5. Арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету шарттары 33. Арнаулы әлеуметтiк қызмет:
меншiк нысаны мемлекеттiк жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ арнаулы әлеуметтiк қызметтiң мынадай түрлерiн:
бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi көлемiн;
арнаулы әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы негiзде ұсынылатын ақылы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетедi;
меншiк нысаны жеке жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ арнаулы әлеуметтiк қызметтiң мынадай түрлерiн:
бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi көлемiн;
арнаулы әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi көлемiнен тыс ақылы негiзде ұсынылатын ақылы арнаулы әлеуметтiк қызметтi;
жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мен қамқорлықтағы адамның заңды өкiлiнiң арасында жасалатын шарт бойынша ақылы негiзде ұсынылатын, тараптардың келiсiмiмен белгiленген көлемдегi арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсетедi.
34. Арнаулы әлеуметтiк қызмет жеке жоспарларда көрсетiлген қызмет алушылардың жеке қажеттiлiктерi ескерiле отырып, Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетiледi.
35. Арнаулы әлеуметтiк қызметтiң түрлерi, мерзiмдiлiгi, қызмет көрсетудiң ерекше шарттары белгiленген жеке жоспарларды жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы бекiтедi.