5. Үйде қызметкөрсетуге қабылдаудың және үйде қызмет көрсетуден шығарудың тәртiбi 33. Үйде қызмет көрсетуге заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге мiндеттi кәмелетке толған, еңбекке қабiлеттi жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ақ шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтiммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгi, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркiнен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елдi мекенде тұратын) туыстары бар жалғызiлiктi адамдар қабылданады.
34. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi, қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар (бұдан әрi - ҰОС мүгедектерi, қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар) үйде қызмет көрсетуге бiрiншi кезектегi тәртiппен қабылданады.
35. Үйде қызмет көрсетуге мұқтаж ерлi-зайыпты адамдар жеке адамдар ретiнде есептеледi.
36. Үйде қызмет көрсетуге жiберудi ведомстволық бағыныстылығына қарай жергiлiктi атқарушы орган немесе халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
37. Үйде қызмет көрсетуге қабылдауды уәкiлеттi орган мынадай құжаттардың:
1) өтiнiш (осы Үлгiлiк Ережеге 1-қосымша);
2) жеке куәлiгi;
3) тұратын жерiнен анықтамасы;
4) медициналық картасы (осы Үлгiлiк Ережеге 2-қосымша);
5) материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп тексеру актiсi (осы Үлгiлiк Ережеге 3-қосымша);
6) зейнеткерлiк куәлiгi (зейнеткерлiк жастағылар үшiн);
7) ҰОС мүгедектерi, қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамның мәртебесiн растайтын куәлiгi (ҰОС мүгедектерi, қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар үшiн);
мүгедектер үшiн бұларға қоса:
8) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме;
9) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме негiзiнде жүзеге асырылады.
38. Шартты бұзу үшiн:
1) қызмет көрсетiлетiн адамның жеке өтiнiшi;
2) әлеуметтiк қызмет көрсетуге қабылдауға қарсы айғақтамалар болған кезде;
3) қызмет көрсетiлетiн адам басқа жерге көшкен кезде;
4) қызмет көрсетiлетiн адамның әлеуметтiк қызметкердi оның адамгершiлiк қасиетiн кемсiтетiн, негiзсiз қорлауы және айыптауы негiз болып табылады.