«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Топырақтың органикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет21/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
1.9 Топырақтың органикалық қасиеттері 
Топырақтың органикалық заттары
деп ӛсімдіктер, жануарлар, 
микроағзалардың ыдырауы мен шіруі деңгейлеріндегі олардың ӛлі 
қалдықтарын, сонымен бірге қарашірік қышқылдары мен олардың тҧздарын 
атайды.
Топырақтың органикалық заттарының алғашқы және басты кӛздеріне 
жоғарғы және тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктер жатады, олардың қоры тіршілік 
ҥрдісі барысында ӛсе береді. Ормандардағы жер бетінің органикалық заттар 
қоры әр гектарда 400-800 т аралығында болады. Ормандар жыл сайын 
гектарынан 5-10 т жасыл масса берсе, шалғындар 1 гектардан 2,5-7 т жасыл 
масса береді. Ӛсімдіктердің жер астындағы органикалық заттарының қоры да 
айтарлықтай кӛп. Ормандағы ағаш тамырларының салмағы 10-нан 12 т-ға дейін 
барады, ал шалғындарда 7-ден 18 т-ға дейін жетеді. 
Орман мен шалғындардағы ӛсімдіктердің жер асты және жер ҥсті 
бӛліктерінің қатынасы әр тҥрлі. Орманда тамыр жҥйелерінің салмағы шамамен 
10-30%, шалғындарда 60-80%. Далалық жердің кӛптеген ӛсімдіктерінің тамыр 
жҥйелері жер бетіндегі массасына қарағанда кӛп. Ормандарда ағаш тектес 
ӛсімдіктер басым болады, онда, жыл сайын, органикалық заттардың бір бӛлігі 
ғана ӛледі. Олардың кӛп бӛлігі жер бетінде қалып, аз бӛлігі ғана топыраққа 
тҥседі. Жыл сайын 2-5 т/га қылқандар, жапырақтар және жаңқалар, 12-15 т/га 
қураған ағаш діңдері және 2-3 т/га тамырлар тҥседі. Жыл сайын ӛлетін 
ӛсімдіктер бӛлігі 2-5 т қҧрайды. Шалғындарда, әсіресе бір жылдық шӛптесін 
ӛсімдіктердің жер бетіндегі де, жер астындағы да бӛліктері қурап, шіриді. 
Органикалық заттардың біраз мӛлшері топырақта ӛлетін микро-ағзалар 
(0,1-1,0 т/га) мен жануарлар қалдықтарынан (50-400 кт/га) тҧрады. 
Органикалық заттардың топыраққа тҥсу уақыты әр тҥрлі. Орманда органикалық 
заттардың тҥсуі жаздың екінші жартысынан бастап кҥздің аяғына дейін, суық 
тҥскенше жҥреді. Мҥкті жамылғы қыста ӛледі. Шалғындық шӛптер алғашқы 
суық тҥскеннен кейін, ал дала ӛсімдіктерінің кӛпшілігі – ыстық жаздың 
ортасында қҧрай бастайды. 
Топыраққа тҥсетін органикалық қалдықтардың химиялық қҧрамы әр 
алуан. Олардың кӛп бӛлігі келесі элементерден тҧрады: кӛміртегі - 45%, оттегі - 
42%, сутегі - 6,5%. азот - 1,5% және басқа элементтер - 2-10%. Органикалық 
заттар целлюлозадан, лигниннен, майлардан, ақуыздардан, эфирлерден, 


шайырлардан, қышқылдардан және табиғи әр тҥрлі ферменттерден тҧрады (4-
кесте). 
Әртҥрлі ӛсімдіктердің химиялық қҧрамын салыстыра отырып, ағаш 
тектес тҥрлер қҧрамында ағаш діңінің ыдырауы мен шіруін тежейтін илік 
заттардың, лигниннің, шайырдың кӛп болатындығы анықталды.
Қылқанжапырақты ағаштардың жерге тҥскен қылқандары жапырақты 
ағаштар мен шӛптесін ӛсімдіктердікіне қарағанда қышқылдау. Шӛптесін 
ӛсімдіктер ақуыздарға, кҥлдік элементерге бай, қҧрамында лигнин мен 
кӛмірсутектері аз. 
4-кесте. Ӛсімдіктің химиялық қҧрамы, қҧрғақ заттар % (Д.Г.Виленский 
бойынша -1961) 
Ӛсімдік
Бело
ктар 
Кӛміртегі 
лигин 
Майлар, 
илік 
заттар 
Кҥл 
Бактериялар 
40-70 
жоқ 
Бар 
жоқ 
1-40 
2-10 
Қыналар 
3-5 
5-10 
60-80 
8-10 
1-3 
2-6 
Мҥктер 
5-10 
5-25 
30-60 
жоқ 
5-10 
3-5 
Қылталылар:
ағаштәріздес 
қылталы 
0,5-1 
3-8 
45-50 
15-20 
15-25 
15-20 
25-30 
20-30 
2-12 
15-20 
0,1-1 
2-5 
Жапырақты 
ағаштар 
жапырақтар 
0,5-1 
4-10 
40-50 
15-25 
10-30 
10-20 
10—25 
10-30 
5-15 
5-16 
0,1-1 
3-8 
Шӛптәріздес 
кӛпжылдық 
астық 
тҥқымдас
5-12 
25-40 
25-35 
15-10 
2-10 
5-10 
Бҧршақ 
тәріздес 
10-10 
25-30 
15-25 
15-20 
2-10 
5-10 
Мҥктер және қыналардың қышқылдығы басым. Бактериялардың 40-70% 
ақуыздардан, майлар және кҥлдік элементтерден тҧрады. Бактериялардың 
тіршілігіне қолайлы бейтарап орта, ондағы ылғалдылық 10-30%, температура 
+10
0
–+35
0
болуы керек. Саңырауқҧлақтарда әдетте ақуыздар, кӛмірсутектер 
және кҥлдік элементтердің мӛлшерлері едәуір кӛп болады. Ӛсу ҥшін олар 
оттегімен қамтамасыз етілуі керек, олар аэробты, қышқылды реакцияны жақсы 
ӛткізеді, илік заттар олардың ӛсуіне кедергі жасамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет