«Қолданбалы ғылымдар»


-ші дәріс Тақырып: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы



бет149/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

15-ші дәріс


Тақырып: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы


Мақсат: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасымен танысу.
Жоспар:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасымен танысу.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды.


2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттауға (бұдан әрi – аттестаттау) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жүргізетін, бекітілген талаптарға сәйкес қажетті біліктілікке ие әлеуметтiк қызметкерлер (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкерлер) жатады.
3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың негiзгi мақсаты:
1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдiстердi игерген жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына, оның ішінде тиісті санатты белгілеу немесе жоғарылату үшін сәйкестік деңгейін анықтау;
3) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін әлеуметтік қызметкер қызметінің уәждемелік аясын кеңейту болып табылады.
4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.
5. Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкердің құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау мақсатында бес жылда кемiнде бiр рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткiзiледi, бұл ретте бала күтiмi бойынша демалыста жүрген әлеуметтiк қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.
6. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, атқаратын лауазымы бойынша санатын белгілеу немесе жоғарылату мақсатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкердің өтініші негізінде мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді. Оның қорытындысы бойынша «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7442 болып тiркелген) көрсетілген бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.
7. Қазақстан Республикасының шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымға жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде әлеуметтік қызметкердің аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.
8. Аттестаттау:
1) тестiлеудi;
2) әңгiме жүргiзудi;
3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешiмiн шығаруды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет