«Қолданбалы ғылымдар»


Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға



бет103/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға
қабылдау және ұстау шарттары
9. Егер арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылса, МӘҰ-ға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге жiберудi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
Егер арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету шарт талаптары негiзiнде жүзеге асырылса, қызмет алушының заңды өкiлiмен (ата-анасымен және қорғаншымен) және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ арасында жасалған шарт әлеуметтiк қызмет көрсетуге қабылдаудың негiзi болып табылады.
10. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн адамдарды қабылдау мынадай құжаттардың:
1) заңды өкiлiнiң (ата-анасының немесе қорғаншының) өтiнiшi (осы Үлгi ережеге 1-қосымша);
2) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсынған жағдайда);
3) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
5) жеке әлеуметтiк код беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
6) медициналық карта (осы Үлгi ережеге 2-қосымша);
7) амбулаторлық картадан үзiндi көшiрме;
8) ауыстыру эпикризi (стационарлық үлгiдегi МӘҰ-дан ауыстырылған жағдайда);
9) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
10) мүгедектiң жеке оңалту бағдарламасынан үзiндi көшiрме (болған жағдайда);
11) психиатриялық емдеу мекемесiнiң ДКК қорытындысының негiзiнде жүзеге асырылады.
11. Арнаулы әлеуметтiк қызметтi бюджеттен тыс қаражат есебiнен көрсетуге жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға қызмет алушыларды қабылдауға арналған құжаттардың тiзбесiн құрылтайшы айқындайды.
12. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына, қауiпсiздiк талаптарына, оның iшiнде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиiс.
13. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ ғимараты оған кедергiсiз кiрудi, тұру қолайлылығын, оңалту iс-шараларын алу, демалыс пен ойын-сауықтар ұйымдастыру үшiн орынжайлардың iшiнде кедергiсiз жүрiп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында арнайы құрылғылармен жабдықталады.
14. Оңалту iс-шараларын жүргiзу, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру, тiрек-қозғалысы аппараттары бұзылған қызмет алушылардың ғимаратқа кедергiсiз кiруiн, олардың орынжай iшiнде және ғимаратқа жанасып жатқан аумақта жүрiп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ ғимаратына (орынжайға) кiру арнайы құрылғылармен жабдықталады.
15. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ ғимаратының iшiндегi орынжайлар (кабинеттер) арнаулы әлеуметтiк қызметтiң әртүрлi түрiн қамтамасыз ету мақсатында тиiстi түрде жабдықталған болуға тиiс.
16. Құрылтайшы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның қазiргi заманғы техникалық жабдықталуын қамтамасыз етедi.
17. Егер жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның құрылымдық бөлiмшесi болып табылса, жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның қызметiн алушылар және стационарлық үлгiдегi МӘҰ қорғаншылары бөлек ұсталуға тиiс.
18. Қызмет алушыларға күтiм мен әлеуметтiк қызмет көрсету, оңалту жөнiндегi iс-шаралар олардың денсаулығының жағдайын, жасын, жеке даму деңгейiн, әлеуметтендiру, оңалтудың жеке бағдарламасының (болған жағдайда) мазмұнын ескере отырып жүзеге асырылады.
19. Әлеуметтiк қызмет Мемлекеттiк әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде және түрлерде көрсетiледi.
20. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да күндiз болу тәртiбi жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ басшысы бекiткен Iшкi тәртiп ережелерiнде белгiленедi.
21. Қызмет алушылардың жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да болу режимiн күнiне 10 сағаттан асырмай белгiлейдi.
Ақылы негiзде арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету кезiнде қызмет алушылардың жеке меншiк нысандағы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да болуын, бiрақ күнiне 4 сағаттан кем емес, құрылтайшы белгiлейдi.
22. Жүрiс-тұрысы бiрқалыпты, еңбек дағдылары қалыптасқан және оларды еңбек қызметiнде iске асыруға оң нұсқамасы бар, мiнезi барабар және эмоционалды-жiгерлi сферасы орнықты қызмет алушылар еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметiн және еңбекақымен қамтамасыз ете отырып, МӘҰ-ға қызмет көрсету кiшi қызметшiлерiнiң және жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет