Ашуды ауыздықтау қиын: ырқына көнгенің – ажалыңнан бұрын өлгенің.
Даналықтың жалғыз-ақ мәні – барлық жерде бәрі мойындайтын дәйекті ойды танып-білу.
Көп нәрсенің сырына жетіктер ғана философиямен айналыссын.
Ой-сана – адамзаттың ұлы жетістігі, даналықтың мәні – ақиқатты айту һәм табиғаттың үніне құлақ түріп, соған сәйкес әрекет ету.
Маңызды мәселеде шалағай тұжырым жасама.
Нәпсіні тыю – ашуды жеңуден де қиын
Пифагор (б.з.д 580-500 жж шамасы). Оның пікірінше, барлық заттардың, ғарыштың мәні-олардың санында, сандық қатынасында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: «Пифагор тек қана математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын – сандарды жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың арақатынастарын, олардың арасындағы прапорцияны әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар – барлық заттардың, Ғарыштың негізі.
Пифогордың философиялық афоризмдері:
Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.