«Қолданбалы ғылымдар»


Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтiк қызметке



бет104/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

4. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтiк қызметке
қажеттiгiн айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзiрлеу
23. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ қызмет алушыларына арналған арнаулы әлеуметтiк қызметтiң түрлерi мен көлемiн: психиатр, психотерапевт, психолог, невропатолог, еңбек жөнiндегi инструктор, дене тәрбиесi жөнiндегi инструктор, ән-күй қызметкерi және басқа да мамандар (бұдан әрi – МӘҰ мамандары) айқындайды.
24. Осы Ереженiң 23-тармағына сәйкес айқындалған арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiк негiзiнде жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мамандары қызмет алушылардың оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi – ОЖБ) сәйкес белгiленген арнаулы әлеуметтiк қызметке қажеттiлiктерiнiң негiзiнде, әрбiр қызмет алушыға бiр жылдан аспайтын мерзiмге жеке жоспарлар (бұдан әрi – жеке жоспар) әзiрлейдi (осы Үлгi ережеге 3-қосымша), оның қызметiн (әзiрлеу, мониторинг, соңғы нәтиже) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман үйлестiредi.
25. Жеке жоспар қызмет алушы жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға түскен күннен кейiн 14 күнтiзбелiк күн iшiнде жартылай стационарлық үлгiдегi мамандар оны тексергеннен кейiн немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрленедi, 5 жұмыс күнi iшiнде толтырылады және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ның басшысы бекiтедi.
26. Жеке жоспарында белгiленген оңалту iс-шаралар кешенi жеке жоспарда белгiленген мерзiмде iске асырылады.
Қызмет алушылардың қажеттiлiгi мен оларды тұрмыстық және еңбек қызметiне тарту деңгейi жартылай стационарлық үлгiдегi мамандардың ұдайы (тоқсанына бiр реттен кем емес) қарауға және құжаттамалық түрде көрсетiлуге тиiс.
27. Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингi мен қызмет алушының жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға/электронды картотекаға тiркейдi (осы Үлгi ережеге 4-қосымша).
28. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-да қажеттi мамандар болмаған жағдайда, жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ әкiмшiлiгi жеке жоспарды әзiрлеу, оңалту, психотерапевттiк iс-шаралардың нәтижелiлiгiн бағалау немесе консультация беру үшiн басқа ұйымдар мен ведомстволардан мамандарды тартуына болады.
29. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсетуге қатысады.
30. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ барлық мамандарына қатысты қызмет мiндеттерiнiң сапалы орындалуына жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ әкiмшiлiгi тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Жеке жоспардың орындалуын бақылау, олардың сапалы орындалуын және қызмет алушылардың оң дамуы мақсатында ұдайы мониторинг әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманға жүктеледi. Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингiнiң, қызмет алушының өмiр сүру сапасы мен жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға/электронды картотекаға тiркейдi.
31. Жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ мамандары тоқсанына кемiнде бiр рет қызмет алушының жеке жоспарын түзетедi және өткiзiлген iс-шараларды электронды картотека/журналда көрсетедi.
32. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандардың жұмыс сапасы:
1) тұрмыстық және еңбек қызметiне тартылған қызмет алушылардың саны;
2) аталған жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-нан шығып кеткен немесе қызметтi алуға қалайтын адамдардың саны бойынша байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет