жұмыртқның сары уызын. Тәулігіне 1 кг салмаққа 4,0 г белок, 6,5 г. майлар; 15 г көмірсулар. Барлығы 130 ккал/кг. Неғұрлым дұрыс қорытынды жасаңыз://
Тамақтануы барлық тағамдық ингредиенттер бойынша ұтымды//
тамақ құрамында белок жеткіліксіз мөлшерде//
тамақ құрамында көмірсулар жеткілісіз мөлшерде//
тамақ құрамында майлар жеткіліксіз мөлшерде//
+баланың тамақтануы шектен тыс
***
1 жасар баланың анасы баланың мазасыздығына шағымданып емханаға дәрәгерге қабылдауға келді. Емізу аралығы 3 сағат, - барлығы тәулігіне 8 рет емеді. Анасы әр емізген сайын 20-30 мл сүтін сауып тастайды. Баланың туылғандағы слмағы 3400, тексеру кезінде- 4000 г. Бақылау мақсатымен емізгенде 100 мл сүт емді. Анасында емшек сүтінің тапшылығы гипогалактияның қандай дәрежесіне сәйкес келеді?//
+емшек сүтінің тапшылығы жоқ, емген сүт мөлшері баланың мұқтаждығына сәйкес //
І дәрежелі гипогалактия//
ІІ дәрежелі гипогалактия//
ІІІ дәрежелі гипогалактия//
ІV дәрежелі гипогалактия
***
2 жасар бала, атопиялық дерматит бойынша диспансерлік еспте тұрады. Тексеру кезінде: көпмөлшерде ошақтар экксудация және шамалы қышуы анықталды. Өршу жиілігі жылына 3-4 рет, ремиссия ұзақтығы 2-3 ай. Осы баладағы клиникалық белгілер атопиялық дерматиттің қандай ауырлық дәрежесіне сәйкес келеді?//
Жеңіл ағымды//
+орташа ауырлық дәрежелі//
Ауыр ағымды//
Үзілмей қайталанушы//
Ауырлық дәрежесін анықтуға мәлімет жеткіліксіз
***

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет