Қолданылуы


Радиоактивтілік, изотоптар, олардың медицина мен фармацияда



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.04.2022
өлшемі221,84 Kb.
#137787
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Химия

Радиоактивтілік, изотоптар, олардың медицина мен фармацияда 
қолданылуы. 
 
Таңбаланған атомдар. Қазіргі уақытта әр түрлі химиялық элементтердің 
радиоактивті изотоптарын ғылымда да, өндіріс те де қолданудың маңызы 
артып келеді. Әсіресе, таңбаланған атомдар методының маңызы зор. Бұл 
метод радиоактивті изо-топтардың химиялық қасиеттерінің сол химиялық 
элементтердің радиоактивті емес изотоптарының қасиеттерінен 
айырмашылығы болмайтындығына ңегізделген. 
Радиоактивті изотоптарды олардың сәуле шығаруына қарай өте оңай 
байқауға болады. Радиоактивтік — түрліше химиялық реакциялар мен 
заттардың физикалық түрленуіндегі элементтерді қадағалаудағы таңба 
сияқты. Таңбаланған атомдар методы биологиянын, физиологияның, 
медицинаның т.б. көптеген мәселелерін шешудегі ен. бір пәрмендісі 
болып алды. Оның жәрдемімен басқа методтармен шешуге мүмкін 
болмайтын көптеген мәселелер айқындалды. 
Радиоактивті изотоптар — сәуле шығарушы көздер.
Радио-активтігі изотоптар ғылымда, медицинада және техникада зор 
энергия шығаратын шағын көздер ретінде кең түрде қолданылады. Негізгі 
қолданылатыны — радиоактивті колбальт 27 Со, сондай-ақ ү-сәулелер көзі 
ретінде басқа изотоптар да пайдаланылады. 


Радиоактивті изотоптар шығарып алу. Радиоактивті изотоптар атомдық 
реакторларда және элементар бөлшектер үдеткіштерінде дайындалады. 
Қазіргі кезде өнеркәсіптің үлкен саласы изотоптар өндірумен 
шұғылданады. Бүкіл атомдық индустрияда адамзат үшін ең бағалысы, сірә 
радиоактивті изотоптарды шығарып алу және пайдалану болар. 
Биология мен медицинадағы радиоактивті изотоптар. Таңбаланған 
атомдар жәрдемімен жүргізілген теңдесі жоқ зерттеулердің бірі — 
организмдегі зат алмасуын зерттеу. Аз уақыттың ішінде организм түгел 
жаңарып отыратындығы дәлелденген. Оны құрастыратын атомдар 
жаңаларымен алмастырылған. 
Қанды изотоптық зерттеу жөнінен жасаған тәжірибелер көрсеткендей, бұл 
ережеге тек темір ғана барынбайды. Темір гемоглобиннің қызыл қан 
түйіршіктерінің құрамына енеді. Тамаққа темірдің Ғе изотопты 
атомдарын ендіргенде олардың қанға мүлдем косылмайтындығы 
байқалған. Тек организмдегі темір қоры таусыла бастағанда ғана организм 
темірді сіңіре бастайды.Мәсалы; оттегі мен азоттыкіндей жеткілікті ұзақ 
өмір сүретін радиоактивті изотоп болмаған жағдайда, тұрақты 
элементтердің изотоптық құражын өзгертеді. Мысалы, оттегі O изотопын 
біртіндеп қосу арқылы, фотосинтез кезінде бөлініп шығатын, еркін оттегі 
алғашында көмір қышқыл газдың емес, судың құрамына енгендігі 
анықталған.Радиоактивті изотоптар медицинада диагноз қою үшін де, 
терапевтік мақсаттар үшін де қолданылады.Аз мөлшерде қанға енгізілетін 
радиоактивті натрий қан айналысын зерттеу үшін пайдаланылады.Иод 
қалқанды безде, әсіресе базед ауруына ұшыраған кезде бөлінеді. 
Счетчиктің жәрдемімен радиоактивті иодтың жиналуына қарап, диагнозды 
жылдам қоюға болады. Радиоактивті иодтың көптеген дозасы аномальды 
дамитын тканьніқ біршама ыдырауын туғызады, сондықтан базед ауруын 
емдеу үшін радиоактивті изотоп пайдаланылады.Қобальттың интенсивті 
үсәуле шығаруы түрліше рак ауру-ларын емдеуге пайдаланылады (кобальт 
зеңбірегі). 
Өнеркәсіптегі радиоактивті изотоптар.
Радиоактивті изотоптардың өнеркәсіпте пайдаланылуы бұдан кем емес. 
Бұған бір мысал ретінде іштен жанатын двигательдердегі поршеньдік 
сақиналардың тозуын анықтау тәсілін келтіруге болады. Поршеньдік 
сақинаны нейтрондармен сәулелеу арқылы ядролық реакциялар туғызып, 
оны радиоактивті етеді. 
Двигатель жұмыс істегенде сақина бөлшектері жағар майға түседі. 
Двигательдің белгілі бір жұмыс уақыты өткендегі майдың радиоактивтігін 
зерттеп, сақинаның, тозуын анықтайды. 


Радиоактивті изотоптар домна пештеріндегі процестер, металл 
диффузиясы т.б. жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді. Радиоактивті 
препараттың қуатты сәуле шығаруы металл құймаларының ішкі 
құрылымын зерттеуде ақауларды байқау үшін пайдаланылады. 
Ауыл шаруашылығындағы радиоактивті изотоптар 
Радиоактивті изотоптар ауыл шаруашылығында біртіндеп кең түрде 
қолдану тауып келеді. Радиоактивті препараттардық үсәулеле-рінің 
аздаған дозаларымен сәулелендірілген өсімдік ұрықтары (мақта, капуста т. 
б.) өнімді айтарлықтай жоғарылатады. 
Радиацияның көп дозасы өсімдіктер мен микроорганизмдерде мутация 
туғызады, бұл жеке жағдайларда жаңа бағалы қасиеттері бар 
мутанттардың пайда болуына (радиоселекция) әсерін тигізеді. Осылайша 
бидайдың, үрме бұршақтын, т. б. дақылдардың бағалы сорттары 
шығарылған, сондай-ақ антибиотиктер өнеркәсібінде пайдаланылатын 
жоғары өнімді микроорганизмдер алынған. Радиоактивті изотоптардың 
үсәулесі, сондай-ақ зиянды насекомдарға қарсы күресте және тамақ 
продуктыларын консервілеу үшін пайдаланылады. 
Таңбаланған атомдар агротехникада кең қолданыс тапты. Мысалы, өсімдік 
фосфор тыңайтқыштарының қайсысын жақсы сіңіретінін анықтау үшін әр 
түрлі тыңатқыштарды радиоактивті фосформен тақбалайды. Сонан соң 
өсімдіктің радиоактивтігін зерттеп, тыңайтқыштың әр түрлі сорттарының 
ішінен олар сіңірген фосфордың мөлшерін анықтауға болады. 
Бір ғана элементтің әртүрлі изотоптарына тән атомдар өздерінің ядросына 
кіретін нейтрондарсаны жағынан, ядролық қасиеттері тұрғысынан бір-
бірінен анық өзгешеленеді, алайда олар, электронды қабаттары 
құрылысының бірдей болуына байланысты, бір-біріне өте ұқсас химиялық 
қасиеттерді иемденеді. Химиялық элементтердің көпшілігі атомдық 
салмақтары әр түрлі изотоп қоспасынан тұрады. Изотоптардың өмір сүру 
кезеңі секундтың мыңнан бір бөлігінен бірнеше миллион жылдарға дейін 
созылады. Бүгінгі танда 264 тұрақты изотоптар, 50 шамалы табиғи 
радиоактивті изотоптар және 1000-нан астам жасанды радиоактивті 
изотоптар белгілі.
Радиоактивтiк құбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты 
маңызды жаңалықтардың ашылуына себепшi болды. Көптеген 
радиоактивтiк түрленулердi бақылау нәтижесінде радиоактивтiк 
қасиеттерi мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше тәсiлдермен ыдырайтын), бiрақ 
өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар заттар бар екенi 
анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды ажырату 
ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық 


қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен 
ұксамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай 
элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiніңбiр тор көзiне орналастыру 
керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде 
бiрдей орын алатындар) деп атады. 
Бiр жылдан соң Дж.Дж. Томсон электр және магнит өрiсiндегi ауытқу 
тәсiлiмен неониондарының массасына дәл өлшеулер жүргiзген кезде 
Соддидiң болжамы ойдағыдай дәлелденiп, оған терең түсiнiктеме берiлдi. 
Томсон неон атомдардың екi түрiнiң қоспасы екенiн байқады. Олардың 
басым көпшiлiгiнiң салыстырмалы атомдық массасы 20-ға тең. Бiрақ 
салыстырмалы атомдық массасы 22-ге тең аздаған атомдар қоспасы да 
бар. Осының нәтижесiнде қоспаның салыстырмалы атомдық массасы 20,2-
ге тең. Бiрдей химиялық қасиеттерi бар атомдардың массаларында 
айырмашылық байқалады. Неонның екi түрiнiң де Менделеев кестесiнде 
бiрдей орын алатындығы анық, ендеше, олар изотоптар болып табылады. 
Сонымен, изотоптардың тек өздерiнiң радиоактивтiк қасиеттерi жағынан 
ғана емес, массасы жағынан да айырмашылығы болады екен. Сонымен 
бiрге соңғы жағдай басымырақ рөл атқарады. Изотоптарда атом 
ядроларының зарядтары бiрдей болады. Сондықтан атом 
қабықшаларындағы электрондар саны, демек, изотоптардың химиялық 
қасиеттерi бiрдей. Бiрақ ядроның массалары әр түрлi. Сонымен қатар, 
ядролар радиоактивтi де, тұрақты да бола алады. Радиоактивтi изотоптар 
қасиеттерiнiң түрлiше болуы олардың ядроларының массалары әр түрлi 
болуына байланысты. 


Қолданылған Әдебиеттер: 
https://q.topreferat.com.kz/search
 
 
https://stud.kz/prezentatsiya/id/35973
 
 
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%B7%D0%BE%D1%82%
D0%BE%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет