Фалес (б.з.д.611-545 ж.ж. шамасы, "Бастама туралы", "Күн туралы", "Күн мен түннің теңесуі туралы", "Теңіз астрологиясы" т.б. еңбектері бар, бірақ біздің кезге дейін жетпеген ) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікір ұсынады. Су, оның ойынша, барлық заттардың, барлық құбылыстардың негізі. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты. - Фалес (б.з.д.611-545 ж.ж. шамасы, "Бастама туралы", "Күн туралы", "Күн мен түннің теңесуі туралы", "Теңіз астрологиясы" т.б. еңбектері бар, бірақ біздің кезге дейін жетпеген ) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікір ұсынады. Су, оның ойынша, барлық заттардың, барлық құбылыстардың негізі. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Фалестің философиялық афоризмдері - Бәрінен жүйрік – ақыл, өйткені ол бәрінен озады.
- Бәріне күшті – Қажеттілік, өйткені ол бәріне билігін жүргізеді.
- Бәрінен данышпан – Уақыт, өйткені ол бәрінің сырын ашады.
- Бәріне ортақ –Үміт, өйткені ештеңесі жоқ адамның өзінде үміт бар.
- Не қиын? – Өзіңді-өзің тану қиын.
- Не оңай? – Өзгеге ақыл айту оңай.
- Кім бақытты? – тәні сау, жаны сезімтал болып, бойындағы барды дамыта білсе, сол бақытты.
- Ата-анаңа не көрсетсең, балаңнан соны күт.
- Жақсылыққа үйрет, өзің де үйрен.
- Надандықтан өткен сорақылық жоқ.
- Ел билеу үшін әуелі өзіңді билеп ал.
- Ең дұрыс нәрсе не? – Табиғатпен үндестік, мөлшермен іс қылу, өйткені кейде артық рахаттың өзі де мезі қылады.
- Тәннің ләззаты – саулығында, Жанның ләззаты – білімінде.
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грекиядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген.
Достарыңызбен бөлісу: |