Жауын-шашын тҥрінде тҥсетін судың бір бӛлігі буланып, екінші бір
бӛлігі ылди жерлермен ағып, ал қалған бӛлігі топыраққа сіңіп кетеді.
Топыраққа сіңіп топырақ ылғалына айналған су, топырақ бетінен ағып
кеткен су және буланып
кеткен су да топырақ тҥзілу процесіне қатысады.
Аталған ылғалдың біріншісі минералдық заттарды ерітіп топырақ
профилімен тасымалдайды, сӛйтіп топырақтың ауа тәртібіне әсер етеді,
екіншісі топырақтың минералдық және органикалық бӛлшектерін беткейлермен
тасымалдайды. Осы арқылы ҧсақ тҥйіршіктерді орнынан қозғап ағызып
әкетіп, басқа бір орынға ҥйеді. Ҥшінші бӛлігі қоршаған ауаны ылғалдап,
топырақты салқындатады.
Топыраққа тҥсетін жауын-шашын мӛлшері және оның сипаты жердің
географиялық орнына, теңіздерден және мҥхиттардан қаншалықты қашық
орналасқанына байланысты болады. Кҥшті жаңбыр жауғанда, әсіресе нӛсер
кезінде, топырақтағы минералды және органикалық заттар жер бедерінің тӛмен
жағына қарай шайылып кетеді де жыралар, сайлар, шҧңқырлар пайда болады.
Жауған қар топырақты жылытып микроорганизмдердің іс әрекетін
ҧзартады. Желдің әсерінен қарды ҥшырап әкеткендей және ҥйгенде,
топырақтың алдағы уақытта ылғалдануына бірдей жағдай жасалмайды. Бҧл
топырақ тҥзілу процесіне ӛз әсерін тигізеді.
Кҥшті минералданған ыза сулары топырақтың тҥздануына әкеп соғуы
мҥмкін. Олардың жер бетіне жақын жатуы топырақты мӛлшерден тыс
ылғалдандырады да батпақтануға әкеледі.
Ауаның және топырақтың температурасына топырақтағы химиялық жӛне
биохимиялық рекциялардың ӛту жылдамдықтары тәуелді болады. Температура
сонымен қатар топырақтың ылғалдығына және топырақ бетінен болатын
булану дәрежесіне де кҥшті ықпал жасайды. Температураның +20+25°С дейін
кӛтерілуі микроорганизмдер мен ӛсімдіктердің іс-әрекетін жақсартады. Ал егер
температура +40°С асатын болса, тірі организмдердің іс әрекеттері нашарлайды
немесе тіптен тоқтайды. Ноль градусқа жақын температурада да
организмдердің тіршілігі тоқтайды.
Желдің де ролі ҥлкен, әсіресе оның әсері ашық жазығы кеңістіктерде
айқын білінеді. Мысалы, шӛлдерде, далаларда және тундраларда. Топырақ
бетінен тозаң және қҧм тҥйіршіктері ҧшырып әкетіп, жел, топырақ профилін
қатты ӛзгерістерге ҧшыратады. Кейде жер бетінде топырақ тҥзілу процесінен
ӛте аз ӛзгерген аналық жыныстың шоқылары ғана қалады.
Жел рельефтің теріс элементтерін тҥзетіп, кей жерлерде тӛмпешіктер,
дӛңдер сияқты шӛгінді формаларын қҥрып, сол арқылы топырақ тҥзілу
процесін тҥбірімен ӛзгертіп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: