«Қолданбалы ғылымдар»


Үкiметтiк емес ұйымдардың үйде әлеуметтiк



бет130/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

4. Үкiметтiк емес ұйымдардың үйде әлеуметтiк
қызмет көрсетудi ұйымдастыруы
22. Үкiметтiк емес ұйымдар бюджет қаражаты есебiнен үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. 
23. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң (бұдан әрi - тапсырыс берушi) және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты шарт бойынша орындаушы ретiнде әрекет ететiн үкiметтiк емес ұйымның (бұдан әрi - қызметтердi жеткiзушi) арасындағы қатынастар үйде әлеуметтiк қызметтер көрсетуге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресiмделедi. 
24. Үйде қызметтер көрсетудi қызметтердi жеткiзушi ұйымдастырады. 
25. Тапсырыс берушi басшылықты, практикалық көмектi және қызметтердi жеткiзушiлердiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады. 
26. Еңбектi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында қызметтердi жеткiзушi әлеуметтiк қызметкерге қажеттi қазiргi заманғы техникамен және байланыспен жабдықталған орын бередi. 
27. Қызметтердi жеткiзушi сапалы әлеуметтiк қызметтер көрсетiлуi үшiн жағдай жасайды (әлеуметтiк қызметкерлердi униформамен, шаруашылық заттарымен: жуу заттарымен, ескi шүберектермен, резеңке қолғаптармен және т.б., шаруашылық жабдықтарымен, қажет болған кезде көлiк құралымен немесе жол жүру билеттерiмен қамтамасыз ету). 
28. Қызметтердi жеткiзушi мен қызмет көрсетiлетiн адамның арасындағы қатынастар шартпен ресiмделедi.
Шартта қызмет көрсетiлетiн адамға көрсетiлетiн қызметтердiң кезеңдiлiгiн және түрлерiн көздейтiн талаптардың, қызмет көрсетiлетiн адамға бекiтiлген әлеуметтiк қызметкердiң аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершiлiктерi, Шарт мерзiмiнiң болуы мiндеттi. 
29. Қызметтердi жеткiзушi қызмет көрсетiлетiн адамдардың бiрiншi талабы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын ұсынады. 
30. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын қызметтердi жеткiзушi апта сайын қарайды. 
31. Тапсырыс берушi мен қызметтердi жеткiзушi шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылдауға тиiстi. 
32. Қызмет көрсетiлетiн адамдардың жеке iстерi тапсырыс берушiде сақталады, ал жеке iстердiң көшiрмелерi қызметтердi жеткiзушiге берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет