Қол тігістеріне қойылатын талаптар Қол иненің ұшы ұшты болу керек. Қол иненің нөмірі матаның қалыңдығымен сәйкес келу қажет(қалың мата болса қалың ине, жұқа мата болса жұқа ине ) Уақытша көктеу жібінің түсі негізгі мата түсінен өзге болу қажет, егер мата ашық түсті болса, онда көктеу жіптің түсі де ашық болуы қажет (егер көктеу жібінің түсі қою болса, жіптің бояуы матаға түсуі мүмкін). Мысалы: ақ түсті матаны (бұйымды) көктеуге ашық көгілдір немесе ашық қызғылт жіпті қолдануға болады. Егер матамыз (бұйым) қою түсті болса (қара, қою көк, қоңыр т.б.) онда кез келген түсті жіптермен көктеуге болады. Тұрақты көктеу жібі негізгі мата түсімен түстес болу қажет. Уақытша көктелген жіптерді оңай суыру үшін жіптерді тігіс бойынан 10– 15 см. сайын қайшымен қиып алу керек.
Тігістер
Қол тігістері
Машина тігістері
Достарыңызбен бөлісу: |