«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар санаты



бет145/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар санаты
5. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындарға мыналар жатады:
1) жетiм балалар – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қажет ететін балалар;
3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар — медициналық қорытындымен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала;
4) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тәрбиелеу мекемелері қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
5) девиантты мінез-құлықты балалар — мектепке бармайтын немесе мектепте мінез-құлқында проблемалары бар, алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды теріс пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, қылмыстық әрекетке тартылған немесе бейім, психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық көрген немесе осындай зорлыққа тап болып отырған және осының салдарынан қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндігі жоқ 18 жасқа дейінгі балалар.
6) әлеуметтік қатер тобындағы отбасы — 18 жасқа дейінгі балаларды өсіріп отырған және ең болмағанда ата-анасының біреуі алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, әлеуметтік дағдыларының жоқтығынан балаларын тиісті түрде қадағалауды білмейтін немесе қадағалай алмайтын, оларға психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық жасайтын, алып отырған мемлекеттік қолдауды отбасының мүддесіне жұмсамайтын, осыған байланысты балалардың дене, ақыл-ой, рухани, адамгершілік дамуына қауіп төнген отбасы.
Әлеуметтік қатер тобындағы отбасыға "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балаға уақытша қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген отбасылар да жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет