«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


Пияз тҧқымын себу. Пиязды сақтау технологиясы



Pdf көрінісі
бет135/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
9.7 Пияз тҧқымын себу. Пиязды сақтау технологиясы. 
 
Пиязды ӛсіру кезіндегі басты мақсат – жақсы ӛнім алу, ол ҥшін тҧқымды 
жер учаскесінде біркелкі себу керек. Тҧқымды себу кезінде: тҧқымның 
сапасына, топырақтың қҧнарлығына, еккен жердің ылғал тҥсу мӛлшерін 
ескеру қажет. 
Пияз бір жылдық дақыл ретінде ӛсіріледі. Пияз егілетін жерді кҥзде 
жыртып тастау керек. Ерте кӛктемде егістікті тырмалайды. Егу алдында 
культивациялаудан бҧрын егістікке тыңайтқыш енгізіледі. Пияздың қатар 
аралықтары 45 см, болатын қатарлап егу тәсілімен пиязға арналған сеялкамен 
себеді. Себу нормасы 8-10 кг/га. Тҧқымның ену тереңдігі 1,5-2,0 см. дейін, ал 
жеңіл топырақта 2,5-3,0 см. 
Вегетациялық кезеңі кезінде 7-8 рет суарылады. Суарған соң 1-2 кҥннен 
кейін топырағы қопсытылады. 
Арамшӛпті егістіктегі шығымына қарай отайды, кем дегенде 4 рет 
арамшӛп отау керек. Жинап алуға бір ай қалған кезде суару тоқтайды. Кӛк 
пияз жаппай жатып қалған соң пияз жинала бастайды да ҥсік пен жауын – 
шашын басталғанда дейін пияз жинау аяқталады. Жинап алған соң пиязшықты 
кептіріп барып қана сақтауға жіберуге болады.. 
Пияздың шалқын тәрізді және сарымсақ порей тҥрлері басқаларына 
карағанда сақтауға тӛзімді келеді. Сақтағанда әр тҥрлі тәсілдер 
пайдаланылады. Орта есеппен пияздың қҧрамында су 65-90%, судан 
басқа 2-6% дейін кӛміртекті косылыстар болады. Пияздың
кандай тҥрі 
болсын сақтағандағы салмағының кемуі, кҧрамындағы судың кӛп -
аздығына байланысты. Судың басым болуы
оған қолданған агротехника және 
де бір жерден екінші жерге тасу жолының жақын алыстығына 
байланысты. Ҧзақ жолға тасылса сорты мҥжіліп, бір-біріне сығылысып 
кҧрамындағы су азаюмен катар тез бҧзылады. 
Сыртқы
қабығы қҧрғақ, зиянданбаған болса, әр тҥрлі 
микроорганизмдердің енуінен сақтайды. Сырткы кабығы калың болса, 
егістік жерден кеш жиналса, сорттарына қарай ҧзақ уақыт сақтауға 
шыдайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет