82
№ 2(135)/2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Филология сериясы
ISSN 2616-678Х еISSN 2663-1288
¹Б.А.
Ердембеков
¹Б. Ісбек*
²Ж.И. Сатбай
¹ Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей, Қазақстан
² Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университі, Ақтөбе, Қазақстан
*Байланыс үшін автор:
berikkhan@mail.ru
ХҒТАР 17.82.00
Абай өлеңдерінің шығу тарихы¹
Аңдатпа.
Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің бас ақыны, ағартушы, ұлт
сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген Абай Құнанбайұлы шығармаларының, оның ішінде
өлеңдерінің шығу тарихын зерделеу. Әрбір өлеңнің қандай оқиғаның үстінде жазылға-
ны, арнау өлеңдерінің кімге арналғаны, ол адамдардың Абай өміріне қатысы, яғни олар-
дың, ақынға қандай жақындығы бары, табиғат лирикасының жазылу тарихы, сол кездегі
оқиғалардың ақын өміріне қаншалықты әсер еткені, оны оқиғаның өлеңдердегі ізі, т.б.
мәліметтердің барлығы толықтыруды, жаңартылуды керек етері даусыз.
Мақалада арнау өлеңдеріндегі әрбір кейіпкердің ақынның өмірінде алатын орны, та-
биғат лирикаларының қай жылы, қай жерде жазылғаны, қай қыстаудың, я жайлаудың
тасы мен ағашын немесе бұлағын суреттегендігі, осы өлеңді жазған уақыттағы ақын-
ның көңіл-күйі, сол шақта Абайдың өмірінде қандай оқиғалар болғандығы талданды.
Сонымен қатар, Абай өмірі туралы естеліктер пайдаланылды.
Түйін сөздер:
Абай шығармалары, арнау өлеңдері, шығу тарихы, табиғат лирикасы.
DOI: 10.32523/2616-678Х-2021-135-2-82-91
Кіріспе
Абай – ақындыққа, өлеңге, сөзге үлкен
талап қоя білген, сол қасиеттерді маңындағы
ақындар бойынан табуға тырысқан аса үлкен
талант иесі. Оның ақындық туралы, өлең-сөз
иелері туралы айтқан өлеңдеріне тоқталып,
әр қырынан зерттеу жүргізген абайтанушы
ғалымдардың еңбектері баршылық. Десек
те, Абай өлеңдері жан-жақты талданып,
әсіресе
теориялық жағынан ішкі қыр-
сырынан түгесіле баға берілгенімен, әр
өлеңінің шығу тарихына жете көңіл бөлінбей
келе жатқандығын мойындау керек. Абай
өлеңдерінің шығу тарихы жайлы деректерді
зерттеп, жинап бастыру – әлі де болса көңіл
бөлуге мұқтаж болып отырған үлкен бір сала.
Абайдың жас шағында шығарған өлеңдері,
көбіне орайы келген жерлерде қалжың сөз
ретінде ауызша айта салуынан, артынан өзі де
ескермей ұмытылып қала берген.
Жасындағы өлеңдерін ақынның өзі
ескермеген соң кезінде басқа кісілер де ескеріп
есінде сақтамаған. Сондықтан ақынның алғаш
жазған өлеңдері тіпті болымсыз, аз ғана.
Сөйтсе де, осы күнге
жеткен бірен-сараң
¹ Мақала ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландырған грант негізінде (№AP08956354) орындалды.
83
№ 2(135)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Philology Series
айтылған өлеңдерінің себептерін қарасақ,
көпшілігі біреуді қалжың қылған мысқыл,
мазақ, күлкі аралас өлеңдер. Бұларының
бәрі де өлең еткен кісінің көзіне қалжыңдап
күліп айтқан сөз сияқты. Абайдың ерте баста
айта бастаған өлеңі осы бағдарда. Оған дәлел
«Кім екен деп келіп ем түйе қуған» өлеңі ел
ішіндегі бір қарияның аузынан жазылып
алынған. Ал шығу тарихы жөнінде алғаш 1933
жылғы толық жинақтың түсінігінде берілген.
Екінші түрлі өлеңдері –
қыз-келіншекке
жастық дағдысымен жазған хат өлеңдер.
Мысалы, 13-14 жасында «Иүзі - рәушән, көзі
- гәуһар» деген өлеңді айтқан. «Әліпби» өлеңі
Абайдың 18-19 жасар шамасында, Семей
медресесінен оқып шығып, еліне қайтып
келгеннен кейін жазылған. Толық жігіттік
шағына жетіп, үлкендікке мойын қоя бастаған
кезінен «Сап-сап, көңілім, caп, көңілім» деген
бір өлеңі табылды. Бұл өлең 25-26 жастарында
жазылған болуы керек.
Абайдың
ақындық
туралы
жазған
өлеңдерін, оның ақындарға арнауынан бөліп
қарау мүмкін емес. «Біреудің кісісі өлсе қаралы
– ол» деген
ақындыққа арналған өлеңінде
Абай өзі ұстаз тұтқан қазақтың ауызға ілінер
деген үш ірі ақынын таңдап алып, өлеңдеріне
сын айтатыны белгілі. Өлеңге қойған талабы
биік Абайдың сынына жарағаны – Бұқар,
Дулат, Шортанбай. Байқасаңыз, бұлар
Абайдың жанына жақын болып, ақындық
өнері жетпегенмен, деңгейлес ақындар. Ендігі
жерде «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел»
деген қағиданы ту еткен ақын қасындағы
шәкірттеріне сынды мейілінше күшейте
түседі.
Абай поэзиясының көлемді бөлігі – арнау
өлеңдер. Жалпы ақынның арнау өлеңдері
– бүгінгі жаңаша
көзқарастар тұрғысынан
жеке тақырып ретінде зерттеуге сұранып
тұрған абайтану саласындағы өзекті мәселенің
бірі. Абайдың бізге белгілі қырыққа тарта
арнау өлеңдері бар. Осы арнаулардың көбі
ащы сынға құрылған. Әрине, Әбдірахманға,
Оспанға арналған жоқтауларын айтпағанда,
тіпті бәрі дерлік – осы аядағы шығармалар.
Ең алғашқылары 1870,1876, 1886 жылдары
жазылған
«Шәріпке»,
«Абралыға»,
«Жақсылыққа», «Рақымшалға», «Қатыны мен
Масақбай», «Күйісбайға», «Дүйсенқұлға»
атты өлеңдері. Ақынның өлең арналған
адамның бәрі – Абайдың жақсы танысы, дос,
пікірлес адамдары.
Ақын шығармаларының
келесі бір бөлігі
табиғат тақырыбына арналған. Табиғат – адам
баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы.
Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу
халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ
әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып
етіп алып, Батыстың классик ақындарының
үлгісімен суреттеу Ы.Алтынсарин мен
Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы
сатыға көтерген – Абай. Абайдың табиғат
лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның
жан дүниесі, ой-сезімі терең бейнеленген.
Абай табиғатты өте шебер суреттеген. Әр
суреттелген
жердің өзіндік ерекшелігін,
сұлулығын таныта білген.
Қай ақынның шығармасы туралы ой айтпақ
бұрын, сол шығарманың шығу тарихына
бойлап алмай, оған толыққанды әдеби талдау
жасау мүмкін емес. Сондықтан, мақалада
Абай шығармашылығының әр кезеңдегі
зерттелу жайы пысықталып, арнау өлеңдері
мен ақын поэзиясында ерекше орын алған
табиғатқа арналған
лирикалық өлеңдерінің
жазылу тарихы талданады.