Өлеңдерінің шығу тарихын зерделеу



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата04.10.2022
өлшемі462,93 Kb.
#151615
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
history-of-abays-poems-2

Қорытынды
Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ 
әдебиеттану ғылымының туу, ояну, даму 
кезеңдерінде жан-жақты, ғылыми тұрғыда 
зерттеле бастады. Ақын шығармашылығы, 
өмір жолы өзінің зерттелу, насихатталуы 
жағынан ұлт әдебиетінде жетекші орын алады. 
Қазіргі таңдағы оқырман қауымға ұсынылып 
отырған 
Абайдың 
жинақтарындағы 
өлеңдерге берілген түсініктемелер ауқымды 
толықтыруларды қажет етеді.
Абайдағы арнау өлеңдер, әсіресе, ақын 
өмір сүрген әлеуметтік орта мен сол 
дәуірдің саяси-әлеуметтік оқиғаларын, заман 
шындығын танып білуде аса терең ғылыми 
мәні бар туындылар тобына жатады. Абай 
дүниетанымын білуде, көзқарасын тануда бұл 
арнау өлеңдердің мән-мағынасы зор, жөні 
бөлек. Осы ерекшелікті ерте таныған Мұхтар 
Әуезов ақын жазған арнау өлеңдерді түгел 
жинап, олардың кімдерге, қандай жағдайда 
жазылғанын анықтауға ерекше күш салды. 
Арнау өлеңдер Мүрсейіт қолжазбасында 
біршама қамтылса да, олардың жазылу 
мерзімі мен кімдерге арналғаны атап 
көрсетілген емес.
Абай 
поэзиясында 
табиғат 
құбылыстарының 
алар 
орны 
ерекше. 
Күнделікті өмір мен адамдардың күнкөрісі, іс-
әрекеттері Абайдың көңіл-күйімен байланыста 
екенін жылдың төрт мезгілін суреттеген 
туындыларынан да байқаймыз. Сонымен қатар 
Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы 
тақырыбындағы өлеңдерінің жазылу тарихын, 
жан-жақты талдау, арнау өлеңдері арналған 
адамның Абайға қандай қатысы барын білу 
– абайтанудағы өзекті мәселелердің бірі. 
Ақынның табиғат лирикаларында «Қылышын 
сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған 
жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт 
мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына 
жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай 
етіп суреттелінеді. Жалпы ақын өлеңдерінің 
шығу тарихы туралы деректерді жинастырып, 
зерттеу – Абай мұрасының, оның ішінде 
өлеңдерінің талдануының баспалдағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет