«Қолданбалы ғылымдар»


Әртүрлi арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсетуге



бет106/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

6. Әртүрлi арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсетуге
қойылатын талаптар
36. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет:
1) пайдалануға берiлген орынжайлар санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болуға және қызмет алушылардың болуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс. Түзеу, оңалту, тұрмыстық, еңбек және өзге де қызметтi ұйымдастыру жағдайларын жасаған кезде қызмет алушының физикалық және психикалық жай-күйiн, психологиялық сәйкестiлiгi, жеке даму мен әлеуметтену деңгейi ескерiлуге тиiс;
2) қызмет алушылардың пайдалануына берiлетiн жиһаз, жабдық, жұмсақ инвентарь пайдалануға ыңғайлы, қызмет алушылардың (мүгедектердiң, аз қозғалатын және адамдардың басқа да санаттарының) физикалық жай-күйiн ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап беруге тиiс;
3) 4 сағаттан асатын режимде жартылай стационарда арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарға және Қазақстан Республикасы Үкiметi 2008 жылғы 31 желтоқсанда бекiткен № 1354 қаулысына сәйкес интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына сәйкес ыстық тамақ берiледi, оған жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзiрдi және екiншi аптаға перспективалық мәзiрдi бекiтедi;
4) бақылау және төсек режимiндегi және денсаулығының жағдайы бойынша өзiн-өзi күтудiң қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi көрсету, олардың денсаулығына қандай да бiр зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалуға тиiс.
Мұндай қызметтi көрсету кезiнде қызмет көрсетушi персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет.
5) қызмет алушыларды емделу, оқуға бару, мәдени iс-шараларға қатысуы үшiн автомобиль көлiгiмен тасымалдау автокөлiк құралдарын пайдалану нормативтерi мен ережелерiн, жол жүру қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады;
6) дiни жораларды атқару үшiн жағдай жасау кезiнде қызмет алушылардың дiни наным-сенiмi, жасы, жынысы, физикалық жай-күйi, әртүрлi концессияларда қабылданған дiни жоралардың ерекшелiгi қатаң түрде ескерiлуге тиiс. Дiнге сенушiлердiң дiни жораларды еркiн атқару құқығына шек қойылмайды.
7) қалалық телефон желiсi қызметiн көрсету;
8) жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi ұсынуды iшкi бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелерi электронды картотека/журналда тiркеледi.
37. Әлеуметтiк-медициналық қызмет:
1) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген әлеуметтiк-медициналық қызметтi алуға көмек көрсету;
2) дәрiгерге дейiнгi көмектi көрсету;
3) әлеуметтiк-медициналық қызмет денсаулық жағдайын ескере отырып, бақылау, медициналық рәсiмдердi өткiзу, емдеу дәрiгерiнiң тағайындауына сәйкес дәрiлердi беру, қызмет алушылардың жүрiп-тұруына (қажетiне қарай) және басқа да қызметiне көмек көрсету, дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қамтамасыз етуге жәрдемдесу сияқты қызметтi қамтуға тиiс.
Медициналық рәсiмдердi (дене температурасын, қан қысымын өлшеу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлердi, жарақат бетiн өңдеу, тазалау клизмалары) жүргiзу және денсаулыққа байланысты басқа да рәсiмдердi (дәрi қабылдау, дәрi тамызу катетердi және басқа да рәсiмдер) орындауға көмек көрсету қызмет алушыларға ешбiр зиян келтiрмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
4) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру;
5) мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына шұғыл жатқызуға жәрдемдесу және iлесiп жүру;
6) медициналық-психологиялық көмек ұйымдастыру;
7) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу.
Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу куәландырылатын адамдардың оңалтудың жеке бағдарламаларын қоса алғанда, арнаулы әлеуметтiк қызметтiң түрлерi мен көлемiне қажеттiлiктерiн ағза функциясының тұрақты бұзылуы тудырған тұрмыс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде, дұрыс айқындауда медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссияның бiлiктi көмек көрсетуiн қамтамасыз етуге тиiс;
8) дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында оған қол жетiмдi және денсаулығына қауiпсiз дене жаттығуларының кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етуге тиiс;
9) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын жүргiзу қамқорлықтағы әрбiр адам үшiн әлеуметтiк-орта бағдары мен әлеуметтiк-тұрмыстық бейiмделуден, қалпына келтiрушi терапия, қайта қалпына келтiру хирургиясы, протездеу және ортездеуден құралған медициналық оңалтудан тұратын әлеуметтiк оңалту бойынша iс-шаралар жиынтығын орындауды қамтамасыз етуге тиiс;
10) протездiк-ортопедиялық және есту-протездерi көмегiн алуға жәрдемдесу қызмет алушының практикалық қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады;
11) қызмет алушының денсаулығының жағдайын ескере отырып, күтiмдi, оның iшiнде санитарлық-гигиеналық (ысқылау, жуындыру, гигиеналық бұлаулар, тырнақ алу, шаш тарау) қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
12) әлеуметтiк-медициналық мәселелер жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтiк медициналық проблемаларды (отбасын жоспарлау, қазiргi заманғы контрацепсия құралдары, тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлi аурулардың алдын алу, науқастардың туысқандарын оларға жалпы күтiм көрсетудiң практикалық дағдыларына үйрету және басқа да мәселелер) дұрыс түсiнуге және шешуге бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
13) қызмет алушыларды кезеңдiк медициналық-әлеуметтiк зерттеп тексеру (қажет кезiнде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып) және оңалтудың медициналық бөлiгiнiң жеке жоспарын әзiрлеу;
14) дәрiгерге дейiн көмектi уақытылы көрсету;
15) қызмет алушылардың туысқандарын оларға жалпы күтiм көрсетудiң практикалық дағдыларына үйрету.
Емдеу-сауықтыру iс-шараларын жүргiзу қажетiне қарай түзетiледi және жеке жоспарда, электронды картотека/журналда тiркеледi.
38. Әлеуметтiк-психологиялық қызмет:
1) қызмет алушының психологиялық диагностикасы мен тексеру жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ басшысы бекiтетiн психодиагностикалық пакет негiзiнде жүзеге асырылады;
2) жеке жоспарды әзiрлеу диагностиканы, түзеудi, әлеуметтiк-психологиялық консультация берудi жүзеге асырушы, әлеуметтiк-медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетушi мамандардың жазбаша түрде ресiмделетiн ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырылады;
3) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға отбасылық жанжалдың алдын алу және жою үшiн тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту, бала мен ата-ана, ерлi-зайыптылар арасындағы мәселелер және басқа да маңызды қарым-қатынастар жөнiнде бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс.
Әлеуметтiк-психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, оған iшкi ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектесу негiзiнде болуға тиiс.
4) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық түзеу қызмет алушының жүрiс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйiндегi ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мiнез стереотипiнiң қолайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар мен мiнез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етуге тиiс, бұл аталған көрсеткiштердi жас нормалары мен әлеуметтiк орта талаптарына сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi;
5) психотерапевтiк көмек қызмет алушылардың өмiрлiк қиындықтар мен тұлғалық шиеленiстердiң негiзiнде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмiрi мен тұрмысының өзгермелi әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әлеуметтiк бейiмделу сияқты және т.б. проблемаларды тиiмдi шешуiне жәрдемдесуге тиiс;
6) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық тренингтердiң психологиялық жара салу жағдайларының, нервтiк-психологиялық шиеленiстердiң салдарын жоюда, тұрмыс-тiршiлiктiң асоциалды нысанын жеңушi адамдарға әлеуметтiк бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелi жағдайларға бейiмделу үшiн тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиiмдiлiгiмен бағалануға тиiс;
7) шұғыл (телефон арқылы) психологиялық және медициналық-психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi, сондай-ақ медициналық-психологиялық консультация беру және алдын ала диагнозын айқындауда, медициналық көмек келгенше дәрi-дәрмектi дұрыс таңдау және оны шақыртылған дәрiгер келгенге дейiн қабылдау тәртiбiн айқындауда көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
8) әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзiмдiлiгiн арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
Әлеуметтiк-психологиялық iс-шаралардың нәтижелерi және көмектiң уақтылы көрсетiлуiн бақылау қорытындысы журналда/электронды картотекада көрсетiледi.
39. Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет:
1) әлеуметтiк-педагогикалық диагностика жүргiзу және 18 жастан 23 жасқа дейiнгi қызмет алушыларға бiлiм, бiлiк және дағды деңгейлерiн тексерудi дефектолог мұғалiм жүргiзедi;
2) әлеуметтiк-тұрмыстық дағдыларды (өзiне өзi қызмет көрсету, жеке гигиена, тамақ дайындау, киiмдi ұсақ жөндеу, тұрғын жайды күту және т.б.), әлеуметтiк-еңбек дағдылары және әлеуметтiк бейiмделу дағдыларын (тұрмыста және қоғамдық орындарда өзiн өзi ұстау, қарым-қатынас жасау дағдылары және тұрмыс-тiршiлiктiң басқа да нысандары) қалыптастыру жөнiндегi жұмыс фронтальдi және жеке жұмыс жоспары бойынша жүргiзiледi;
3) әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi iске асыру үшiн тұрмыстық бағдар негiздерi мен қол шеберлiгiне үйретуге жәрдемдесетiн мамандандырылған кабинеттер құрылады;
Қызмет алушылардың қажеттi дағдыларын қалыптастырудың нәтижелерiне аралық бағалауды тоқсан сайын жүргiзу, сондай-ақ жеке жоспарларға өзгерiстер енгiзу, аралық бағалау нәтижелерi жеке жоспарларда, журналда/электронды картотекада көрсетiледi.
40. Әлеуметтiк-еңбек қызметi:
1) қызмет алушылардың еңбек дағдыларының деңгейi бойынша тексеру жүргiзiледi, тексеру нәтижелерi жеке жоспарда көрсетiледi;
2) қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерiнiң негiзiнде:
арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) еңбекпен оңалту;
шамасы келетiн еңбек дағдыларын қалыптастыру үшiн фронтальдi және жеке сабақтар;
қызмет алушылардың еңбек қызметiне, оның әртүрлi бағыттарына (түрлерiне) қызығушылығын зерттеу мақсатында оларды тарту бойынша iс-шаралар;
МӘҰ ұжымының қоғамдық өмiрiне қатысу үшiн қызмет алушыларды олардың қалған еңбек мүмкiндiктерiн пайдалана отырып және әлеуметтiк және коммуникативтiк байланыстарын жөнге сала отырып, әлеуметтiк-еңбек қызметiне тарту бойынша iс-шаралар;
тиiстi дағды, бiлiм мен бiлiктi қалыптастыру мақсатында еңбек қызметiнiң түрлерi;
3) қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларды оқыту, қызмет алушының тұлғалық және әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiру бойынша iс-шараларды жүргiзу үшiн жағдай жасалады;
4) қызмет алушылар үшiн жұмыс орындарын құру.
41. Әлеуметтiк-мәдени қызмет:
1) мынадай әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсету жоспарын әзiрлеу бойынша қызмет жүзеге асырылады:
экскурсиялар, театрға, көрмелерге, кинотеатрларға бару;
көркем өнерпаздар концерттерiн өткiзу;
мерекелер, мерейтойлар және басқа да мәдени iс-шаралар өткiзу;
2) көркемөнерпаздар үйiрмелерiн ұйымдастыру үшiн жағдай жасалады;
3) қызмет алушылармен бiрлесе отырып, концерттердiң бағдарламалары мен өткiзiлетiн iс-шаралардың сценарийлерi әзiрленедi, талқыланады.
42. Әлеуметтiк-құқықтық қызмет:
1) әлеуметтiк қызмет алу және өздерiнiң мүдделерiн қорғау құқығына қатысты мәселелер бойынша консультация беру;
2) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн және қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым дайындау және беруде көмек көрсету;
3) құжаттарды рәсiмдеуге көмек көрсету;
4) заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу.
43. Әлеуметтiк-экономикалық қызмет:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттердi және басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу;
2) өзiн-өзi қамтамасыз ету, отбасылық кәсiпкерлiктi дамыту, үй кәсiпшiлiгi мәселелерi бойынша, мүмкiндiктерi шектеулi адамдары бар отбасылардың материалдық жағдайын жақсартудың басқа да мәселелерi бойынша консультация беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет