Өлеңдерінің шығу тарихын зерделеу



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата04.10.2022
өлшемі462,93 Kb.
#151615
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
history-of-abays-poems-2

Нәтижелер
«Абай» журналының 1992 жылғы №3 
санында жарияланған «Дала уалаятының 
газетінде» 
басылған 
«Абай 
өлеңдері» 
атты мақаласында көрнекті мұратанушы 
Ү.Сұбханбердина былай дейді: «Күлембай 
Бозамбайұлы дәулетті, пысық атқа мінердің 
бірі болған. Абаймен жасы құрдас. 1888 жылы 
сайлауға түсіп, болыстыққа өтеді. Билікке 
қолы жеткенмен өзінен зор байларды уысына 
сыйғыза алмайды. Абай соны сынап жазған» 
[13]. Осы өлең тек қана Күлембайға ғана емес, 
сол кездегі халық мүддесінен гөрі өзінің жеке 
басының жайын көбірек ойлайтын, бұқара 
халықты зар қақсатқан барлық табаны тайғақ 
болыстарға арналғаны тарихи шындық.
«Мәз болады болысың» өлеңінің тарихы 
мен сол кездегі патша үкіметінің саясаты 
жайлы деректер Турағұлдың естеліктерінде 
былай түсіндірген: «1890 жылы Семейге 
барон Таубе деген генерал-губернатор келіп, 
бірсыпыра болыстарға, билерге шекпен, 
қылыш сыйлаған, сондағы шекпен алған 
болыстардың қуанғанына ыза болып жазған» 
[8, 106]. Расында бұл уақиға сол кезде болған.
Еркежанның қолына кіргенін қалжыңға 
айналдырған Қыздардың қылығына ыза 
болған Абай «Қойдан қоңыр, жылқыдан торы 
Бәкең» деп басталатын өлеңін шығарады. 
Бәкең – Қыздардың руы. Ал, осындағы Абай 
мен Қыздар арасындағы оқиғалар «Жұлдыз» 
журналының 1992 жылғы №1 санында 
Н.Алдажаровтың «Абай туралы әңгімелер» 
мақаласында: «…Бәкеңнің әулетінің адалдығы, 
момындығы туралы Абайдың мына өлеңінен 
анық көрініп тұр:
Б.А.Ердембеков, Б.Ісбек, Ж.И.Сатбай


88
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең,
Адалдықта бар елдің зоры Бәкең», - дейді 
[14].
Қыздар Абаймен құрдас. Қыздар әйелі 
Жанбаланы ұзатқалы отырған жерінен алып 
қашқан. Жанбаланың қайындары Абайға 
келгенде, ақын қыздың басына бостандық 
берулерін айтады. Төленген қалың малды 
Қыздардың қайтара алмайтынын біліп өзі 
көмектескен.
«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің» 
деген өлеңді, «Жүрегім, ойбай соқпа енді» 
деген өлеңді, «Ал сенейін, сенейін» деген 
өлеңді, «Жүрегім нені сезесің» деген өлеңді, 
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» деген өлеңді, 
«Қарашада өмір тұр» деген өлеңді, «Жас 
өспірім замандас қапа қылды » деген өлеңді 
– Оспан өліп, бар бейнет басына мезгілсіз, 
ықыласы қайтып қажыған кезінде түсіп, досы 
да, туысқаны да бұлданған, құбылғанын көріп, 
сол 92-ші жыл мен 93-ші жылдың ішінде жазған 
еді деп жазады. «Ата–анаға көз қуаныш» пен 
«Тайға міндік, тойға шаптық» екеуінің шығу 
тарихы бір, егіз өлеңдер және ол өлең 1892 
жылы Оспан өлген соң жаңағыдай жайсыз 
оқиғаға байланысты шыққан. Мұхтар Әуезов 
өзінің «Абайдың өмірі мен ақындығы», «Абай 
Құнанбаев» атты монографияларында мұны 
ашық ажырата баяндаған. «Оспан өлгенде 
өзінің бір баласының атынан айтқаны»,– деп 
түсінік беруі де сондықтан.
М. Әуезов арнау өлеңдер табиғатын 
терең тани отырып, Абай басылымдарында 
қалыптасып үлгерген жаңа атауларды, 
яғни өлең мазмұнына лайықты анықтап, 
тақырыптарын қайта қояды. Бірақ арнау 
өлеңдерге жаңадан қойылған тақырыптардың 
бәрін де міндетті түрде жақшаға алып 
(мысалы, «Әбдірахман өлгенде» деген сияқты) 
отырады.
Қайым Мұхамедханов «Абайдың бір 
өлеңі» мақаласы – «Қазақ әдебиеті» газетінің 
1986 жылғы 17 қаңтардағы санында жарық 
көрген. Абайдың «Көз жұмғанша дүниеден 
иманын айтып кеткені-ай» деп басталатын 40 
жол жоқтау өлеңінің жазылу тарихы жөнінде 
жазылған [15, 333].
Абайдың табиғат лирикасы өз алдына 
бір сала. Табиғат – адам өмір сүріп, тіршілік 
етер орта. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат 
көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы 
өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абайдың 
көптеген өлеңдері арналған және қазақ 
әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін 
мұншалық шебер, мұншалық терең һәм жан-
жақты жырлаған ақын болған емес.
Абайдың 
бұл 
тақырыпта 
жазған 
лирикасында да ақындық эволюциясы – 
шығармашылық түлеу жолының кезең-
кезендері жатыр. Табиғат лирикасдың 
ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын 
өлендер. Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы 
жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал 
баққан шаруаны, баянсыз, көшпелі ауылды, 
ескі қоғамдық қарым-қатынастың кейбір 
күңгірт белгілерін анық, қанық бояумен 
көрсететін, өз дәуірінің айнасы боларлық, 
сұлу шығармалар.
Абай – асқан реалист ақын. Оның табиғат 
жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, 
айы емес, өзі өмір сүрген заман жайы, сол 
заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын 
көрініс табады. Абайдың табиғат лирикасын 
оқығанда оқушының көз алдына сұлап жатқан, 
құлазыған бел-белесті шетсіз, шексіз маң 
даланың жалаң көріністері ғана жайылмайды, 
даладағы өзгеше өмір қайталанбас сыр-
сипатымен тұтас суреттеледі.
Абайдың 
теңдесі 
жоқ 
суретшілік 
қасиетін танытатын туындыларының бірі 
«Жазғытұры». Ақын қазақ даласындағы 
жазғытұрғы кездің барлық суретін толық 
берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке 
жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің 
қайнар көзі деп таниды.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер, - деп, 
жаздың суретін өзі де сүйеді және оны жалпы 
жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін 
туғызатын маусым деп ұғады.
Қазақ халқына аса бір жайдары мезгілді 
масаттана жырлайды. Ауыл-аймақ, шаруасы 
өнген шаруа, еңбектеген бала мен еңкейген 
Абай өлеңдерінің шығу тарихы 


89
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
қартының көңіл күйі, барша тіршілік иесінің 
жайнаған тіршілігін жарқын бояулармен, 
көтеріңкі леппен суреттеген. Табиғат көркін, 
халықтың өмір-тұрмысын еш бояусыз, өз 
қалпында 
шынайылықпен 
бейнелейтін 
өлеңде дүние болмыстың сұлулығына тамсану 
сарыны да күшейе түседі. 
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», 
«Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін 
оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы 
көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары 
жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса 
сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің 
көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз 
түнде жарық ай» деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі, - 
деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа 
тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, 
аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, 
жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, 
гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы 
тұтас бір картина ретінде көз алдыңызға 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет