«Қолданбалы ғылымдар»


Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң



бет127/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң
Үлгiлiк Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi (бұдан әрi - Үлгiлiк Ереже) қарттар мен мүгедектердi қабылдаудың шарттарын және оларға бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбiн айқындайды. 
2. Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi (үйде қызмет көрсетудi) жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк емес ұйымдар жүзеге асырады. 
3. Үйде қызмет көрсету жалғызiлiктi, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және бөгде адамның күтiмi мен әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге (бұдан әрi - қызмет көрсетiлетiн адамдар) көрсетiледi.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ауру процесiнiң белсендi стадиясындағы туберкулездiң, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезiндегi невроз ұқсас жай-күйлердiң, жарыместiң жеңiл дәрежесiнiң, ақыл-ес кемшiндiгi мен жеке басының айқын бiлiнетiн өзгеруi жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантиндi инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы үйде қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады. 
4. Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Үлгiлiк Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 
5. Әлеуметтiк қызметтердi қарттар мен мүгедектердi күту жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлер (бұдан әрi - әлеуметтiк қызметкерлер) қызмет көрсету аумағы мен аймағының көлемi ескерiле отырып, әлеуметтiк қызметтердi көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарында көзделгендерден кем емес көлемде және түрлерде көрсетедi. 
6. Әлеуметтiк қызметкерлер үйде әлеуметтiк қызметтер көрсету бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және үкiметтiк емес ұйымдардың штат санында болуы мүмкiн. 
7. Әлеуметтiк қызметтер көрсету кезiнде қызмет көрсетiлетiн адамдардың жасы мен денсаулық жай-күйi, оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрi - ОЖБ) мазмұны, қозғалу белсендiлiгiнiң төмендеу дәрежесi мен басқа да объективтi факторлар ескерiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет