85
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
Б.А.Ердембеков, Б.Ісбек, Ж.И.Сатбай
ескермедім» деген өлеңдері Ғабдырахим
деген баласы Түмендегі реальный училищеде
Мағауияны Семейдегі городскийде оқытып
жүргенде айтқан. «Интернатта оқып жүр,
талай қазақ баласы» деген өлеңді сол кезде
айтса керек деп жазады. «Біреуден біреу
артылса» деген өлеңді сол жылы бізге музыка
үйретемін деп Мұқа деген скрипкашыны
әкеліп, әм Әсет деген ақынды да сақтаған.
Әсет терісі тар, ызақор, кісімсіген адам еді,
соған арнап жазған. «Білімдіден шыққан
сөз» деген өлеңді де осының ретінде айтып
кеткен. «Бай сейілді» деген өлеңді ел билеген
болыстарға наразы ғып айтқан екен. Көбінесе
өлеңді қысты күні жазушы еді. «Бойы бұлғаң,
сөзі жылмаң» деген өлеңді 92 жылы Оспан
өткен жылы қыстауға қонғанда жазып еді. Бұл
өлеңнің аяғы «Кешегі Оспан бір бөлек жан»
деген өлең» [7, 51].
Адам мен табиғат, тіршілік аясындағы өмір
қашанда келелі тақырып болып қала бермек.
Осы
байланыс-бірлікті
шығармаларына
арқау еткен сөз зергерлері, ойшылдар,
ғалым-зерттеушілер қай халықта да аз емес.
Солардың ішінде «көңіл құсы» табиғатпен
ерекше үндесе білген ақын деп Абайды
айтамыз. Ол табиғатты жырлағанда жалаң
алмай, адамның ішкі дүниесімен астастырып,
болмыстың
сырларымен
салыстырып
суреттеген.
Абай өзі жазған көп өлеңдерін бірнеше
жыл бойы Көкбай Жанатайұлының атынан
таратқаны мәлім. Көкбайдың есімі Абай
өлеңдері арқылы 1889 жылы баспасөзде мәлім
бола бастайды. 1889 жылы «Дала уалаятының
газетінің» №7 санында Абайдың «Жаз» деген
өлеңі Көкбайдың атынан шыққан. «Жазды
күні шілде болғанда» Абайдың 1886 жылы
жазылған өлеңі. Өлең 1909 жылғы кітапта
басылған. Турағұл естелігінде осы өлеңнің
шығу тарихы туралы былай дейді: «Жазды
күні шілде болғанда» деген өлеңі 1886 жылы
Бақанас деген өзеннің төменгі жағындағы
керей жері Көкбейіт деген қонысқа өзінің
ауылы қонып жатқандағысын көріп айтқаны»
[8, 65 ]. Көкбайдың естелігінде: «Ауыл
Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерде
қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан
ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен
біраз өлең қылып едім, жақтырмады да өзі
жазбақшы болды. Сөйтсем сол күні «Жазды
күн шілде болғанданы» жазған екен, оқып
берді», – дейді [9, 94]. Демек, Абайдың «Жаз»
өлеңі 1886 жылы Бақанас өзен бойындағы
Көпбейіт деген жерде жазылғаны анық. Абай
өлеңде өз ауылын суреттейді. Айқайшы шалы
сол жылы Абай ауылымен көрші отырған
Әнет Бармақ шал. Құс салып жүргендер, ақын
балалары: Ақылбай мен Әбдірахман.
«Қыс» («Ақ киімді денелі, ақ сақалды»)
өлеңінің шығу тарихына байланысты деректер
келтірсек. Турағұл естелігінде өлеңнің шығу
тарихы туралы былай делінген: «Ақ киімді
денелі, ақ сақалды», - деп қысты өлең қылғаны
сол 1884-ші жылы қыс қатты болып, елі
жұтаған. Қар апрельдің басында кеткен сонда
айтыпты [8, 72]. М.Әуезовтің «Абай жолы»
роман-эпопеясында сол жылғы уақиға былай
суреттеген: «Осындай боп айықпас бораннан
да бетер қатты кәр ғып жүрген кезінде ақ
боранның ішінен шапқылап кеп шыққан екі
көк ат көрінді. Қылаң аттар боран ішінде дәл
жасырынып келгендей бопты» [10, 124].
Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де,
ең алдымен оның шындық бейнесін береді.
Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің
қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз
алдыңда тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: