технологиялық операциялар бәрінен де бҧрын қажет. Кесу топырақ ӛңдейтін
кесетін жҧмыс органы бар қҧралдармен плугтермен, культиваторлармен,
дискілермен және қайырмалы сыдыра жыртқыштармен жҥзеге асырылады.
Қҧрғақшылық аудандар ҥшін топырақты аудармай кесіп және қопсытатын
культиватор жазық тілгіш қҧралдары қолайлы.
Тегістеу - технологиялық операция ретінде топырақ бетінің тегіссіздігін
жояды. Топырақты тегістеу ауылшаруышылық дақылдарын себу алдында ең
ҥлкен мәні бар ӛйткені тҧқымды тиісті тереңдікке біркелкі сіңіруге жағдай
туғызуды қамтамасыз етеді. Топырақ бетін тегістеу топырақ кесектерді жою
топырақтағы ылғылдың ҧшып кетпеуіне және жиналуына мҥмкіндік туғызады.
Тығыздау – технологиялық операциясы топырақтың кесектігі мен
борпылдақтығын жою ҥшін қажет. Тағыздауда топырақтың жалпы және
капиллярлы емес қуыстылығын тӛмендетеді, ӛңдеу қабатындағы судың булану
диффузиясын азайтады. Тығыздау себілген тҧқымдардың топырақпен
жанасуын жақсартады, бҧл олардың бӛртуіне немесе егіс кӛгінің ӛте тегіс
қаулап ӛсуін қамтамасыз етеді. Тығыздау қопсыту сияқты топырақтың
жыртылу қабатына қолайлы қҧрамын беруге бағыталады. Тығыздауды
механикалық қҧрамы ауыр, жақсы қҧрылымы бар топырақтар бәрінен де жиі
қажет етеді, ӛйткені олар терең ӛңделгеннен кейін ҧзақ уақыт бойы артық
борпылыс кҥйінде болуға бейім келеді. Тығыздау ҥшін катоктардың әр тҥрлі
типтері қолданылады. Бәрінен бҧрын сумен салмақтанатын тегіс жҧмыр немесе
бҧдырлы соқаны жиі пайдаланады.
Пішіндеу (профилирование) - егіс алаңы бетін – жердің жоғарғы бетін
белгілі бір формаға келтіру қажет болған жағдайда жҥргізіледі.
Мысалы – жҥйек, жал, имек, ҧялар, микроқолтабан жасау.
Топырақ бетіне белгілі пішін берудің арасында ылғал бӛгеледі,
топырақтың эрозияға тӛзімділігі артады, жылу мен ауа қабылдау қасиеттері
жақсарады. Топырақ бетін пішіндеу қайта жабдықталған барозда жасағышпен,
арнаулы плугпен жыртқанда ғана пайда болады.
Егін аңызын сақтау – танап бетінде аңыз сабақтарын сақтай отырып
топырақты ӛңдеу кеңінен қолданылады. Топырақты дефляциядан қорғау ҥшін
0,5–тен 2,24 тоннаға дейін дәнді дақылдардың сабақ қалыңдығын немесе бір
шаршы метрге 100-300 дана тҥбірде тҧрған сабақтардың болуын талап етеді.
Аңыз сабақтар сақтауды культиваторлы жазық тілгіш шанышпалы тырмамен,
аңыздық сеялка культиваторымен жҥзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: