Ситуациялық есеп № 1
К., 27 жаста ауданнан көшуіне байланысты әйелдер кеңесіне қаралды. 20 жасынан терапевтте жүректің ревматикалық ақауы бойынша диспансерлі есепте тұр. Соңғы 6 айда физикалық жүктемеде, жүрген кезде ентігуді байқайды. Осы жүктілік бірінші, жиынды тексеру мәліметтері бойынша 35 аптаға сәйкес. Жүктіге кеңес беруші дәрігер- ревматолог келесі қорытындыны берді: Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділікпен. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып диагноз қойылды: Жүктілік 35 апта. Ревмокардит, белсенді фаза. Жүректің аралас ақауы, сол жақ атрио-вентрикулярлы кеңістіктің стенозына бейімділікпен. Митральді клапан жетіспеушілігі ІІ Б дәрежесі.
Диагнозы,әйелдер кеңесі акушер-гинеколог дәрігерінің тактикасы.
Жауабы: Перзентханаға жүктілікті үзуге жіберу
Ситуациялық есеп № 2
Жедел жәрдем көлігімен шұғыл жағдайда гинекология бөлімшесіне жеткізілді, 22 жаста Л. әйел ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына және жыныс мүшелерінен қанды бөлінділердің болуына шағымданып. Анамнезден: соңғы етеккірі екі ай бұрын келген. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және көрінерлік шырышты қабаттар бозғылт – ашық қызыл түсті, PS – 84 рет/мин. Дене температурасы 37 0С, АҚ 110/70 және 110/70 мм. с.б. Per speculum: мойын каналы ашық, қынапқа шығып тұрған ұрық жұмыртқасының төменгі полюсі көрінеді. Per vaginum: жатырдың денесі жүктіліктің 6 апталық мерзіміне дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы қосалқылар анықталмайды. Қынаптың күмбезі салбырап тұрмайды. Қынаптан бөлінділер қанды, көп мөлшерде, анық жатыр мойны бір саусақ өткізеді, ұрық жұмыртқасы анықталады, айналасы бойында бос. Қан жоғалту 500 мл-ге жуық.
Болжам диагноз?
а) Жүктілік 6 апта. Жүктіліктің үзілу қауіпі
б) Өздігінен түсік тастау+
в) Басталған түсік
г) Мойындағы жүктілік
д) Өздігінен толық емес түсік.
3.Есеп
Ситуациялық есеп № 1
Босанғаннан кейінгі 11-ші тәулікте дене қызуы 39 0 градусқа көтеріліп, дірілдеу байқалды. Жағдайы қанағаттанарлық . Шағымдары: 2 күн бұрын басталған іштің төменгі бөлігінде ауырсыну. Босану ірі нәрестемен, сол жақта 2 дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы болған. Қынаптық зерттеу: жатыр мойнының өзегі сақталған, сыртқы саңылауы саусақтың ұшын өткізеді. Жатыр денесі бөлек анықталмайды, оңға ығысқан. Сол жақта жатырдың бүйірлерімен жамбас қабырғалары арасында қозғалмайтын, тығыз, шамалы ауырсынумен жамабас қабырғаларына дейін жететін инфильтрат анықталды. Бүйірлік күмбезі тегістелген, шырышты қабатының қозғалғыштығы азайған. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінділер ақ түсті аз мөлшерде.
1. Болжамалы диагноз
2. Дәрігер амалы?
Болжам диагноз: Босанғаннан кейін эндометрит
Дәрігер амалы:
Ыдыраған өнімдердің сіңірілуін азайту үшін жатыр қуысын антисептиктер және антибиотиктермен жуу жүргізіледі. Кең спектрлі антибиотиктерді ерте тағайындайды. Екі антибиотиктен кем емес, максимальді дозада микрофлора сезімталдығына байланысты енгізеді.
• Антибиотиктер комбинациясы келесідей болуы мүмкін: оксациллин, метициллин 40 г тәулігіне; цепорин, кефзол, цефамизин 4,0 г тәулігіне; канамицин 0,5 г 4 рет тәулігіне; гентамицин 40 мг 2 рет тәулігіне.
• Антибиотиктермен бірге сульфаниламидті препараттар да тағайындайды. Кандидоз және дисбактериозды алдын алу үшін нистатин 5 млн. ӘБ 4 реттен тәулігіне тағайындайды.
• Инфекция көзі анаэробты болуын ескере отырып, цефалоспориндерді (цефотаксим, цефметазон), гентамицин клиндамицинмен бірге тағайындау ұсынылады.
• Гиповолемияны жою үшін детоксикация және коллоидты –осмостық бұзылыстарды түзету жүргізу керек. Ол үшін көп компонентті гидратациялық терапия ұсынылады. Ол үшін 400 мл реополиглюкин ертіндісі, 200 мл қан плазмасы, 400 мл 10% глюкоза ертіндісі, 250 мл Рингер ертіндісі қолданылады. Тәулігіне инфузияның жалпы көлемі 1250 мл болу керек.
• Сонымен қатар іріңді қабыну аурулары гиповитаминозы дамуымен жүретіні белгілі. Сол үшін комплексті терапияға С және В тобындағы дәрумендерді қосу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |