«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


Ауыспалы егісте топырақты ӛңдеу. Парларды ӛңдеу



Pdf көрінісі
бет55/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

3.4 Ауыспалы егісте топырақты ӛңдеу. Парларды ӛңдеу. 
Дақылдарды егіп-ӛсіруден белгілі бір уақытқа дейін босатылған және 
арамшӛптерден таза қалпында ҧсталатын танапты пар деп атайды. Пар – 
топырақ қҧнарлығын арттыратын және жоғары ӛнім алуға жағдай жасайтын 
маңызды қҧрал. 
А.Г.Дояренко – 17 тәжірибе станцияларды жҥргізген 137 жылдық 
тәжірибелері нәтижелерін талдай отырып, пар бойынша есептегенде 50,2% 


қосымша ӛнім алатындығын анықтады. Ол: «Парды ҧтымды ӛңдеу, 
жылдамдығы мен тиімділігі маңызы жағынан бәрінен де асып тҥседі», – деп 
жазды. Таза парлардың ролі Урал, Сібір, Солтҥстік Қазақстанның 
қҧрғақшылық аудандарында ӛте маңызды. Мҧнда пардың әсерінен гектарына 6-
8ц қосымша ӛнім алуға болатындығы анықталды. 
А.Бараев, Т.Мальцев, Н.Фольтер, А.Ситников, Ф.Моргун, С.Сдобников 
және т.б. ғалымдардың зерттеу жҧмыстарында парға ҥлкен мән берілді.
Ауыспалы егіс дәнді дақылдармен барынша кӛп толықтырылғанда, 
климаттың қҧрғақшылығында, пардың арамшӛптермен кҥресуінде, ылғал мен 
азот қорегі жиналуының айрықша ролі бар екені атап ӛтілді. 
Парды ӛңдеу процесінде мынадай міндеттер шешіледі: 
1)
Арамшӛптермен кҥресу; 
2)
Ылғалды жинау; 
3)
Ӛсімдіктер ҥшін азот қорегінің сіңімді тҥрін жинау;
4)
Топырақтың жырту қабатының санитарлық қалпын жақсарту; 
5)
Қҧнарлығы тӛмен, агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттері 
қолайсыз топырақтардың жырту қабатын мәдени тҥрге келтіру. 
Ауыспалы егіс кӛлемінде 20-25% пардың болуы астық шаруашылығын 
неғҧрлым бірқалыпты, тҧрақты етеді.
Жел мен су эрозиясына пар танабы, ауыспалы егіс танабының ең осал 
жері болып табылады. 
Қазіргі егіншіліктегі парлардың кӛп тҥрлілігінің классификациясы 
мынадай: 
Таза парлар: Екпе парлар: Арнаулы парлар:
1. Қара пар 1. Жаппай егілген пар 1. Жасыл пар 
2. Ерте пар 2. Отамалы екпе пар 2. Ықтырмалы 
пар 
3. Жазықтілгішті пар 3. Аралас ықтырмалы пар
4. Гербицидті пар 4. Аралас пар 
5. Гербицидті жазық-тілгіш пар 
1. Қара пар – кҥздік бидайдың жақсы алғы егісі, ӛңдеу-жырту кҥзден 
басталады.
2. Ерте пар – жаздық бидайдың жақсы алғы егісі, мҧндай парды жырту 
мамырда немесе маусымда жҥргізіледі. 
3. Жазықтілгіш пар - ӛңдеу жалпақ кескішті қҧралдармен жҥргізіледі, 
негізінен Солтҥстік Қазақстанда – топырақты қорғау жҥйесінде, ерте пардың 
бір тҥрі ретінде қолданылады. 
4. ВНИИЗХ-ның зерттеуімен – гербицидті парды қолдануға болатындығы 
дәлелденді. Мҧнда арамшӛптермен кҥресу ҥшін, жалпы әсер ететін, жанасу 
гербицидтері мен жеке дақылдарға әсер ететін жылжымалы гербицидтерді 
ҧштастыра пайдаланады. 
5. Жазықтілгіш гербицидті парда – жазықтілгішпен бір немесе екі рет 
ӛңдеуді, 2,4Д тобы гербицидтерін бҥркумен ауыстырады. Әдеттегіден гербицид 
мӛлшері 2-3 есе артық. 


Екпе парларда – кӛктемгі-жазғы кезеңнің алғашқы бӛлігінде жаппай 
себілетін дақылдарды (сиыржоңышқа сҧлымен бірге пішенге, бҧршақ сҧлымен 
бірге пішенге) балауса азыққа немесе пішенге ӛсіреді. Жылы кезеңнің екінші 
бӛлігін - пар кҥйінде ҧстап, ӛңдеу ҥшін қолданылады. 
Отамалы екпе парларда – отамалы дақылдар – жҥгері балауса азыққа, 
ерте пісетін картоп ӛсіріледі. 
Арнаулы парлар – Жасыл (сидеральды) парда – пар кҥйінде ҧстаудың 
бірінші жартысында бҧршақ тҧқымдас ӛсімдіктерді (бӛрібҧршақ, седарелла) 
жасыл тыңайтқышқа жырту ҥшін ӛсіріледі. Кӛбінесе механикалық қҧрамы 
жеңіл, органикалық заттарға жҧтаң топырақтарда қолданылады.
Ықтырмалы пар – едәуір қар мӛлшері тҥсетін, далалы және қуаң далалы 
аймақтардағы пардың жақсы тҥрі. Ол парда 2-3 қатардан, қатар арақашықтығы 
10-12м қышадан ықтырма егу арқылы қарды әлдеқайда тиімді жинау ҥшін 
тағайындалған.
Аралас ықтырмалы пар – бҧл ықтырма аралығының кеңістігіне, 
жаздыкҥні себу мӛлшері азайтылған сҧлы егілетін ықтырмалы пар. Мҧндай 
технология пар танабын су және жел эрозиясынан сенімді қорғауды 
қамтамасыз етеді.. 
Арамшӛптерді, әсіресе атпатамырлы арамшӛптерді тҥбегейлі қҧрту ҥшін, 
пар танабында ең кемі 5 рет ӛңдеу жҥргізу керек екені анықталды.
Алғашқы 1-ші ӛңдеу мамырдың соңында – маусымның бас кезінде 
басталады да, ал одан кейін әр 18-21 кҥн аралығында 10-12см тереңдікте ҥш рет 
ӛңдейді. Ал 5-шісі тамыз айының екінші жартысында немесе қыркҥйектің 
басында 25-25см тереңдікте жҥргізіледі. 
Ықтырмалы парларда 3-ші ӛңдеумен қатар бірден қышадан 2-3 қатардан 
ықтырма егіледі. Жазықтілгішті әсіресе ықтырмалы парлардың тиімділігі, 
оларға фосфор тыңайтқышын енгізгенде кҥрт ӛзгереді. 
Гербицидтерді парларды қолданғанда – бақылаумен салыстырғанда 
гектарына 1,7ц қосымша ӛнім алынады. Яғни, минималды ӛңдеу тәсілдерінде 
бидайдың пісуі 4-7 кҥнге ерте басталатыны кӛрсетілді.
Қыша ықтырмасы 6-12м ара қашықтықта егілетін ықтырмалар 
технологиясы тиімділігінің жағынан ең тәуір деп есептеледі (9-кесте ) 
Парды ӛңдеу. Парды ӛңдеу кезінде егіндікті арамшӛптердің тҧқымынан 
тазарту, ылғалдылығын сақтау, қоректік заттарды даярлау қажет.
Таза парды ӛңдеудің ӛзі жаздық дақылды жинап алғасын кҥздік дақылды 
еккенге дейінгі ӛңдеу әдісі болып есептелінеді. 
Осы таза пардың ӛзі қара (кҥзгі) пар және ерте (кӛктемгі) парда 2-ге 
бӛлінеді. 
Қара пар мен ерте пардың арасындағы айырмашылық - жырту 
мезгілдерінде ғана қҧрғақшылық аудандарда қара парға қыста қар тоқтатылады.
Ерте пісетін картоп, дәнді бҧршақ тҧқымдас дақылдарын, ерте жиналатын 
ӛсімдіктерді егіп ӛсіретін парды екпе пар деп атайды. Екпе пар егілетін кҥздік 
дақылдардың тҥсімі таза пардағыдан тӛмен болады, бірақ оның қосымша тҥсімі 
мол болады.


Қҧрғақшылық аудандарда ықтырмалы пар қар тоқтату ҥшін қажет. 
Ықтырмалы пардың арасын 14-16м етіп орналастырады, осының аралықтарына 
кҥздікті егеді. Ықтырмалы парды таза парда ӛңдегендей етіп ӛңдейді, кейін 
ӛнімін жинап алған соң, оның сабағын сол орнында қалдырып, қар тоқтату 
мақсатында іске асырады. 
Кесте 9. Ықтырма технологиясының жаздық бидайдың ӛнімділігіне
әсері (орташа 3 жыл). 
№ Тәжірибе тәсілдері 
Наурыз 
айындағы 
қар 
қалыңдығы, 
см 
Қардағы 
су қоры, 
мм 
Тҧқым 
себер 
алдындағы 
пайдалы 
ылғал 
қоры, мм 
ӛнім, 
ц/га 

Ықтырмасыз 
(бақылау) 
7,3 
244 
122 
19,4 

6м 
сайын 
ҥш 
қатарлы ықтырма 
62,6 
2013 
165 
23,2 

12м 
сайын 
ҥш 
қатарлы ықтырма 
36,9 
1013 
158 
22,5 

18м 
сайын 
ҥш 
қатарлы ықтырма 
35,2 
919 
141 
21,7 
Екпе пардың бір тҥрі - Сидерациялық пар. Оған кӛк шӛбі тез ӛсетін 
бҧршақ дақылдары егіледі. Кҥздік егінді егуден бір ай бҧрын кӛк шӛпті 
топыраққа араластырып айдап тастайды, оның кӛк шӛбі шірігесін топырақтың 
қоректік қҧнарлығы артады.
Қар тоқтату - топырақты ылғалдылықпен қамтамасыз етіп ӛңдеудің бір 
тҥрі болып есептелінеді. Қар тоқтатуға арнайы қалқандар, ҧзын сабақты 
ӛсімдіктер (кҥнбағыс, жҥгері), ӛсімдіктің баулары, ағаш, қурай баулары т.б 
қолданылады. Қалқанның ҧзындағы- 1,5,2м биіктігі-1м, әр бір гектер жерге 70-
80 қалқан орнатады оны желдің соғатын жағына кӛлденең орналастырады, 1-ші, 
2-ші қатардың арасы 20-30м болады. Қамыс және қурайдан жасалған бауларды 
қазықтарға бектіп арасын 0,5м қашықтыққа орналастырады, екі қатардың арасы 
15-20м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет