Арнайы бөлім 1 Жеке жылу орталығы (жжо)



бет1/7
Дата28.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#175671
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
121ак




Арнайы бөлім


1 Жеке жылу орталығы (ЖЖО)

Жылу орталығы қойылатын талаптар: Жылу орнын ауа алмасумен


қамтамасыз ету қажет. Жылу орнындағы төбенің биіктігі 2,5 м - ден кем емес.
Кіріс бөлігіндегі аралықтың ені 90 см. Жылу орны ғимаратында

жылутасымалдағышты ұқыюға немесе жабдықтардан жоюға
арналған

канализация қарастырылуы керек. Жылу орны ғимаратының қабырғалары
сылақталған, едені тегістелген, шаңнан тазартылған және еденнен 10 см
биіктікте гидроизоляцияланған. Жылу орнындағы ауа температурасы +5 гр.С -
тан кем емес. Жылу орны ғимараты басқа ғимараттардан алыс орналасқан,
отқа төзімділігі 0,75с қабырғалармен қоршалған, ал конструкцияға отынның
таралу шегі нөлге тең болуы керек.
Жеке жылу орны ыстық сумен, жылумен жабдықтауға немесе әртүрлі
өндірістік кешендерді, тұрғын үй -коммуналды шаруашылық нысандарын
және тұрғын үйлерді желдеткішпен қамтамасыз етуге арналған. Жүйенің
жұмыс істеуі үшін жылутасымалдағыш пен су құбырының суын қо су керек,
сонымен қатар циркуляциялы насостарға электрэнергиясын жеткізу қажет.
Кіші жеке жылу орындары кіші құрылымдағы бір шаңырақтан тұратын
үйлерге арналған, олар орталық жылумен жабдықтау желілеріне
қосылған.Олар ГВС суларын қыздыруға және қуаттылығы
40 кВт ғимаратты жылытуға есептелген.
Үлкен жеке жылу орындары көпқабатты және үлкен үйлерге арналған.
Жеке жылу орнының қуаттылығы 50 кВт - 2 МВт.
Автоматтандырылған жеке жылу орындарының артықшылығы:



Жылу желісіндегі құбырлардың жалпы ұзындығы 2 есе азаяды.
Жылу желілеріне жұмсалатын қаржы, сонымен қатар құрылыс

және жылуизоляциялық материалдарға кететін шығын 20—25%-ға азаяды.


Жылутасымалдағышты құюға кететін электрэнергияның шығыны

20- 40%-ға азаяды.


Нақты абонентке берілетін жылуды тұндырып реттеуді

автоматтандыру арқылы жылытуға кететін жылуды 15% үнемдейді.


азаяды.

Ыстық суды тасымалдау кезіндегі жылудың жойылуы екі есе

Жылу желісін ыстық сумен жабдықтайтын құбырларды жою



арқылы желідегі апаттық жағдайлар азаяды.


Автоматтандырылған жылу орны жабық түрде жұмыс

істегендіктен, квалификацияланған қызметкерлер қажеттіліг азаяды.


Жылутасымалдағыштың желі суының, жылыту жүйесінің суы

және су құбыры суының қысымы мен темпеарутрасын, жылытылатын
ғимараттағы ауа температурасы мен сыртқы ауасы сияқты параметрлерін
бақылай отырып, автоматты түрде өмір сүру жағдайы жақсарады.

31






Әрбір ғимаратта пайдаланылған жылу арнайы қондырғымен

есептеледі және нақты өлшенген шығын бойынша төленеді.


үйдің ішкі жылыту жүйелерінде құбыр диаметрлерінің кіші

болуына байланысты, бейметалл материалдарды қолданудың әсерінен
шығындар азаяды.


Жылу үнемделеді, монтажға кететін шығындар зауытта толық

орындалғандықтан азаяды. Өзін өзі өтеу мерзімі екі жылдан аз. Жылу
энергиясы 20-30 %-ға дейін үнемделеді.

Сурет. 2.1. ЖЖО-ны таңдау бойынша негізгі техникалық шешімдер


2.1 суретте жылу орнының принциптік схемасы келтірілген. Негізгі


жабдықтардың функционалдылығын қарастырамыз.
1 – өшіретін арматура. Жылу орнына болатты тиекті арматура- арнайы
шарлы крандар немесе бұрышты жапқыштарды енгізу қарастырылған.
2 –батпақалқан; 3 – фильтр. Эксплуатация талаптары бойынша көптеген
автоматты жабдықтарға сапалы жылутасымалдағышты пайдалану қажет.
Мұндай мәселені қатты бөлшектерден тұратын дәстүрлі гравитациялы
тұнбалар шеше алмайды. Сондықтан батпаққалқаннан кейін торлы фильтрді
орнату қарастырылады. Қысымның төмендеуі бойынша фильтрді тазалау
қажеттігін анықтау үшін манометрлер қарастырылған.
Батпаққалқанды орнату орны –жылу орнын енгізу кезінде өткізілетін
құбырларға; кері құбырларға су мен жылу ағындарының шығындарын ескере
отырып насостың және қондырғылардың алдына орнатады. Батпаққалқан мен
фильтрді насос алдына орната отырып жылыту жүйесін ластанудан - болатты
құбырлардың тотықтанудан, жылдар бойы шойынды радиаторлардан
тазартылатын қалыптау массасынан қорғайды.
4 – шығын өлшегіш. Жылумен жабдықтайтын ұйымдардың талаптары
бойынша шығын өлшегіштерді жеткізетін және кері құбырларға бір уақытта

32







екі құбырлы немесе бір, төрт құбырлы жылумен жабдықтау жүйесінде орнату


қарастырылған.
5 – жылу есептегіш. Шығын өлшегіште 4 өлшенге шығын мен бу
датчигіндегі 6 әртүрлі температура негізінде, пайдаланылған жылу
энергиясын есептейді

6

жылутасымалдағыш температурасының датчигі.

Жылутасымалдағыш температурасына пропорциялы түрде қарсы өзгеретін,
қарсылық термометрінен тұрады. Бұл үшін платиналы өткізгіштерді
пайдаланады, олар сызыққа байланысты болады.
7 – қысым айырма реттегіш (ҚАР). Жылу желісін гидравликалық қайта
реттеуден қорғайды. Жылыту жүйесін жылу желісіндегі қысымның
тербелісінен қорғайды. Қысым айырмасын ұстап тұрады және жылу ағынын 8
реттегіштің клапанында тұрақты сыртқы беделін ұстап тұрады, реттеуге
ыңғайлы жағдай жасайды. 8-бен бірлесе отырып, абоненттегі
жылутасымалдағыштың максималды шығынын шектейді. Клапанның 8
электржетегінің механикалық жұмысқа қабілеттілігімен қамтамасыз етеді.
Егер реттегіш 7 жоқ болса, жылу желісіндегі қысымның тербелісі реттегіш
жетегіне 8 беріледі, ол оның жұмысқа қабілеттілігін нашарлайды. Нашар әдіс
жетектің көмегімен құбырдағы қысымды арттыру. Егер жетекте осы уақытта
өшіретін қорғанысы болмаса, ол жанады немесе бұзылады. Жетектерде
шамадан тыс күштерден қорғайтын функция бар. Пайдаланылатын клапандар
электр қуаты жойылғанда бекітпеде уақытша орналасады.

8

жылу ағынын реттейтін клапан. Жылу желісінен

жылутасымалдағыштың берілуін суық жылутасымалдағышпен аралстыру
үшін өзгерте отырып, жылыту жүйесінің кіріс бөлімінде
жылутасымалдағышқа қажетті температурамен қамтамасыз етеді. Клапан
электр жетегімен реттеледі, ол электронды реттегішпен басқарылады.
9 – электронды реттегіш . температура датчигі 10 бойынша жылыту
жүйесінің кіріс бөлімінде жылутасымалдағыштың температурасын басқарады.
Реттеуді бағдарланған температуралы график бойынша сыртқы ауа
температурасының көрсеткіштері мен сыртқы ауа температурасының
датчиктерінің көрсеткіштерін 11 салыстыра отырып, сонымен қатар
бағдарланған энергияны үнемдейтін тәртіппен-жылыту жүйесінің түнде
энергияны тұтынуын азайту, демалыс күндері энергияны тұтынуды азайту
арқылы жүзеге асырады. Кері құбырдағы жылутасымалдағыш температурасы
бойынша басқаруды температура датчигінің көрсеткіштеріне 12 немесе
бөлмедегі ау температурасы бойынша ішкі ауа температурасының датчигіне
13 сәйкес түзейді. Берілген датчиктер бойынша реттеу басым болады.
Жылыту периодында жүйені реттеуден басқа, электронды реттегіш
жылытылмайтын периодта жылу ағынының реттегіш клапаны штогына
жабысуының 8 және насос білігінің 20 жабысуының алдын алады, оларды
периодты түрде аз уақытқа (үш тәулікте бір рет бір минутка) қосып отырады.
Бұл функциялар қосымша опция болып табылады және электронды реттегішті
бағдарлау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, насосты эпизодты қосуды кез

33


келген жылыту жүйесінде жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар жылу


ағынын реттегішті эпизодты түрде қосу. Насос және клапанды сәйкес қосу
арқылы жылутасымалдағыштың қосымша шығынын минималдайды.
10 және 12 – жылутасымалдағыш температурасының датчигі. 6
датчиктің сипатына ұқсас. 10 датчикті кіші айналмалы сақинаға орнату қажет
– кері клапаны бар қосқыштар арасы 22 мен іске қосу клапандары 18. Бұл
жылыту жүйесінің кіріс бөлімінде кез келген жұмыс тәртібінде
жылутасымалдағыштың температурасын қабылдауға мүмкіндік береді.
Қосымша датчиктер тез әрі нақты реттеуге жағдай жасайды. Екі
датчикті орната отырып, жылыту жүйесінде қосымша өлшеу құралдарын
қолданбай ак температураны жөндеу әдісін қолдануға мүмкіндік алады,
өйткені құбырдағы жылутасымалдағыштың температурасы электронды
реттегіштің дисплейінде 9 көрсетіледі. Температуралы әдіс жылыту жүйесі
қуаттылығының ғимараттан жойылатын жылуға сәйкестігін көрсетеді.
Жүктемелі және үстемелі датчиктерді қолдану қарастырылған.
Үстемелер – кіші диаметрлі құбырларға орнатылады. Мұндай датчиктер
арзан және аз инерциялы болып келеді.

11
–сыртқы
ауа температурасының датчигі . Сыртқы ауа

температурасына пропорциялы түрде қарсы өзгеретін, қарсылық
термометрінен тұрады. Бұл үшін платиналы өткізгіштерді пайдаланады, олар
сызыққа байланысты болады, кабель ұзындығына байланысты аз өзгереді.
Оны терезе, есіктерге жылу ағыны әсер бермейтін етіп, ғимараттың сыртқы
қабырғасының сол жағына орнатады.
13 – ішкі ауа температурасының датчигі . Ішкі ауа температурасына
пропорциялы түрде қарсы өзгеретін, қарсылық термометрінен тұрады. Бұл
үшін платиналы өткізгіштерді пайдаланады, олар сызыққа байланысты
болады, кабель ұзындығына байланысты аз өзгереді. Датчикті температуралы
тәртіппен сипатталатын ғимарат бөлмелеріндегі ішкі қабырғалардың біріне
орнатады.
16 – жылыту жүйесінің өшіру арматурасы. Жылыту жүйесін өшіруге
және жүйені жуу кезінде жылу түйінінің жабдықтарына ластанған
жылутасымалдағыштың түсуінен сақтауға арналған.
17 – түсіру крандар. Жылыту жүйелерін босатуға арналған. Сонымен
қатар жылыту жүйесін жуу кезінде компрессорларды қосу үшін, ал кіші
жүйелерде-гидравликалық сынақтар үшін қолданады.

20

насосты топ. Жылыту жүйесінде жылутасымалдағыштың

айналымын жүзеге асырады.
Сенімділікті арттыру талаптарына сай тәулігіне 12 сағаттан ауыспалы
түрде жұмыс істейтін 2 насосты орнату қарастырылған, өйткені қарапайым
ұзақ жұмыс істейтін насос жарамсыз. Сонымен қатар бір насостың үздіксіз
жұмыс істеуіне жол берілмейді, өйткені ол шамадан артық жұмыс істеп
жарамсыз болып қалуы мүмкін. Насостың жұмыс тәртібі электронды
реттегішпен орнатылады 9.

34


22 – кері клапан. Жылутасымалдағыштың жылу желісіндегі жеткізу


құбырларынан кері құбырларға өтуінің алдын алады
Жылуесептегіш — бұл жылумен жабдықтаудың сулы жүйесіндегі жылу
энергиясы мен жылутасымалдағыш параметрлерін тіркеу және өлшеуге
арналған құрал.
Жылуесептегіш бір сағатта, бір бәулікте құбырдан өткен су,
температура және қысым көлемін тіркейді. Нәтижелерді бірнеше каналда
тіркейді, олар -жылыту, ыстық сумен жабдықтау жеткізу және кері құбырлар
бойынша және суық сумен жабдықтау. Жиналған көрсеткіштердің негізінде
тұтынылған жылу, жұмыс уақытының мөлшерін есептейді, әртүрлі штатсыз
жағдайларды тіркейді.
Жылуесептегіш әрбір құбырға орнатылған шығын өлшегіштер,
температураны түрлендіргіштер мен қысым ды түрлендіргіштер жинағымен
жұмыс істейді.
Жылуесептегіш жиналған және есептелген нәтижелерді, техникалық
анықталған белгілі уақыт мөлшерін сақтайды және оларды белгілі форматта
электронды немесе басып шығарылған түрде бере алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет