Жаман істегенше, істің шағын бөлігін келістіріп орындаған артық.
Платон – менің досым, алайда ақиқат одан қымбат.
Достарын бағалып, оны сүйетін адамдарды бағалаңыздар.
Ерлік – аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.
Данышпандар ызаланса білімін сапырады, ақымақтар ызаланса ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады.
Жолдан тайған жақсыдан өткен жаман болмайды.
Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде.
Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.
Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы.
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Антикалық дегеніміз – аспан әлемдегі жарық жұлдыздарды тамашалау
(А.Лосев).
Сөз, Метифис, Афина қирауы мүмкін – бірақ дүние туралы сана қолдан-қолға өтіп аман қалады және оның даңқы тек арта бермек (П.Т. де Шарден).
Стоиктер қарама-қайшылықты жақсы көретіндер және ойлап табатындар