Басталуы: Көлденең бас – IV алақан сүйегінің алақандық бетінен және II мен IV алақан сүйектерінің бастарыннан, қиғаш басы – басты сүйектен алақанның сәулелі байламынан, II және III алақан сүйектерінің алақандық бетінен.
Бекітілуі: Бас бармақтың проксималді бунағының негізі медиалді дәнтәрізді сүйек алақан бунақтық буынның буын қапшығы.
Қызыметі: Бас бармақты әкеледі оның проксималді бунағының бүгілуіне қатысады.
Медиалды топ Қысқа алақандық бұлшықет ( m. palmaris brevis)
Адамда аз сақталған тері бұлшықеттерінің бірі.
Басталуы: Алақандық апоневроздың ішкі жиегі білезіктің байламдық аппараты.
Бекітілуі: Қол басының медиалді жиегінің терісіне .
Қызыметі: Алақандық апоневрозды кереді шынашақ төбесі аймағындағы тері шұңқыршаларынтұзеді.
Шынашақты әкететін бұлшықет ( m. abductor digiti minimi)
Бұл топтағы бұлшықеттер ішінен ең медиалді жағдайды алып жатады тері астында орналасады.