«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет19/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Екінші минералдың түзілуі
. Сонымен жоғарғы сипатталған алғашқы 
минералдардың кӛп жылдар бойы әрі қарай ҥгілулерінің нәтижесінде майда 
ҧнтақталған, яғни екінші минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды 
ҥгуші агенттер: су, әр тҥрлі органикалық қосылыстар. 
Топырақтың 
органикалық бөлігі. 
Ӛсімдіктің қҧрғақ биомассасы қҧрамында орташа есеппен 
кӛміртегі – 45%, оттегі - 42%, сутегі -6,5%, азот – 1,5-2%. Осы аталған 
органогенттік элеметтер
мӛлшері ӛсімдіктер денесінің 95%-ын қҧрайды. 
Қалған -5%-ы кҥлге жататын минералды заттар (элементтер) – P, S, K ,Ca, Mg, 
Fe, Al, Sі, Na т.б.
Ӛсімдік денесіндегі мӛлшеріне байланысты минералдық элементтер 
тӛмендегідей топтарға бӛлінеді: 
1) 
Макроэлементтерге
– мӛлшері 0,01%-дан ондаған пайызға дейін 
жететін элементтер жатады. Бҧл топқа органогендерден (С,Р,О,N) басқа -P,K 
,Ca, Mg, , S, Al енеді. 
2) Мӛлшері 0,01-0,00001% аралығында кездесетін 
микроэлементтерге
– 
Mn,B,Cu,Zn,Ba,Tі,Lі,Br,Mo,Co және т,б, жатады.
3) Мӛлшері оданда аз 
ультрамикроэлементтерге
– Cs,Se,Cd,Hg,Ag,Au,Ra 
т.б. жатады. Ӛсімдіктердің минералды қоректенуіне керекті (қажетті) 
элементтер топырақта байланысқан және ерітінді кҥйінде болады. Топырақтағы 
барлық элементтер қорының шамамен 0,2%-ы ғана ерітінді кҥйінде кездеседі, 
ал негізгі бӛлігі (98% ) органикалық қалдықтар, гумус (қара шірінді), нашар 
еритін органикалық емес қосындылар және минералдар қҧрамында 
жинақталған. Бҧлар қоректік заттардың қоры. Топырақ тҥзілу процесінде қара 
шіріндінің гумус минерализациялануы, қосындылардың біртіндеп еруі, 
минералдардың ҥгілуі нәтижесінде топырақтың қҧнарлылығы ӛте баяу артады. 
Ӛсімдіктер ҥшін топырақтың негізгі қасиеттері:Химиялық қҧрамы 
(қоректік элементтер мен шірінді (гумус) мӛлшері, қышқылдылығы, сілтілі 
т.б.), физикалық қасиеті, структурасы, механикалық қҧрамы, топырақ тҥзілу 
бағыты, тҧздылығы, топырақ тҥрлерінің экологиялық маңызы ҥлкен.
Топырақ горизонттарының бір-бірінен айырмашылықтары бар және де 
тік (вертикальды) бағыттағы топырақ профилін қҧрайды. Бҧл ӛсімдік 
тамырларының ӛсуіне және жанама топырақтардың пайда болуына әсері бар.
Топырақта бҧзылмаған, шала шірігін органикалық заттар бар. Осы 
органикалық заттардың біртіндеп шіруі және ыдырауы нәтижесінде қара 
шірінді 
(гумус) 
топырақтағы 
минералды 
бӛлшектерді 
бір-бірімен 
байланыстырып, топырақтың структурасын, физикалық қасиетін жақсартады


қҧнарлылығын арттырады. Ӛсімдіктердің жақсы ӛсіп дамуына мҧның әсері зор. 
Мысалы Орта Азиядағы, сҧр топырақта қара шірінді мӛлшері 1-2%, ал қҧнарлы, 
кәдімгі қара топырақтарда 7-8%. 
Қҧнарлы, қара топырақты жерлерде ӛсетін ӛсімдіктерді – 
эутрофты
(немесе эвтрофты), ал қҧнарсыз топырақта ӛсетіндерді 
олиготрофты
ӛсімдіктер деп атайды. Бҧлардың арасында аралық 
мезотрофты
тҥрлері бар.
Топырақ ерітіндісінің реакциясын Н+ және ОН иондарының ара 
қатынасы анықтайды. Ерітінді реакциясына байланысты топырақтың қасиеті, 
қҧнарлылығы ӛзгереді және мҧның ӛсімдіктің минералды қоректенуіне әсері 
зор. Топырақ ерітіндісінің рН мӛлшеріне байланысты топырақ тӛмендегі 
тҥрлерге бӛлінеді: ӛте қышқыл топырақ (рН=3-4); қышқыл (рН =4-5); 
қышқылдылығы әлсіз (рН=5-6); бейтарап топырақ (рН=6-7); сілтілі топырақ 
(рН=7-8); ӛте сілтілі топырақ (рН=8-9).
Қышқыл топырақта ӛсетін ӛсімдіктерді – ацедофилдер, сілтілі топырақта
ӛсімдіктерді – базифил (базофил), ал бейтарап (рН=6-7) топырақтарда 
ӛсетіндерді – нейтрофилдер деп атайды.
Жасыл ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына азоттың әсері орасан зор. Бірақ 
ӛсімдіктер ауадағы инертті газ кҥйінде болатын азотты (N
2
) пайдалана 
алмайды. Ӛсімдіктер топырақтағы аммоний (NH+) және нитрат (NO
3
) тҧздарын 
сіңіре алады. Бірақ, топырақ ерітіндісінде интраттардың мӛлшері ӛте аз. Осыған 
сәйкес, топырақта азоттың кӛбірек болғанын қалайтын, талап ететін 
ӛсімдіктерді – нитрофилдер, ал топырақта азот аз мӛлшерде болатын жерлерде 
ӛсетін ӛсімдіктерді – нитрофобтар деп атайды. Нитрофильді ӛсімдіктерге орман 
таңқурайы (Rubus іdaeus), қызыл аюбадам (Sambucus racemosa), қҧлмақ 
(Humulus lupulus), адамзат мекеніндегі органикалық қалдық бар жерлерде 
ӛсетіндер: сҥйелшӛп (Chelіdonіum majus), меңдуана (Hyoscyamus nіder), қалақай
(Urtіcfa dіoіca), тәжігҥл (Amaranthus retroflexus), т.б. 
Кальций (Са) топырақ қҧрылымын (структурасын) жақсартады, ауыр 
металдар мен хлоридтердің зиянды әсерін залалсыздандырады. Карбонатты 
топырақтарда Са 3% және одан жоғары болса оны кальцийге бай топырақтар 
деп атайды. Осындай жағдайда ӛсетін ӛсімдіктерді – кальциефилдер деп, ал 
кальций аз (әк аз) топырақта ӛсетіндерді – кальциефилдер деп атайды.
Жер шарындағы топырақтардың шамамен 25%-ы, ал Қазақстандағы 
топырақтардың кӛпшілігі тҧзданған. Тҧздардың ішіндегі ең зияндылары, оңай, 
жылдам еритін NaCl, MgCl
2
, CaCl
2
тҧздары. Нашар еритін CaSO
4
MgSO
4
CaCO
3
тҧздарының зиянды әсері аздау.
Топырақтағы тҧздар қҧрамына және мӛлшеріне байланысты тҧздылық 
деңгейі анықталады. Тҧздардың қҧрамына байланысты топырақтың тҧздану 
тҥрлері (типтері) тӛмендегідей: сульфатты – содалы, хлорлы – сульфатты, 
сульфатты – хлорлы және хлорлы.
Егер топырақ қабаттарында оңай еритін тҧздар мӛлшері 0,25% -дан тӛмен 
болса, ол тҧзсызданған топырақ. Егер топырақтың жоғарғы қабаттарында тҧз 
мӛлшері 1%, және оданда жоғары болса – бҧл кҥшті тҧзданған (қара сор) 
топырақ.


Осындай тҧзданған топырақты жерлерде бҧған бейімделген галофит 
ӛсімдіктері ӛседі, ал тҧзсыз жерлерде ӛсетіндерді – гликофиттер (галофобтар) 
деп атайды.
Топырақтардың тҧздылығына бейімделген және морфофизиологиялық 
ерекшеліктеріне сәйкес галофиттер бірнеше топқа бӛлінеді: 
1.Эугалофиттер - ӛте тҧздаған қара сор жерлерде ӛседі. Мысалы, Европа 
бҧзаубасы (balіcornіa europaea) бҥршік сарсазан сораң тҥрлері. Бҧл 
ӛсімдіктердің негізгі сипаттары – жапырақтары редуцияланған, сабақтары етті, 
буындарағ бӛлінген. Сабақтың орталарында су жинақтайтын ҧлпалар, жиегінде 
ассимиляциялаушы ҧлпалар бар.
Тҧзға тӛзімді болғандықтан эугалофит ӛсімдіктердің цитоплазмасында 
кӛп мӛлшерде тҧздар жинақталады (кҥл салмағына есептегенде 45-50%). 
2.Криногалофиттер (тҧз шығарушылар). 
Бҧл ӛсімдіктер денесінен артық тҧздарды шығарады. Мысалы, жыңғыл, 
кермек т.б. Жапырақтарының қҧрылысы бойынша мезофиттерге жақын.
3.Гликогалофиттер. Бҧларға ӛсімдік қҧрылысы ксерофиль тектес 
(мысалы, жусан) жатады. Бҧл ӛсімдіктердің тамырына тҧздар сіңбейді, 
сондықтан ҧлпаларында тҧз онша жинақталмайды.
Шӛл және шӛлейт далалардағы сусымалы қҧм бар жерлерде ӛсетін 
ӛсімдіктерді – псаммофиттер
 
деп атайды.

Литофиттер – тастардың, жар тастың, тас ҥйінділерінде ӛсетіндер. Бҧлар 
микроорганизмдерден кейінгі алғашқы ӛсімдіктер. Алдымен автотрфты 
балдырлар (Nostoc, Chlorella,) т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет