болады,ӛңдеуге
кедергісі
артады,
жыртқан
кезде
ҥлкен
кесектер
қҧрылады,судың сіңуі нашарлайды.
Байланыстылық - ӛзара ілінісу немесе топырақ тҥйіршіктерінің
арасында
ӛтетін бірін-бірі тарту әрекеттері. Топырақтың бҧл қасиеті адсорбция, когезия,
саз, әк, гумус тәрізді заттардың цементтенушілік әрекетінен, ылғалдану
дәрежесінен және басқа факторлардан байқалады. Байланыстылық -
топырақтың тҥйіршіктерді бір-бірінен айыруға ҧмтылатын іс-әрекеттерге
қарсы тҧрып, кедергі болатын қабілеті арқылы байқалады. Ол
топырақ
ауырлаған сайын жабысқақтық ӛскен сайын арта тҥседі.
Байланыстылық деп массасын кішірейтуге арналған сыртқы кҥштерге
қарсы тҧру қабылетін айтады (кг/см
2
). Бҧл қҧбылыс тҥйірлерді біріктіретін
кҥшке байланысты және топырақтың механикалық, минерологиялық қҧрамына,
тҥйіртпелік кҥйіне, ылғалдану мен гумус мӛлшеріне, егіншілікте пайдалану
ерекшеліктеріне байланысты ӛзгереді. Жоғары байланыстылық қабілет
балшықты, тӛменгі қҧм-топырақтарға тән.
Жоғары байланыстылық қасиет ӛсімдік солуына жақын ылғал
мӛлшерінде байқала бастайды. Топырақ тҥйіртпелігі
артқан сайын оның
байланыстылығы нашарлайды. Байланыстылығы кҥшті топырақты ӛңдеу
қиынға тҥседі, яғни оған кӛп кҥш пен қуат жҧмсалады.
Топырақтың қҧрамы және коллоидтардың, гумустың, сіңірілген
негіздердің, ылғалдың ӛзгерулері байланыстылыққа әсерін тигізеді. Саз
топырақтарда ол қҧрғақ кҥйінде, қҧмдақтарда - орташа ылғалдылықта, жоғары
мәндерге ие.
Кҥлгін және сортаң топырақтардың иллювиалдық қабаттарында
байланыстылық жоғары мәндерге ие болады.
Белсенді гумус жеңіл
топырақтардың
байланыстылығын
арттырып
ауыр
топырақтардың
байланыстылығын тӛмендетеді.
Каллойдтардың коагуляциялануына ықпал жасайтын тҧздардың ертіндісі
(электролиттер)
байланыстылықты
азайтады,
ал
каллойдтарды
пептизациялайтын заттар оны жоғарылатады. Топырақ тоңданғанда және басқа
себептерден байланыстылық азаяды. Байланыстылыққа сіңірілген негіздер әсер
етеді. Кальцийді, магниймен ауыстырғанда топырақтың жыртылуға қарсылығы
2-есеге жуық ӛседі, аллюминийден 4-5 есе, натрийдан кӛп болса 10 еседен
артық ӛседі. Кальцийді темірдің ионымен ауыстырғанда байланыстылық
шҧғыл кемиді.
Топырақтың қаттылығы - оның қысымның әсерімен, қатты денелердің
енуіне қарсылық кӛрсету қабылеті. Ол қысым жасалатын заттың 1 см
2
қимасына жҧмсалатын кҥштің шамасымен ӛрнектеледі.
Топырақ қаттылығын
далалық жағдайда және зертханада қаттылықты ӛлшейтін приборлармен
анықтайды.
Топырақтың қаттылығы оның механикалық қҧрамына, қҧрылымына,
сонымен қатар қҧрылыс сипатына және ылғалдану дәрежесіне байланысты.
Байланыстылығына, қаттылығына және ылғалдылығына байланысты
топырақ, ӛңдеу қҧралдарына және жер қазғыш машиналарға тҥрліше қарсылық
кӛрсетеді. Ол соқаның конструкциясына тән массасымен, трактордың жер
жырту
кезіндегі жылдамдығымен, жҥйектің тереңдігімен және енімен,
топырақтың машинаның жҧмыс жасайтын кедергісін кӛрсететін ҥйкеліс
коэффициентімен анықталады.
Салыстырмалы қарсылық деп топырақ қабатын қопаруға және оның
жҧмысшы техникалық органдармен ҥйкелеуге кететін кҥшті айтады. Топырақ
қарсыластығы - соқа кӛтеретін 1см
2
топырақ кесегіне келетін КР-дық кҥшпен
ӛлшенеді де оның механикалық қҧрамына, физико-химиялық қасиетіне,
ылғалдылық деңгейіне және агроӛгдірістік кҥйіне байланысты. Салыстырмалы
қарсылық 0,2-1,2 кг/см
2
–арасында ауытқиды.
Топырақтың физико-механикалық және
физикалық қасиеттері арқылы
оның қҧнарлылығы мен ауыл шаруашылық дақылдарын ӛңдеу технологиясын
бақылауға болады. Егіншілікте топырақтың механикалық және минералдық
қҧрамы кӛп ӛзгермейтіндіктен оның физикалық және физико-механикалық
қасиеттерін реттеу ҥшін тиімді әдістерді таңдап қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: