Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет4/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

І Бөлім
ТАНЫМ


15
ЖОЛ АПАТЫ
1
«Ерекше күн деген осындай 
болады екен ғой!» деп ойлады Карл. 
Таңертең таңғы асын ішіп отырып: 
«Бүгін күн ерекше болады» деген
бүгінгі күннің «болжамын» оқыды. 
Айтқандай-ақ бірнеше уақыттан 
кейін Карл жол апатына душар болады, сәл ғана көңілі 
басқа жаққа ауған еді, алдында келе жатқан автомобильді 
барып соқты. 
«Таңертең не болса соны оқығанды тоқтату керек. 
Бүйткен ерекше күні бар болсын. Бұл нағыз қырсық қой» 
деп ойлады Карл. Соққан автомобилі өте қымбат бола
-
тын, Карл қобалжығаннан ішкі дүниесі тарылғандай 
сезінді өзін. Жетпегені осы еді! Қол-аяғы сіресіп қатып 
қалғандай болды. 
Қымбат автомобильдің есігі ашылып, ішінен ер адам 
шықты. Машинасының шығынын есептеудің орнына ол 
Карлдың машинасының жүргізуші жағына келіп, шамалы 
еңкейді де: 
– Жағдайыңыз жақсы ма? – деп, жабық терезенің ар 
жағындағы Карл естісін деп, дауыстап сұрады. Карл тере
-
зе әйнегін түсірді де:
– Иә, жағдайым жақсы. Кешірім өтінем, ойланып 
кетіппін, – деді.
Ол кісінің ренжіп тұрғаны байқалмайды, керісінше 
жымиып:


17
16
– Мен де ойланғанды жақсы көрем. Зардап шекпе
-
геніңіз жақсы болды. Аса қолайлы жағдайда болмаса да 
танысқаныма қуаныштымын. Мен кез келген жаңа таныс- 
тықты жаңа мүмкіндік деп қабылдаймын, – деді. 
«Өзі біртүрлі кісі екен» деген ой келді Карлға. Әйтсе 
де, оның ашуланбағанын көріп, жеңілдеп қалды. Карл 
оған бажайлай қарап, мені шылжың қылып тұр ма деп 
те ойлады, жоқ, оған ұқсамайды, мейірімді, зиялы адам 
сияқты. Шынайы айтып тұрған болу керек, дауысында 
ашудың зілі жоқ. 
Карл ақырын машинасынан шықты. Ана кісі қолын 
созып:
– Менің атым – Марк – деді. 
– Ал мен Карлмын – деп қолын қысты Карл.
– Жақсы. Қанша шығынға ұшырағанымызды көрейік –
деді ол сонан соң. 
Карл бұл адамның өз машинасына қарамай, алдымен 
бұған келгенін енді ғана түсінді. «Бұнысы қалай?! Менің 
осындай қымбат машинамды соқса, күлімдеп тұрмай, 
қандай зақым келгенін білуге ұмтылар едім ғой» деп 
ойлады Карл. Бұл кісінің әрекеті оны таңдандырды, екеуі 
машинаны көре бастады. 
Жағдай мәз емес еді. Әсіресе Карлдың машинасы
-
ның алдының бәрі майысқан. Тіпті жөндеудің де қажеті 
болмай қалған сияқты, өйткені машинасы өте арзан бола
-
тын. Ал соққан машинаның бамперіне болмашы сызат
-
тар түсіпті, тіпті ешқандай апатқа түспегендей тұр. 
Полиция шақыртылып, хаттама толтырылды. Карл
-
дың машинасы өздігінен жүре алмағандықтан, эвакуация 
жасалды. Карл қобалжи түсті, өйткені ұзақ уақыт маши
-
наға деп ақша жинап, сақтандыру жасауға да мүмкіндігі 
болмаған еді. Нағыз апат енді басталғандай. 
Ер кісі жағдайды өз қолына алды, ал Карл бәріне 
мойынсұнуға дайын еді. «Неге осынша ұқыпсыздық 
таныттым? Неге тап қазір, емтихан сессиясы кезінде 
ұрынуым керек еді?» деп іштей өзін жеп тұрды. 
Бір кезде ол адамның өзіне тесіле қарап тұрғанын 
сезіп, қорғана бастады:
– Мен кешірім сұрадым ғой. Әдейі жасаған жоқпын!
– Бәрі жақсы. Неменеге күйіп-пісіп тұрсың? – деді ол 
кісі. 
– Біз қашан «сенге» көшіп кеткенбіз. Мен мына 
қираған бәлені үш апта бұрын ғана сатып алдым. Оны 
алу үшін ұзақ жұмыс істедім. Ақша керек болғасын кез 
келген жұмыс істеуге тура келді. Ал сіз түкке тұрмай
-
тын нәрседей көріп тұрсыз – деп, өзін әрең ұстаған Карл
ақтала бастады. 
– Мен түкке тұрмайтын нәрсе дегенді айтқан жоқпын. 
Және егер «сенге» көшсек, мен қуанышты болар едім – 
деді ер кісі.
– Жарайды «сен» болса болсын. Мен өзіме жыным 
келіп тұр. 
– Жарайды келістік, – деп ер адам ашусыз қалпында 
сынай қарады. Оны шынында да Карлдың жағдайы маза
-
лап тұрғандай еді. – Байқаймын, өзіңді аса жақсы көрмей
-
тін сияқтысың ғой. Әлде қателесіп тұрмын ба?
– Бос сөз. Оның бұл жерге қандай қатысы бар? – деді 
ашуға булыққан Карл. 
– Адамның заттарына көзқарасынан өзіне деген 
көзқарасын байқауға болады – деп сабырлы қалпында 
жауап берді Марк. 
Карл әлі ештеңе түсіне қойған жоқ, дегенмен Марктің 
өзін ұстауы ұнап тұр, Карлдың ашулы жауап бергеніне 
ренжімеген сияқты. Карл осы туралы ойлап тұрғанда, 
Марк:
– Мен сені түскі асқа шақырамын, – деді. 
– Мен сені жаңа ғана соғып кеттім. Машинаңның 
жағдайы жақсы болғанымен, біраз жөндеу жұмыстары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет