бетіне жетіп барып буланады. Егер ол тҧзды болса, қҧрылық бетіне ылғал мен
бірге жеңіл еритін тҧздар да кӛтеріліп шоғырланады, сӛйтіп топырақ
сортаңдана бастайды.
Суармалы топырақтарда ирригациялық су қҧбылымы қалыптасады.
Топырақ мол ылғанданса, оның кескіні ызаға дейін шайылуы, ал суару аралық
мезгілі ҧзаққа созылса, ыза суы топырақ бетіне кӛтерілуі мҥмкін.
Егіншілік ӛнімділігін арттырудағы шаралардың бастысы топырақтағы су
қҧбылымын реттеу. Ол ҥшін жергілікті климат пен топырақ ерекшеліктерін
ескере, егілетін дақылдың суға сҧранысын біле отырып, жан – жақты тәсілдер
қолданады.
Мәдени ӛсімдіктердің ӛніп - ӛсуіне лайықты жағдай туғызуы ҥшін
топыраққа тҥсетін судың мӛлшері, транспирация мен физикалық булануға
кеткен шығынды теңестіру, яғни ылғалдану коэффицент санын бірге кӛтеру
керек. Нақтылы топырақ климаттық жағдайда су қҧбылымын реттеудің ӛз
ерекшелігі бар. Мысалы, тҧрақсыз ылғалданатын және ылғалға тапшы щӛлді
аймақтарда су қҧбылымын реттеудегі ең басты мақсат – топырақта жиналған
ылғалды сақтай отырып, оны тиімді пайдалану. Топырақта ылғалды жинау
тәсілдерінің бірі – қыста қарды, кӛктемде еріген суларды ҧстау. Ол ҥшін
ықтырмалы егіс аңызын жасанды қар жолдарын пайдаланады. Топырақ
бетіндегі су ағысын азайту ҥшін сҥдігерді, беткейлерді кӛлденең жыртады,
ауылшарашылық дақылдарын жолақтап орналастырады, топырақты шҧңғылдап
ӛңдейді, тағы басқа тәсілдер қолданады. Топырақтағы су қорын молайтуда таза
немесе қара сҥрінің маңызы зор. Мҧндай сҥрілерде ӛңделген топырақ
қабатында ылғал қоры, басқа ауыспалы танаптарына қарағанда 1,5-2 есе артық.
Ылғалды сақтап жинауда азот агротехнологияны пайдаланған жӛн:
кӛктемде топырақ бетін қопсыту немесе тырмалап, ылғалды жабу арқылы
топырақты физикалық буланудан, яғни ылғал шығынынан сақтауға болады.
Тҧқым себілгеннен кейін топырақты дӛңбекпен тығыздайды. Бҧл тәсіл
топырақтың қылтҥтікшелері арқылы ылғалды тӛменнен жоғары кӛтеру
мақсатымен жҥргізіледі. Осылай сумен қамтамасыз етілген тҧқым тез ӛнеді.
Топырақтағы ылғалды ҥнемі және тиімді пайдалануға органикалық және
минаралдық тыңайтқыштар да себептеседі.
Шӛл дала мен шӛлді аймақтарда топырақтың су қҧбылымын
жақсартудың басты жолы – суару, яғни егіске қолдан су беру. Әрине, оның
мӛлшері ӛсімдік сҧранысына сай, ол тәсілі топырақты шайылу мен
сортаңдаудан сақтайтындай болу керек
Достарыңызбен бөлісу: