ӨЛЕҢ ОҚУ Өнер-білім бар жұрттар



Дата13.11.2019
өлшемі337,06 Kb.
#51690
Байланысты:
11 сабак

ӨЛЕҢ ОҚУ


Өнер-білім бар жұрттар

Өнер-білім бар жұрттар   Тастан сарай салғызды;  Айшылық алыс жерлерден,  Көзіңді ашып-жұмғанша,  Жылдам хабар алғызды.  Аты жоқ құр арбаны  Мың шақырым жерлерге,  Күн жарымда барғызды.  Адамды құстай ұшырды;  Мал істейтін жұмысты  От пен суға түсірді;  Отынсыз тамақ пісірді,  Сусыздан сусын ішірді.  Теңізде жүзді балықтай,  Дүниені кезді жалықпай, 

Білгендерге осылар  Бәрі-дағы анықтай, Білмегенге танықтай;

Біз де бекер жатпалық,  Осыларға таныспай;  Ат өнері білінбес  Бәйгеге түсіп жарыспай;  Желкілдеп шыққан көк шөптей  Жаңа өспірім достарым,  Қатарың кетті-ау алысқа-ай,  Ұмтылыңыз, қалыспай.  Біз надан боп өсірдік  Иектегі сақалды.  Өнер – жігіт көркі деп  Ескермедік мақалды...  Біз болмасақ  сіз барсыз,  Үміт еткен достарым,  Сіздерге бердім батамды.

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

  • Өлең не туралы деп ойлайсың?
  • Өлеңде қиял бар ма?
  • Өлеңдегі ақын қиялы қазіргі өмірде шындыққа айналды ма? Оны неден көре аламыз?
  • Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды тауып көріңіз.
  • Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.

Жалғау (окончание).  Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар: көптік, тәуелдік, жіктік, септік 

Жалғаулардың орналасу тәртібі (порядок присоединения окончаний):

  • Сөз+көптік+тәуелдік+септік
  • Бала+лар+ым+ның
  • Сөз +тәуелдік+септік
  • Бала+м+ның
  • Сөз+жіктік+көптік
  • Бала+сың+дар

Бекіту тапсырмалары

  • 1 тапсырма
  • «Ұстаз» сөзін жіктеңдер
  • 2 тапсырма
  • «Өлең» сөзін тәуелдеңдер.
  • 3 тапсырма
  • «Ғұлама» сөзін септеңдер
  • 4 тапсырма
  • Осы сөздерге көптік жалғауын жалған үш сөйлем құрастырыңдар.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет