Дөңгелек пронатор ( pronator teres)
бет 4/18 Дата 18.10.2022 өлшемі 8,78 Mb. #153597
Дөңгелек пронатор ( pronator teres) Беткқабаттық жуан ей және ең қысқа бұлшықеті. Басталуы: Тоқпан жіліктің медиалді айдаршық үстілгі, иық шандырының медиалді бұлшықетаралық қалқасы шынтақ сүйегінің тәждік өсіндісі. Бекітілуі: Кәрі жіліктің ортанғы үштен бірінің сыртқы және латералді беті екі басы болуы мүмкін (иық және кәрі жілік). Қызыметі: Білекті пронациялайды және оның бүгілуіне қатысады. Білезіктің кәрі жіліктік бүккіш бұлшықеті (m. flexor carpi radialis) Қауырсынды жалпақ ұзын бұлшықет.Білектің барлық бүккіштерінен ең латералді орналасқан. Басталуы: Тоқпан жіліктің медиалді айдаршығы иық шандырының медиалді бұлшықетаралық қалқасы бәлек шандыры. Бекітілуі: II алақан сүйегінің негізі. Қызыметі: Қолбасын бүгеді және жарылай пронациалайды (төменге бұрады). Ұзын алақан бұлшықеті(m. palmaris longus) Қысқа ұршықтәрізді қарыншасы мен ұзын сіңірі бар. Білезіктің кәріжіліктік бүккішінен ішке қарай орналасқан. Басталуы: Тоқпан жіліктің медиалді айдаршықүстілігі, иық шандырының медиалді бұлшықетаралық табақшасы біліек шандыры. Бекітілуі: Алақан апеноврозына. Қызыметі: Алақан апеноврозын күшейтеді, қолбасының бүгілуіне қатысады. Саусақтардың беткей бүккіші (m. flexor digitorum superficialis) Жалпақ жоғарыда аталған бұлшықеттермен алдынан жабылған , екі басы бар. Басталуы: Иықшынтақтықбасы – тоқпан жіліктің медиалді айдаршықүсті, шынтақ сүйегінің тәждік өсіндісі , кәріжіліктік басы – кәрі жіліктің алақандық бетінің проксималді бөлімі кейін екі басы да жалпы бұлшықеттік қарыншада қосылып төрт ұзын сіңірлермен аяқталады. Бекітілуі: әрдір сіңір екі аяқшасымен қол басының II – IV саусағының ортаңғы бунақтарының негізіне. Қызыметі: II – V саусақтарды ортанғы бунақтарын бүгеді. Білезіктің шынтақтық бүккіші (m. flexor carpi ulnaris) Білектің медиалді бетін алып жатыр , екі басы бар. Басталуы: Иық басы – тоқпан жіліктің медиалді айдаршықүстілік, иық шандырының медиалді бұлшықетаралық табақшасы білек шандыры. Шынтақтық басының жоғары үштен екісі және шынтақтың өсіндісі біоек шандырына. Бекітілуі: Білезіктің бұлшықетәрізді сүйегі будалардың бір бөлігі байлам арқылы ілмектәрізді және алақан сүйегіне. Қызыметі: Қол басын және оның әкелуіне қатысады.
Алдыңғы топ
Терең қабат
Саусақтардың терең бүккіші
Шаршы пронатор
Басбармақтың ұзын бүккіші
Достарыңызбен бөлісу: