4. Үйде қызмет көрсетудi ұсыну, тоқтату және тоқтата тұру шарттары 13. Арнаулы әлеуметтiк қызметке мұқтаж және бiр отбасында тұратын қызмет алушылар жеке тұлға ретiнде есептелiнедi.
14. Үйде қызмет көрсету мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң немесе қорғаншысының) өтiнiшi (осы Үлгi ережеге 2-қосымша);
2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (көшiрмесi);
3) тұратын жерiнен анықтама;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (көшiрмесi);
5) жеке әлеуметтiк код беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi (көшiрмесi);
6) заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң немесе қорғаншысының) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
7) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
8) психиатриялық емдеу мекемесi ДКК-ның қорытындысы;
9) мүгедектiң жеке оңалту бағдарламасынан үзiндi көшiрме (боkған жағдайда);
10) тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларын зерттеп-тексеру актiсi (осы Үлгi ережеге 3-қосымша);
11) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
12) жергiлiктi атқарушы органның арнаулы әлеуметтiк қызметтi ұсынуы туралы (арнаулы әлеуметтiк қызметтi бюджет қаражаты есебiнен көрсеткенде) шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
15. Қызмет көрсетiлетiн адамдарды бюджеттен тыс қаражат есебiнен қызмет көрсетуге қабылдауға арналған құжаттардың тiзбесiн құрылтайшы дербес айқындайды.
16. Үйде қызмет көрсетудi тоқтатуға:
1) қызмет көрсетiлетiн адамның заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң немесе қорғаншысының) өтiнiшi;
2) қызмет көрсетiлетiн адамда үйде арнаулы әлеуметтiк қызметтi қабылдауға медициналық қарсы айғақтамалардың болуы;
3) қызмет көрсетiлетiн адамның заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң немесе қорғаншысының) басқа жерге көшуi;
4) қызмет көрсетiлетiн адамның отбасы мүшелерiнiң күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкердi оның адамгершiлiк қасиетiн кемсiтетiн, негiзсiз қорлауы және айыптауы негiздеме болып табылады.
17. Үйде арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету қызмет көрсетiлетiн адамдарға стационар және жартылай стационар жағдайында уақытша болудың арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлуi кезеңiнде тоқтатыла тұрады.