Қолыңыздағы оқу-әдістемелік құралдың мақсаты студенттің өзіндік жұмысын тиімді жүргізіп, әдеби талдау дағдысын қалыптастыру әрі жетілдіру



бет1/7
Дата07.02.2023
өлшемі93,5 Kb.
#167789
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практикум


КІРІСПЕ

Қолыңыздағы оқу-әдістемелік құралдың мақсаты - студенттің өзіндік жұмысын тиімді жүргізіп, әдеби талдау дағдысын қалыптастыру әрі жетілдіру.


Біз ұсынып отырған жүйе бойынша жұмыс істеген студент өз ізденісі мен белсенді ой еңбегі арқылы курстың негізгі тақырыптарын терең меңгереді. Көркем мәтінді мазмұн мен пішіннің эстетикалық бірлігі, үйлесімі ретінде тұтас талдау тәсілдерін үйреніп қана қоймай, әдебиетке деген құштарлығы оянады.
Оқу жоспарында қазақ халық ауыз әдебиеті пәнінен өзіндік жұмысқа 70 сағат бөлінген. Біз оқу-әдістемелік құралда оқу материалын жеке сабақтарға емес, тақырыптарға топтастырып, әр тақырыпты игеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін көрсетуге тырыстық. Көрсетілген уақыт студенттің білім деңгейі мен өзіндік мүмкіншілігіне орай өзгеруі мүмкін. Әр тақырыпқа сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Бұл сұрақтар мен тапсырмалар бірнеше жылдар көлемінде апробациядан өткен.
Студент сұрақтар мен тапсырмаларды орындау үшін дәптер бастауы қажет. Бұл дәптер межелік бақылау кезінде 7 және 15 апталарда тексеріліп, бағаланған соң қайтарылып беріледі. Емтиханға даярлық барысында, емтихан үстінде пайдалауға рұқсат беріледі.
СӨЖ орындау үшін фольклорлық мәтіндердің міндетті минимумы болу қажет. Пән бағдарламасындағы фольклор туындыларының басым бөлігі С.Садырбаев құрастырған «Қазақ халық ауыз әдебиеті» (Алматы, 1991) хрестоматиясында берілген. Ешбір хрестоматияда міндетті туындылардың толық қамтылмайтыны түсінікті. Сондықтан төмендегі кітаптарды қосымша ұсынып отырмыз. Бірақ пәнді меңгеру үшін бұл жеткіліксіз. Өйткені тәуелсіздік алғаннан бері фольклортану ғылымында, әсіресе, оның текстология саласында фольклорлық мұраларды жариялау, орынсыз қысқарған, түзетілген тұстарын қайта қалпына келтіру ісінде жаңа серпін, іргелі істер бар. Бұл ретте «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдараламасы бойынша жарияланған «Бабалар сөзін» алдымен атаймыз. Сондықтан оқу-әдістемелік құралды әзірлеу барысында аталмыш серияға кеңінен жүгіндік.
Курсты жетік меңгеріп, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау үшін ғылыми-теориялық еңбектермен танысу қажет. Солардың ең бастыларын оқу-әдістемелік құралдың соңында ұсындық.
Тақырыптарды терең, әрі жан-жақты меңгеру үшін Қазақстан тарихынан оқулықтар да қажет. Әр тақырыпқа берілген тапсырмаларды мұқият оқып, тиянақты орындауды ұсынамыз, себебі тапсырмалар бір-бірімен тығыз логикалық бірлікке құрылған.
Қорытындылай айтқанда, қолыңыздағы еңбек студенттің фольклорды халықтың аса бағалы рухани мұрасы, ұлт тарихының көркем көрінісі ретінде бағалай білуге, сүюге жетелейтін әрі пәнді игеру жолындағы ізденістеріне жолбасшы әрі көмекші болады деген сенімдеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет