Ескертпелер:
1. Балалық шақ үйлерiнде қосымша невропатолог дәрiгерi, физиокабинет медбикесi, патронаждық бикесi, емдәмбикесi, аға медбике, емдiк дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбике лауазымының штат бiрлiктерi қосымша енгiзiледi.
2. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тiс дәрiгерi, физиотерапия жөнiндегi медбике және емдiк дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейiн тәрбиеленушiлер болған жағдайда 0,5 штат бiрлiгi және 150 және одан астам тәрбиеленушi болған жағдайда 1 штат бiрлiгi есебiнен белгiленедi.
3. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешiлер лауазымдары штат бiрлiктерiнiң саны (мектепке дейiнгi жастағы балалар топтарында тәрбиешiлердiң көмекшiлерi лауазымдарының штат бiрлiктерi қосымша белгiленедi) тәрбиеленушiлердiң әрбiр тобына (отбасына) тәрбиешiлердiң түнгi уақыттағы кезекшiлiгiн, демалыс, мереке кезеңiндегi ауыстыруды, сондай-ақ апталық жүктеменi және ұйымдағы жұмыс режимiн ескере отырып белгiленедi.
4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру, ойлау қабiлеттерi бұзылған балалар (көру қабiлетi нашарлаған балалардан басқа) болған кезде дефектолог мұғалiм лауазымы есту, сөйлеу, көру, ойлау қабiлетi бұзылған балалардың әрбiр тобына, логопед мұғалiм лауазымы сөйлеу қабiлетi өте нашар (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) 12 баладан тұратын әрбiр топқа немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбiр топқа штат бiрлiгi белгiленедi.
5. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйiрмелiк, еңбек, спорт және емдеу iс-шаралары өткiзiлуiне қарай музыка жетекшiсi, қосымша бiлiм беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөнiндегi нұсқаушы лауазымдарының штат бiрлiктерi белгiленедi.
6. Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жер учаскесi мен қосалқы шаруашылығы болған кезде бейiн бойынша мамандардың штат бiрлiктерi (агроном, зоотехник және мал дәрігері) қосымша енгiзiледi.
7. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы бiлiм беретiн мектеп, балалар үйiнен шеткерi орналасқан өзiнiң демалыс аймағы болған жағдайда қосымша штат бiрлiктерi тиiстi бiлiм беру ұйымдарының үлгi штаттарына сәйкес белгiленедi.
3. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсететін арнаулы ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы
Штат бiрлiктерiнiң саны
Басшы
1
Психиатр-дәрiгер
1
Невропатолог-дәрiгер
1
Сурдолог-дәрiгер
1
Офтальмолог-дәрiгер
1
Педагог-психолог
1
Логопед-мұғалiм
1
Дефектолог-мұғалiм
1
Сурдопедагог
1
Тифлопедагог
1
Медициналық статист
1
Бухгалтер
1
Ескертпе: 1. Медицина саласының басқа мамандары кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарына жұмысқа 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
4. Арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
Лауазымдардың
атауы
Тәрбиеленушiлердің топтар санына қарай штат бiрлiктерінің саны
10-ға дейін
10-15
16 және одан да көп
Директор
1
1
1
Директордың оқу жұмысы жөнiндегi орынбасары
1
1
1
Директордың тәрбие
жұмысы жөнiндегi орынбасары
1
1
1
Директордың шаруашылық жұмысы жөнiндегi орынбасары
Ескертпелер: 1. Бас кезекшілер мен режим бойынша кезекшілердің саны оқушылар санының 10 пайыз есебiнен белгiленедi.
Бас тәрбиеші лауазымы әрбір төрт сыныпқа (тәрбиелеу топтарына) белгіленеді.
Еңбек шеберінің немесе өндірістік оқыту шеберінің жоғары немесе орта кәсіптік білімі және тиісті кәсібі бойынша жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
Еңбек шеберінің немесе өндірістік оқыту шеберінің штаттық бірлігі балалардың жас шамасы мен дене дамуын ескере отырып, 2-ден 4 сағатқа дейінгі шекте 8-10 оқушыдан тұратын сынып комплектісіне бір бiрлiк есебiнен есебінен белгіленеді.
20 және одан көп жұмыс iстеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және комбайндар) болған кезде механик лауазымының штат бiрлiгi енгiзiледi.
Тәрбиешілер лауазымы бірлігінің штаттық саны түнгі кездегі кезекшілікті, демалыс, мереке күндері және еңбек демалысы кезеңінде, сондай-ақ апталық жүктемені және арнайы білім беру ұйымындағы жұмыс режимін ескере отырып, тәрбиешілер тобының әрбіріне бекітіледі.
Штат бiрлiктерiн белгiлеген кезде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тiзiмдiк құрамдағы саны негiзге алынады.
Білім саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартына 2-қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
Ескертпе: Білім беру ұйымдарының басшыларына сән мен тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып, осы тізбеге жекелеген өзгерістер енгізу құқығы беріледі.
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа) мүгедек балаларды және мiнез-құлқы ауытқымалы балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды арнаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың балаларын және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернат ұйымдарында тәрбиеленетiн балаларды киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
Атауы
Өлшем бірлігі
Бір тәрбиеленушіге
Саны
Киілу мерзімі
1
2
3
4
Киім-кешек
Қысқы пальто
дана
1
3
Маусымдық пальто, күрте
"
1
3
Мектеп киiмi
жиынтық
1
2
Ер балалардың мақта-матадан тiгiлген костюмi
"
1
2
Қыз балалардың мақта-матадан тiгiлген көйлектерi (белдемелер, жейделер)
дана
4
3
Ер балалардың мақта-матадан тiгiлген сыртқы көйлектерi
Білім саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
3-қосымша
Балалар үйлерiнде және интернат ұйымдарында тәрбиеленуші балалар, орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерінде оқитын балалар, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының студенттерi, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарындағы балалар үшiн тамақтандыру нормалары
Ескертпелер: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi, мереке күндерi, каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстардың нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Негiзгi тағам өнiмдерi бойынша азық-түлікті ауыстыру кестесiне сәйкес жекелеген тамақ өнiмдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
3. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан балалар үйлерi мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерiн бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарына оқуға түсуге жiберген кезде оларға балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарды ұстауға бөлiнетiн қаражаттың есебiнен жолда болу уақытына қызметтiк iссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәулiктік шығыстары төленедi. Бұл ретте осы тәрбиеленушiлер үшiн тамақтандыруға арналған белгiленген шығыстар жүргiзiлмейдi.
4. Барлық үлгiдегi балалар үйлерiнің, интернаттық ұйымдардың басшыларына жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндерi, жексенбi, мереке күндерi туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру мөлшерiне сәйкес азық-түлiк немесе тағамның құны шегiнде қолма-қол ақша беруге рұқсат етiледi.
5. Даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) оқушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күнiне бiр оқушыға арналған тағам құнының 75 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.