«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


  Топырақ қҧралу процесі – генезисі



Pdf көрінісі
бет27/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
1.11 
Топырақ қҧралу процесі – генезисі 


 Топырақтың жаралуы генезисі тегі
деп қҧрлықтың беткі қабатында 
аналық таулық жыныста табиғи жағдайлар кешені әсерінен ӛтетін процестерді 
айтады, олар топырақты қалыптастырады. В.В.Докучаев айтқандай топырақ 
қҧрлықтың жанды органикалық және жансыз минералдық табиғат 
элементтерінің арақатынас әрекеті нәтижесінде қҧралып дамиды. Топырақ 
қҧралу процесіне жоғары сатылы ӛсімдіктер мен тӛменгі сатылы ӛсімдіктер 
және тӛменгі сатылы микроорганизмдер қатысады. Топырақ қҧрамындағы 
басты элемент болып литосфера (тасты қабат) тҥзетін әртекті тау жыныстары 
жатады. Аталған элементердің арақатынасы қҧрылықтың ҥстіңгі және тӛменгі 
қабатарындағы организмдермен литосфераның арасында заттармен қуат яғни 
энергия алмасуына байланысты. Энергия алмасу кезінде жасыл ӛсімдіктер 
фотосинтез жолымен ӛз денесінде кҥн сәулесі қуатын жинайды, қурағанда 
ӛсімдіктер қалдығы тамыр-сабақ-жапырақ топыраққа тҥсіп ыдырап қуат 
босайды да әр тҥрлі эндотермикалық (ішкі жылулық) реакцияларға қатысады. 
Сол реакциялардың арасындағы аса маңыздысы синтездік, яғни жаңа 
минералдар және органикалық заттар қҧралуына әкелетін реакциялар. Бҧл кезде 
жер қойнауында тҥзілетін минералдар тҧрақсызданып ыдырап жылу босайды. 
Босаған жылу қуат топырақтағы кӛптеген хлорофилсіз тӛмен сатыдағы 
организмдердің синтездік процестеріне жаратылады. Әр текті қуат кірісі мен 
шығысының тепе-тендігі және оның бір тҥрінен екіншісіне кӛшуі әр тҥрлі 
топырақтарда әр тҥрлі болады. Сонымен топырақ кӛп мӛлшердегі кҥн 
энергиясы жиналып босайтын және жылжып ӛзгіретін (трансформация) орын 
болып саналады. Топырақта ӛтіп жататын барлық процестердің ӛту 
жылдамдығы олардың екпінімен ерекшелігі осы қуаттың энергияның шамасына 
байланысты болады.
Топырақ қҧралудағы жанды және жансыз табиғат арақатынасының екінші 
жағы материя мен топырақ ішінде ӛмір сҥретін тірі организмдердің арасындағы 
жан – жақты заттар алмасуы. Мҧндай алмасулар – қайталымды (цикльді) келеді 
– ең маңыздысы кіші немесе биологиялық заттар айналыма болады. Бҧл кезде 
кӛптеген топырақ және таулы жыныстағы біріншілік минералдар және жансыз 
организмдер қалдықтары ыдырауынан бӛлініп шыққан минералдық заттарды 
тірі организмдер денесін қҧруға пайдаланады да кейін олар ӛсімдік пен жануар 
қалдықтары тҥрінде топырақ қҧрамына қайтып оралады. Бірақ «Топырақ–
организм-топырақ» - жҥйесіндегі биологиялық заттар айналымы тепе-теңдік 
тҥрінде дәл қайталанып отыратын шеңберлі процесс емес. 
І. В.Вильямстің пікірінше – биологиялық айналым қҧрлықтың жоғарғы 
қабатында болса, одан зор заттар айналымы ҥлкен геологиялық айналым 
шеңберінде ӛтеді. Топырақ пен литосферада қҧрылатын минералдық заттардың 
ерітінді тҥрлері тҥгелімен биологиялық айналымға тартылмайды. Олардың 
біраз бӛлігі атмосфера суымен қосылып топыраққа сіңіп, одан шайылып, ең 
соңында кӛлдермен теңіздерге жетіп шоғырланады. Сонымен минералдық 
элементтер геологиялық шӛгінділерде жиналып, биологиялық айналым 
сферасынан ажырап қалады. Бірақ олар ірі геологиялық ӛзгерістер нәтижесінде 


(жер қозғалуы, теңіздер суының қайтуы т.б.) қайтадан кіші биологиялық 
айналуға оралуы мҥмкін.
Осындай заттардың континенттер ҥстінен теңіздермен мҧхиттар арқылы 
жылжуын және одан жан-жақты геологиялық шӛгінділер арқылы олардың 
қҧрлыққа, оралу қҧбылысын ҥлкен геологиялық айналым деп есептейді. Бҧл 
айналымды да тепе-теңдік жоқ, яғни химиялық элементтердің әкетілуі мен 
қҧрлыққа қайта оралуының мӛлшері қабаттастығы мен арақатынастығы бірдей 
болмаған. Сонымен литосфераға атмосфера және гидросфералық сулармен 
келетін элементтер, сондай-ақ таулы жыныстармен тірі организмдер арасында 
ҥзілмей ӛтіп жататын заттар мен энергия алмасу процессі арқасында қҧрлықтың 
жоғарғы қабатында тек ӛзіне тән қҧрамымен қасиеттері бар, ӛзгеше табиғи дене 
топырақ қалыптасады.
ІІ. Бҧл процесс ӛте кҥрделі ол жыныста ӛтіп жататын жан–жақты 
физикалық, химиялық, биологиялық қҧбылыстардан тҧрады да топырақ 
массасының қҧрамымен қасиеттерін анықтайды. Топырақ қҧрайтын барлық 
қҧбылыстарды негізгі ҥш топқа бӛлҥге болады: 
1. Біріншілік минералдардың ҥзбей ыдырауы және олармен қабаттаса ӛтетін 
жаңа қосындылар синтезі - екіншілік минералдармен жаңа қосындылар тҥзілуі. 
2. Бірер органикалық қосындылардың ыдырауы және соған қарама – қарсы 
басқа заттардың, жанды организмдердің пайда болу процесі.
3. Әр тҥрлі бҧзылу және топырақ қҧралу процесі нәтижесінде шыққан 
заттардың топырақ кескінімен әкетілуі немесе оның жылжуы және бҧзылу 
қабатында әр тҥрлі қосындылардың ең басты жол, атмосферамен биологиялық 
айналым арқылы әкелінуі.
Әрбір табиғи топырақ типінде аталған биофизикалық – химиялық 
қҧбылыстардың басты ҥш тобы бірдей дамиды. Бірақ топырақтың дамуының әр 
буынында сыртқы жағдайлар әсерінен аталған ҥш қҧбылыстардың кейбір тобы 
алдын – ала айқындалуы мҥмкін. 
Топырақта ӛтіп жатқан барлық қҧбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста 
болғандықтан дара процестің немесе тобының салыстырмалы ҥдеуі, 
басқалардыңда ӛзара байланыстарының артуы мен бәсеңдеуіне әкеледі. 
Осындай ӛзара байланыс арқылы топырақта жан-жақты ӛтетін биофизикалық, 
химиялық процестер арасынан, сыртқы жағдайларға және топырақ даму 
сатысына 
сәйкес, 
ӛзара 
тығыз 
байланған 
биофизикалық–химиялық 
қҧбылыстарды топырақ қҧрылымын қалаушы элементарлық процестер деп 
атайды. Бҧлар топырақ қҧралудағы элементтер басты ҥш топқа бірлестіріледі:
1. Топырақ массасының минералдық бӛлшегі ӛзгеруінде жетекші рӛлді 
атқаратын элементарлық топырақ қҧраушы процестер: бастапқы немесе шамалы 
топырақ қҧралу, балшықтану, сипалиттену, латериттену, аллиттену, 
шалшықтану;
2. Топырақ массасының органикалық бӛлшегі ӛзгеруінде жетекші рӛлді 
атқаратын элементарлық топырақ қҧраушы процестер қарашірік (гумус) 
шоғырлануы, шымтезек (торф) жиналу процесі;


3. Минералдық және органикалық заттар ӛзгерісімен жылжуында жетекші 
рӛлді атқаратын элементарлық топырақ қҧраушы процестер: сортаңдану 
процесі, тҧщылану процестері, глейлену – саздану және кеншіктену, 
сілтісіздену немесе алдамшы кҥлгіндену, кҥлгіндену процестері.
ІІІ.Топырақта 
ӛтетін 
процестер оның жиектерін горизонттарын
(қабаттарын А-Б-С) қалыптастырады. Әр горизонтқа тиісті морфологиялық 
белгілер, механикалық және химиялық, су-ауа-жылу және қоректік элементтер 
режимі тән. Горизонтар бірлестігін топырақ профилі немесе кескіні деп атайды. 
Далада топырақ шҧңқырын (шҧрп) қазып, оған тік беткейінен қарап, топырақта 
бҧрын ӛткен процестер туралы қорытынды жасауға болады. Топырақ қҧралу 
процесі нәтижесінде жаңа табиғи дене, биосфераның басты қҧрамы топырақ 
пайда болады. 
ІV. Топырақ кескіні бірден қалыптаспайды, оған узақ уақыт керек және 
аналық таулы жыныс ӛзгеруінде сатылық байқалады. Оның ең бірінші сатысы – 
біріншілік топырақ қҧралу процесі. Бастапқы топырақ қҧралу процесі қатты тау 
жыныстар бетінде айқын ӛтеді. Кӛп деген ғалымдар (Вернадский, Виноградов, 
Полынов) кӛрсеткендей қатты тас ҥгілмей тҧрып онда шамалы тірі 
организмдер пайда болып жайлап бастапқы топырақ қҧралу процесі дами 
бастайды. Кристал тау жыныстарын ең алдымен дайын органикалық затты 
қажет етпейтін СО
2
-ні атмосферадан тҧтына алатын тӛменгі тіршілік иелері екі 
атомдық балдырлар және олармен бірге ӛмір сҥретін азот жҧтатын балдырлар-
микроорганизмдер жайлайды. Осы прототрофты организмдермен қатар тас 
және қатты жыныстардың бетіне микроскопиялық әр тҥрлі гетеротрофты 
(органикалық заттарды қажет ететін) микроағзалардан тҧрады. Біріншілік 
ыдырау процесі немесе екіншілік минералдар және органикалық қосындылар 
синтезі, топырақ қҧралудың маңызды элементін қҧрайтын негізгі қҧбылыстар 
тобына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет