Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін субъектілерге (бұдан әрі — әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер), өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға таратылады.
3. Осы Стандартта балаларға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, оларды ұсынудың көлемі мен шарттары белгіленген.