«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату



бет107/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

7. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату
44. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату:
1) қызмет алушының заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша;
2) медициналық қарсы айғақтамалар болған жағдайда;
3) қызмет алушыдан бiрiншi және екiншi топ мүгедектiгi алынған жағдайда жүзеге асырылады.
45. Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi тоқтату жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ басшысының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
8. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ны басқару
46. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысын уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы қызметке тағайындайды және босатады.
47. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын жартылай стационарлық үлгiдегi бөлiмшенi соған уәкiлеттi лауазымды тұлға немесе заңды тұлғаның органы лауазымға тағайындайтын және босататын меңгерушi басқарады.
48. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның штат санын уәкiлеттi орган, не құрылтайшы бюджет қажеттiлiктерiн және мүмкiндiктерiн ескере отырып дербес бекiтедi.
Штаттық бiрлiктердi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 3 қарашадағы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5766 тiркелген) № 323-ө бұйрығымен бекiтiлген стационарлық үлгiдегi ұйымдардағы ең төменгi штаттық персонал нормативтерiн негiзге алу қажет. Бұл ретте жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да түнде және демалыс және мереке күндерi қызметтiң көрсетiлмеуiне байланысты аталған кезеңде көрсетiлетiн қызметтердi көрсету жөнiндегi лауазымдар алынып тасталады.
49. Құрылымында жартылай стационарлық үлгiдегi бөлiмше бар заңды тұлғаның штат кестесi жартылай стационарлық үлгiдегi бөлiмшедегi қызмет алушылардың саны ескерiле отырып, айқындалады.
50. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы:
1) жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның жұмысын ұйымдастырады және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйi, көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтiң мазмұнының сапасы үшiн дербес жауаптылықта болады;
2) жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның атынан әрекет етедi, мекемелер мен ұйымдарда оның атынан өкiлдiк етедi, азаматтық заңнамада белгiленген тәртiппен жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның мүлкiне және қаражатына иелiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхаттар, оның iшiнде қайта сенiмгерлiк құқығымен сенiмхаттар бередi, банктерде жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ шоттарын ашады;
3) кадрларды iрiктеудi және тағайындауды қамтамасыз етедi, персоналдың жұмысына, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ге қызмет алушыларды жинақтауға қатысады;
4) жабдықталған кабинеттердiң болуын ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi мамандардың жаңа штаттық бiрлiктерiн қалыптастырады;
5) жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасайды/бұзады, қызметкерлердi ынталандырады, тәртiптiк жаза қолданады.
51. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол басшыда сақталады және келушiлердiң бiрiншi талабы бойынша берiледi.
52. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы апта сайын, ал уәкiлеттi орган - ай сайын қарайды.
53. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы, құрылтайшысы мен уәкiлеттi орган «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында бекiтiлген мерзiмде шағымдар мен ұсыныстарды қарастырады және өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылдауға тиiстi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет